Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму

26.06.2015
19:25:11
0

Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Облыс халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі бойынша 2013 жылы республикада төртінші орынды алды (ҚР бойынша орташа – 3588 мың теңге).  Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуі 2013 жылдың қорытындысында – 102,8% (1880 млрд. теғге), 2014 жылдың 1 тоқсанында – 103,6% (497,6 млрд. теңге) құрады. 

72b78e1c568632b2e6db8becac6ca868.PNG

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1229,4 млрд. теңгенің өнімі өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 104,1% құрады

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,8% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1140,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,8% құрады.

Есепті кезеңде мұнай өндіру 8,8 млн. тоннаны немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,7% құрады. Табиғи газ өндіру 3,8%-ға (1071,3 млн. текше метр) төмендеді

ab7195d9d0342cb4c4b8b4896b104302.PNG

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі (саланың үлесі – 3,9%) 8,2%-ға өсіп, 48,0 млрд. теңгені құрады.

Машина жасауда – 2,4 есе, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,6 есе, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 3,8%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 6,1%-ға, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісінде – 3,1%-ға өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 33,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 110,3% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 7,7 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 97,7%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-мамырында 4669,2млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-мамырдағы деңгейден 13,3%-ға көп. Экспорт 4424,3 млн. АҚШ долларын (13,4%-ға ұлғайды), импорт 244,9 млн. АҚШ долларын (10,6%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2014 жылдың қаңтар-мамырында 4179,3 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар-мамырында – 3677,8 млн. АҚШ доллары).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың  1 жартыжылдығында 214,9 млрд. теңгені немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 23,1%-ға артық құрады.

adad21287a5790823e388c1191711d1d.PNG

Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (79,1%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (74,1%), көлік және қоймалау (8,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (7,2%) алады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі меншікті қаражат есебінен 182,4 млрд. теңгені немесе 84,9%, шетелдік инвестициялар есебінен – 1,7 млрд. теңгені (0,8%), қарыз қаражат есебінен – 16,4 млрд. теңгені (7,6%), бюджет қаражаты есебінен – 14,4 млрд. теңгені  (6,7%) құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша облыс (361,1 мың теңге) республика өңірлері арасында екінші орында тұр (ҚР бойынша орташа алғанда – 144,1 мың теңге).

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға ерекше назар аударылуда.

Бүгінге күнге елдің Индустрияландыру картасына Маңғыстау облысы бойыншажалпы сметалық құны 243 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 6,3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын 31 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 193,8 млрд. теңге болатын және жаңадан 6,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 29 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 221 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді.

2014 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР Президентінің қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында жаңа өндіріс – «Каспий Цемент» ЖШС пайдалануға берілді. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент өндіру.

2014 жылдың 2 жартыжылдығында сметалық құны 22 млрд. теңге болатын және жаңадан 463 жұмыс орны құрылатын 11 жобаны аяқтау жоспарланған, оның ішінде:

1)«Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС;

2) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ҮСК» ЖШС;

3) «№31 топтық өлшеу қондырғысының құрылысы»;

4)«Бес жылжымалы гелеполимерлік қондырғыны пайдалануға беру» «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ;

5) «Газ жетегі бар БНСС салу» «Қарақұдықмұнай» ЖШС;

6) «Электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясын салу»» «ТасболатОйлКорпарейшн» ЖШС;

7) «Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясын салу және пайдалануға беру» «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;

8) «Әктас ұнтағының өндірісі» «Атамекен» ЖШС;

9) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ДИС» ЖШС;

10) «Минералды цех салу» «Шетпе Сулары ЛТД» ЖШС;

11) «Жетібай ауылының ауданында киім тігетін және химиялық тазартатын цех салу» «Жанарыс» ЖШС;

2015 жылы жаңадан 987 жұмыс орнын құрумен 30,6 млрд. теңге сомасына 5 жобаны аяқтау жоспарланған.

Есепті кезеңде жалпы  ауданы279,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 30%-ға көп. Негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді.

5500c3609a5c5aec5cdab0545572e1f2.PNG

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында ағымжағы жылға республикалық бюджеттен – 700 млн. теңге, оның ішінде жалдамалы тұрғын үй салуға – 500,0 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200,0 млн. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен муниципиалдық (коммуналдық, жалдамалы) тұрғын үйлердің, оның ішінде Бейнеу ауылында төрт пәтерлік 6 тұрғын үйдің, Шетпе ауылында төрт пәтерлік 5 тұрғын үйдің, Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің (1-кезегі), Ақтау қаласының 32а шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32а шығын ауданында алпыс пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан басқа, өткен жылдардың 4290,5 млн. теңге көлеміндегі кредиттерінің есебінен кредиттік тұрғын үйлердің, оның ішінде Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 40 пәтерлік, 60 пәтерлік және 100 пәтерлік үш тұрғын үйдің Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде, сондай-ақ Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген. Бұл мақсатқа 4290,5 млн. теңге бөлінді.

Тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 2014 жылға барлығы 4189,4 млн. теңге (01.07.2014 жылға 1481,6 млн. теңге игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 2879,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1507,5 млн. теңге бөлінді.

Ақтау қаласының 33 шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйдің салумен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ айналысуда. Сондай-ақ, «Каспий» ӘКК»  Түпқараған ауданында ауданы 80 гектар күн электр станциясын салу, «Каспий» су тұщыту зауытын қайта құрылымдау, Индустриялық ацмақтар құру сияқты жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қолда бар ресурстардың, экономиканың тарихи қалыптасқан құрылымын, табиғи-климаттық жағдайларды, сондай-ақ біздің облыстың географиялық орналасуын есепке ала отырып, өңір экономикасы дамуының мына негізгі стратегиялық бағыттары айқындалды: бірінші – облыстың дәстүрлі базалық саласы – мұнай-газ саласын дамыту; екінші – мұнай сервистік кластерді дамыту; үшінші – көлік пен логистика; төртінші – құрылыс индустриясы; бесінші – туризм. Орталық мемлекеттік органдармен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 жоба іске асырылып, 16 жоба, оның ішінде 2014 жылы пайдалануға берілетін 5 жоба, 2015-2016 жылдары пайдалануға берілетін 11 жоба іске асырылу сатысында.

2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге, 2014 жылға – 1593,0 млн. теңге көздестірілген.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде қайта құрылымдау жобасы іске асырылуда.

«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесі бойынша 2014 жылдың 1 тоқсанында конкурстық рәсімдер болып өтіп, жұмыстар ағымдағы жылы басталды, 2016 жылы аяқталмақ.

«Жетібай-Жаңаөзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» автожолының «Жетібай-Жаңаөзен» учаскесін қайта құрылымдау бойынша конкурстық рәсімдерді ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығында өткізу және жұмылдыру жұмыстарын жыл соңына дейін қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді.

Бейнеу станциясы – Тассай станциясы учаскесінде «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін салу жобасы іске асырылуда. Бүгінге негізгі магистраль жолының жоғарыдағы құрылысын төсеу аяқталып, станциялық жолдардың құрылысы (топырақпен көму), жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Поездардың жұмыс жүрісін ағымдағы жылғы қыркүйекте ашу жоспарлануда.

Автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 5,5 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы басталды.

Облыстық бюджет қаражатының есебінен «Ақтау-Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Құйылыс» автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43-километріне дейін» автожолын орташа және күрделі жөндеу, «Ақтау-Қаламқас» автожолын орташа жөндеу жалғасуда. 

Ақтау қаласында автовокзал салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, оны концессия негізінде жүзеге асыру жоспарланған. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы конкурстық құжаттаманы әзірлеуі жүргізуде.

Ағымдағы жылы Бейнеу және Шетпе аулыдарында екі автостанция салуды бастау жоспарлануда, жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде дамытуды, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салуға әзірленген 9 жобаның ішінен «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу станциясын салу жобасы іске асырылып бастады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы –  397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678,0 млн.теңге бөлінді.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, жобаның стратегиялық әріптесі болуға ниет білдірген «Rixos Hotels» компаниясымен келіссөзздер жүргізуде.

Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың маусымында 2013 жылдың желтоқсанына – 105,1% (ҚР – 104,8%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,9% (ҚР – 105,5%), азық-түлік емес тауарларға – 105,9%(ҚР – 104,7%), ақылы қызметтер – 102,2% (ҚР – 104,1%) құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3309,3 млн. теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 101,3%.2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 11,3%-ға өсуі байқалады.  Түйе басы – 6%-ға, жылқы басы – 3,7%-ға, қой мен ешкі басы – 19,9%-ға төмендеді.

Облыстың мал шаруашылығы өнімділігінің әлсіз болуының негізгі себебі асыл тұқымды мал басының төменгі үлесі, сапалы жем-шөптің тапшылығы, мал басының көптеген бөлігінің халықтың жеке меншік шаруашылықтарында шоғырлануына байланысты күтіп-ұстау мен азықтандырудың қазіргі замандағы технологияларының жоқтығы болып табылады.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және балық өсіруді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 44,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 122,7 млн. теңге сомасына субсидиялар бөлінді.

Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясы – тамшылатып суаруды қолданумен 270 га жер қамтылған. Облыс бойынша жалпы ауданы 8,2 га 8 жылыжай жұмыс істейді. Облыс аудандарында тағы 4 жылыжай салу жоспарланған.

Әлеуметтік маңызы бара азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуін теже мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚшарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2014 жылғы  1 шілдедегі жағдай бойынша 32,1 мың бірлікті құрады немесе 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 6,4%-ға, 85,8 мың адамға дейін артты.

Екінші деңгейдегі банктермен 2014 жылғы 1 маусымға шағын бизнес субъектілеріне 5,7 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл 2013 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 15,2%-ға аз.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді.

Есепті кезеңде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Каспий» микро қаржы ұйымы» ЖШС 384,5 млн. теңге сомасына барлығы 107 микрокредит беріп, 151 жұмыс орны құрылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 3,65 млрд. теңге жалпы сомасына 24 жоба, оның ішінде «Бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыттың аясында – 3,6 млрд. теңге сомасына 13 жоба; кредиттерді кепілдендіруге – 69,1 млн. теңге сомасына 5 жоба (оның ішінде, мемлекеттік қолдау сомасы 17,2 млн. теңгені құрайды); мемлекеттік гранттар беруге – 8,3 млн. теңге сомасына – 3 жоба; жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге – 405,1 млн. теңге жалпы сомасына 3 жоба мақұлданды.

Оның ішінде Ақтау қаласында «Sofie Medgroup»/»Софи Медгрупп» көп бейінді клиникасын салу» жобасы – пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылындағы ЖК «А. Қилыбаеваның» «Байпақ-киіз өндірісі», Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы ЖК  «Ш. Абдуллаеваның» «Кондитерлік шағын цех құру», Түпқараған ауданың Форт-Шевченко қаласындағы ЖК «Н. Сақтағановтың «Тапсырыспен жиһаз шығару» сияқты жобалары – гранттар алуға мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке ала отырып ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша 13168 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 13092 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 501 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 434 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 7303 адам өтініш білдірді. 1953 адам жұмысқа орналастырылып, 1572 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының құрамына 1311 адам енгізілді, кәсіптік даярлауға 157 адам жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,4%-ды құрады (2013 жылдың 1 тоқсанында – 5,6%).

Халықтың әлеуметтік-әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында   2754 аз қамтылған тұрғынға 49 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 2778 балаға 22 млн. теңге сомасында  балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 679 азаматқа 11,1 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2014 жылдың мамырында 102227 теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс 20,3%-ға, нақты ақшалай табыс – 13,2%-ға ұлғайды.

Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2014 жылғы маусымда 22061 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-мамырында 202575 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңінен 17,3%-ға көп.

Мемлекеттік бюджеткеағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 176,3 млрд. теңге (өткен жылдың тиісті кезеңіне – 144,2%), оның ішінде республикалық бюджетке –  127 млрд. теңге (155,3%), жергілікті бюджетке – 49,3 млрд. теңге (121,7%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті (Ұлттық қорды есепке алғанда).

Облыстың 2014 жылға арналған нақтыланған бюджеті 141,6 мдн. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 97,6%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 93,8% құрады.

74d8e86630d94ff551f074a060dd78db.PNG

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытутұрғысында Жаңаөзен қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жақсарту және жылу энергиясының жоғалуын азайту үшін, бұрыннан бар жылу желілерін инновациялық технологияларды қолданумен өндірілген алдын ала оқшауландырылған энергия үнемдегіш құбырлардан жасалған 4 құбырлық жүйеге ауыстыру арқылы жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

103,3 млн. теңге Ақтау қаласының магистралды жылумен жабдықтау желісін салу және қайта құрылымдау (2-кезек – 14 шағын аудан) көздестірілген.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін салу және Ақтау қаласының 33 «Аққу» шағын ауданында жол жиегіндегі аумақтарды абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, өткелдер, жаяу жүргіншілер аймақтары және тротуарлар) жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджттен 608,6 млн. теңге бөлінді.

«Ақбұлақ» бағдарламасының аясында облыстың ауылдық елді мекендерінің сумен жабдықтау жағдайын жақсартуға 2014 жылға республикалық бюджеттен 4153,8 млн. теңге бөлінді. Осы қаражаттың есебінен Бейнеу ауданында поселкеішілік су құбырының (1-3 учаскелер), Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылыстарының, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында, Жетібай станциясында және Жетібай ауылында су құбырларының жетіспейтін желілерінің, Түпқараған ауданының С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбырының және резевуардың, Мұнайлы ауданының Дәулет ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңғырту жалғасуда. Ағымдағы жылы № 1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандарда су құбырының желілері бойынша жұмыстар аяқталмақ. №3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандағы өздігінен ағатын канализациялық желілерді, №12 жолдың бойындағы өздігінен ағатын коллекторды және №1А, 2, 5, 10 КСС-ның арынды коллекторларын қайта жаңғырту жұмыстарын бастау көздестірілген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бағдарламасының аясында облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2014 жылға 650 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 2, 3 және 3 А шағын аудандарындағы көп пәтерлік 10 тұрғын үйді жөндеу көздестірілген.

Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылға 41,7 млрд. теңгені құрайды (2013 жылға қарағанда 11,5%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 6264,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2384,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3878,0 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан бері Қарақия ауданының Болашақ және Бостан ауылдарында өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен салынған және Мұнайлы ауданының Баянды ауылында демеушілік қаражат есебінен салынған 380 орындық 3 балабақ аяқталып, пайдалануға берілді.

Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылындағы 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылындағы 200 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің, Форт-Шевченко қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің ғимаратына жапсарламаның; Бейнеу аудынының Бейнеу ауылындағы 80 және 140 орындық, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылындағы 140 орындық; Мұнайлы ауданының Атамекен, Дәулет және Маңғыстау-5 ауылдарындағы әрқайсысы 280 орындық, Түпқараған ауданының Форт-Шевченк қаласындағы 140 орындық және Қызылөзен ауылындағы 50 орындық балабақшалардың құрылысын аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған. 

Қарақия ауданының Жетібай станциясы мен Құланды ауылында әрқайсысы 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында авариялық мектептердің орнына 1200 орындық орта мектептер; Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандарында және Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша, Ақтау қаласында 280 орындық балабақша салу көздестірілген.

13 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен  2104,8 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге облыста 26753 баланы жалпы қамтитын 190 мектепке дейінгі мекеме (оның ішінде, 145 мемлекеттік, 45 жеке меншік) жұмыс істейді.  2014 жылдың басынан бері қайтадан пайдалануға берілген, қайта қалпына келтірілген және жеке меншік балабақшалар есебінен 1009 орындық 7 балабақша ашылды. Облыс бойынша 1-ден 6-ға дейінгі жастағы балаларды балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту – 40,4%, мектепалды даярлықпен және алғашқы үйретумен қамтылған балаларды есепке алғанда 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балаларды қамту – 81% құрайды.

ҰБТ-ге қатысқан оқушылардың саны2507 адамды немесе түлектердің жалпы санының 63,2%-ын құрады (2013 жылы – 2672 немесе 59,4%). Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың 71 қатысушысы ҰБТ-ден босатылды (2013 жылы – 46). Білімінің «Алтын белгіге» сай екенін растаған оқушылар саны – 40 оқушы (2013 жылы – 29).

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,5 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 970,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 384,4 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы жапсарламасының және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхананың құрылысы аяқталып, Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілген.

2014 жылдың қаңтар-маусымында балалар өлімінің деңгейі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 9,5-ті құрады (ҚР бойынша – 10,6). Ана өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың 1 жартыжылдығында – 1), деңгей 100 мың тірі туғандарға 11,0-ді құрады (ҚР бойынша – 11,8). Есепті кезеңде қиын жағдайдағы 108 әйел құтқарылып алынғанын атап өту қажет.

Өткізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың нәтижесінде туберкулезбен ауыру 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы 100 мың халыққа шаққандағы 35,7-ден 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 32,5-ке дейін азайды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан науқастануды 23%-ға (100 мың халыққа шаққанда 615,5-ке дейін) және өлуді 43,8%-ға (100 мың халыққа шаққанда 26,0-ге дейін) төмендетуге қол жеткізілді.

Облыс әкімінің гранттары бойынша республиканың медициналық ЖОО-да 240 студент оқиды, 2014 жылы гранттардың санын 60-қа дейін арттыру жоспарлануда. Облысқа ЖОО-ын бітірген 77 түлек келіп, жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 28 маман ауылдарға жолданды.

Мәдениет саласындағы объектілерді салуға және ЖСҚ әзірлеуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 643 млн. теңге бөлінді. Шебір ауылында 200 орындық ауылдық клубтың, Түпқараған ауданының Таушық ауылында Мәдените үйінің, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында С. Қондыбай атындағы мұражайдың құрылысы басталып, Қарақия ауданының Аққұдық ауылында ауылдық клуб, Маңғыстау ауданының «Отпан тау» этнографиялық-мемориалдық кешенінде киіз үйлер алаңы мен стационарлық сахна, жауын-шашын канализациясын, автотұрақ, екі пәтерлік тұрғын үй салу көздестірілді.

Маңғыстау ауданының Жармыш ауылында кітапхана мен 200 орындық Мәдениет үйін, Шетпе ауылында орталық аудандық кітапхана, Құрық ауылында орталық кітапхана, Мұнайлы ауданында кітапханалары бар 4 ауылдық клуб, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында Мәдениет үйін салуға, Форт-Шевченко қаласындағы «Мұрын жырау» мұражайын, Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының үлкен залын, 13 тарихи мәдени ескерткіштерді қайта құрылымдауға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Мердігерлік қаражат есебінен Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылында ауылдық клубтың құрылысы басталды.

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенін, «Отпан тау» этнографиялық-мемориалдық кешеніндегі «Ақсарай» мұражайын күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағатының аясында 4 мәдениет объектісін күрделі және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 76,7 млн. теңге бөлінді.

Музыкалық-драма театрының ұжымы 2014 жылдың 1 жартыжылдығында Түркменстан Республикасының Ашхабад қаласында әлемнің 14 елінен келген ұжымдардың қатысуымен өткен «Бақытты дәуірдің театр өнері» атты ІІ Халықаралық театр фестиваліне қатысты.  Облыстық қуыршақтар театры Молдова Республикасының Кишинев қаласында өткен «Гугуцэ» атты VІІІ Халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, үздік атанды.

Украин халық жазушысы Т.Г. Шевченконың 200 жылдығына арналған Халықаралық конференция, «Нұр-Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Береке басы - бірлікте» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту тұрғысында облыстың кешкі мектептеріндет өзге ұлттардың 18  өкілі үшін қазақ тіліне оқытатын тегін курстар ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысында облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы шығыс құжаттарда мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші 91,8% құрады.

Спорт саласында барлық спорт түрі бойынша Қазақстанның құрама командаларына 200-ден астам спортшы алынды. Облыс әкімінің шешімімен құрамында 45 боксшы айналысатын «Маңғыстау» бокс клубы құрылып, ағымдағы жылғы қаңтардан бастап жұмыс істеуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында, облыс халқын тартумен бұқаралық іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін 3,0 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге облыста 518 спорт құрылысы, оның ішінде ауылда 236 объект бар. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Маңғыстау ауданының Шебір және Тұщыбек ауылдарындағы спорт залдардың құрылысы аяқталып, Түпқараған ауданының Таушық ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ауыл халқын спорт объектілерімен қамтамасыз ету үшін, облыстың ауылдық елді мекендерінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДШСК), 10 спорт зал және 11 спорт алаңын салу үшін дайын жобаларды байластыруға жергілікті бюджеттен 86,4 млн. теңге бөлінді. ДШСК-ін 2015-2016 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен салу жоспарлануда.

Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып қала беруде. Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті бюджеттен 2014 жылға 274,8 млн. теңге бөлінді.

«Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру жұмысы жалғасуда. Қалдықтар қоймасына жыл сайын Ақтау қаласының 6,3 млн. текше метр тазартылған шаруашылық-фекальдық суы  айдалады. «Қошқар ата» қалдықтар қоймасының іргелес жатқан аумақтардың экологиялық жүйесіне тигізетін әсерін ғылыми зерттеудің 3-кезеңі іске асырылуда.

«Маңғыстау облысының теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңізінің жағалық аймақтарына техногендің әсерін бағалау», «Ақтау қаласының жағалауындағы Каспий теңізінің қайраң аймағында жасанды рифтер жүйесін құруға ТЭН әзірлеу» атты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 9 риф орнатылды. Жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Құм тоқтату мақсатында Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Қарақия ауданының Жетібай станциясы, Болашақ, Бейнеу ауданының Боранқұл және Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдарында қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарын салуға ЖСҚ әзірленуде.

Жаңаөзен қаласының экологиялық паспортын әзірлеу жүргізілуде, Ақтау қаласының экологиялық паспортын жаңарту, Мұнайлы ауданының экологиялық паспортын әзірлеу көздестірілген.

Халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәіртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Облыс аумағында 2014 жылдың 1 жартыжылдығында тіркелген қылмыстар санының 2013 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 8,7%-ға төмендегені (3383-тен 3089-ға дейін) байқалады.

Аса ауыр қылмыстар саны – 29%-ға,  ұрлықтар саны – 9,7%-ға,  бұзақылықтар саны –12,5%-ға,  қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны – 3,1%-ға,  кәмелетке жетпегендер жасаған қылмыстар саны – 8,2%-ға қысқарды.

Ауыр қылмыстардың ашылуы – 60,7% (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға өсті), аса ауыр қылмыстардың ашылуы – 75,8% (2,7%-ға), кішігірім ауырлықтағы қылмыстардың ашылуы – 57,0% (8,5%-ға), орташа ауырлықтағы қылмыстардың ашылуы – 35% (6%-ға) құрады.

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны – 14,6%-ға (170 ЖКО), онда өлгендердің саны – 11,5%-ға (46 адам), жарақат алғандардың саны – 18,5%-ға (207 адам) төмендеді.

Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық нығайтуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 1507,5 млн. теңге бөлінді. Бүгінге Ақтау қаласында 25 бейнебақылау жүйесі орнатылған, әкімшілік полиция қызметкерлерін бейнетіркегіштермен, планшеттермен және өзге құрал-жабдықпен жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға 2014 жылы 12,9 млрд. теңге жалпы сомасында,оның ішінде республикалық бюдждеттен – 5,9 млрд. теңге (4,5 млрд. теңге – нысаналы трансферт тер, 1,4 млрдү теңге – үлгілік әскери қалашық пен өрт депосын салуға арналған республикалық қаражат), жергілікті бюджеттен – 2,5 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 4,4 млрд. теңге (3,8 млрд. теңге – медициналық емдеу орталығын салуға арналған «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты және 2014 жылға арналған келісім аясында 636,6 млн. теңге) бөлінді.

Бөлінген қаражатты игеру 01.07.2014 жылға 3,2 млрд. теңгені немесе есепті кезеңге арналған жоспарға 86%-ды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатын игеру – 933,6 млн. теңгені (98%), республикалық бюджет қаражатын игеру – 2,2 млрд. теңгені (81%) құрады.

Жоспар аясында ағымдағы жылы 22 инвестициялық жоба, оның ішінде өткен жылдардан қалған ауыспалы 11 жоба, жаңа 11 жоба іске асырылуда.

2 жобаның, оның ішінде:

- қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатының;

- 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысын іске асыру аяқталды.

Ағымдағы жылы мына 8 жобаны аяқтау жоспарлануда:

- «Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу;

- бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау және кеңейту;

- «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату;

- «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салу;

- КТҚ салу (1-кезек);

- әскери қалашық салу;

- Жаңаөзен қаласында әскери комиссариаттың ғимаратын салу;

- ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 60 және 100 пәтерлік (пәтерлік үлгідегі жатақхана) екі тұрғын үй салу.

Шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда (4-кезең).

Жаңа жобалардың ішінен 8 жобаны іске асару басталды, олар:

- еділ суын ауыз су сапасына дейін дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу (тәулігіне 30 мың текше метр);

- «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарын сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу;

- көшелерді жарықтандыру желілерін салу және кеңейту;

- 5 спорт құрылысын салу;

- Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық стационары бар медициналық орталық салу («ӨМГ» АҚ қаражаты);

-Жаңаөзен қаласының ішіндегі жолдарды салу және қайта құрылымдау;

- әрқайсысы 320 орындық 4 балабақша салу.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы іс жүзінде 1425,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 134,9 млн. теңге (оның ішінде – 104,0 млн. теңге – «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты) бөлінді. Игеру 01.07.2014 жылға 772,1 млн. теңгені құрады. Бөлінген қаражаттың аясында мына іс-шаралар көздестірілген:

1) Жаңаөзен қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – 257,6 млн.теңге(республикалық бюджеттің қаражаты), оның ішінде:

- Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерін субсидиялау – 48,0 млн. теңге. 896,2 млн. теңге субсидиялау сомасына 7 жоба мақұлданды;

- жаңа өндірістер құруға гранттар беру – 15,0 млн. теңге. 8,1 млн. теңге сомасына 3 жоба мақұлданды;

- моноқаладағы кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу бойынша шаралар көрсету (5 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобасы) – 69,4 млн. теңге;

- кәсіпкерлерді микрокредиттеу – 125,2 млн. теңге. Қаражат толықтай «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на аударылды;

2) Жаңаөзен қаласында инженерлік инфрақұрылымды дамыту –  1 168,2 млн.теңге (республикалық бюджет – 1033,2 млн.теңге, жергілікті бюджет – 134,9 млн.теңге), игеру – 604,4 млн. теңге, оның ішінде:

- Теңге мен Қызылсай ауылдарын абаттандыру – 97,1 млн. теңге;

- «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру – 409,4 млн. теңге;

- Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейін ВЛ-6 кВ әуе желісін салу – 83,5 млн. теңге;

- Жаңаөзен қаласының қалашілік автомобиль жолдарын салу – 251,8 млн. теңге;

- Қызылсай ауылының автомобиль жолдарын салу – 267,0 млн. теңге;

- Жаңаөзен қаласының «Мамыр» (Арай-2) шағын ауданында темір жол депосына апаратын автомобиль жолын салу – 59,5 млн. теңге.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытының аясында 2014 жылға 1423,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер көздестірілді. Осы қаражаттың есебінен облыстың 31 ауылдық елді мекенінде 731 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, қайта құрылымдау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 89 жоба іске асырылуда.

Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында облыстың ауылдарын жайластыру үшін республикалық бюджеттен 685,9 млн. теңге бөлінді.  17 ауылдық елді мекенде 41 жоба іске асырылып жатыр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарлары әзірленді.

Барлық Кешенді даму жоспарлары мен облыстық Іс-шаралар жоспары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы №17/253 шешімімен бекітілді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысын орындау үшін Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Бейнеу ауданының Тәжен, Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарының) әзірленді. Жоспар барлық мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыс әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №108 қаулысымен бекітілді.

Өңір экономикасының одан әрі серпінді дамып келе жатқанын екенін дәлелдейтін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары осындай. 


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz