Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігі Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылғы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Маңғыстау облысындағы айрықша талап етілген тауарлар экспорты-импортына талдау жасап, облыс аумағында жүзеге асыруға 5 жоба ұсынылды.

26.06.2015
19:25:21
0

Маңғыстау облысы әкімдігі Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылғы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Маңғыстау облысындағы айрықша талап етілген  тауарлар экспорты-импортына талдау жасап, облыс аумағында жүзеге асыруға 5 жоба ұсынылды.

1. Автокөлік шинасын өндіру (Презентацияны жүктеу) ;

2. Тақталар өндіру (жол төсеніші, жаяу жол, қаптама үшін) (Презентацияны жүктеу);

3. Синтетикалық каучук өндіру (Презентацияны жүктеу);

4. Бекіту бұйымдарын өндіру (Презентацияны жүктеу);

5. Жеңіл автокөлік өндіру (Презентацияны жүктеу).

Жеңіл автокөлік өндіру бойынша жоба.

Маңғыстау облысы импортын талдау нәтижесі бойынша облыс тұрақты негізде автокөлік сатып алуда. Осыған байланысты облыс аумағында, Қазақстан бойынша сатуға, сонымен қатар жалпы экспорт көлемін ұлғайту мақсатында облыста талап етілген және көп сатып алынатын автокөлік маркасын жинау өндірісін жөнге салу қажет. Оған қоса автокөлік жасау өндірісі терең болған сайын металлургия және құбыр өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, радиоэлектроника, қозғалтқыш жасау өндірістерінде жұмыс орны арта түседі. Әлемде көлік өндірісіндегі бір орын шектес салалардағы жеті орынды қамтамасыз етеді.  

Автокөлік шиналарын өндіру бойынша жоба.

Маңғыстау облысында өндірістің келешегі мол бағыттардың бірі – автокөлік шиналары өндірісі. Сонымен қатар келешекте Қазақстан және шет елдерге өткізу мүкіндігі зор. 2010 жылдың өзінде Маңғыстау облысына (жүк автокөлігін есептемегенде) жеңіл автокөлік шинасының 30 000 жуық данасы импортталды. Сол жылдың Республика бойынша көрсеткіші – 2,3 млн. дана. Жылына Маңғыстау облысына шинаның ірі көлемі импортталады. Дегенмен облыста  өз бетінше шина жасауға барлық мүмкіндіктер мен ресурстары бар.

Синтетикалық каучук өндіру бойынша жоба.

Маңғыстау облысы аумағында импортталатын шинаның тұрақты  сұранысына байланысты резеңкеге бастапқы шикізат – синтетикалық каучук өндірісін ұйымдастыру қажет. Каучуктен автокөлік шиналарын шығарып қоймай, авиация, велосипед шиналарын шығаруға пайдаланады. Сонымен қатар каучуктен ғимарат ажыратқыштарына, санитарлы және ауа тазартқыш техникаға, гидравликалық, пневматикалық және вакуумдық техникаға арнайы резеңкеден түрлі жылуды, дыбысты, ауаны, гидрооқшаулық тығыздауыштар жасайды. Осылайша синтетикалық каучук өндірісі біздің облыс үшін перспективалық бағыт болып табылады.

Тақталар өндіру бойынша жоба (жол төсеніші, жаяу жол, қаптама үшін)

Маңғыстау облысы бойынша аса талап етілген тауарлар импортын талдау көрсеткендей, облыс тарапынан жолға төселетін тақталарды үлкен топтамамен тұрақты сатып алу жылдан - жылға өсуде. Импорттың мұндай оң  динамикасы кеден одағына кірмеген мемлекеттерде де сақталып тұрғанын атап өткен жөн. Яғни, біз тақтаны өнімнің өзіндік құнынан бірнеше есе жоғары бағамен сатып алудамыз, Сондықтан тақталарды Маңғыстау облысында өндіре отырып біз облысты және Қазақстанды камтамасыз етіп қоймай, импортты алмастыруды жоғарылата отырып экспортқа да бағыттай аламыз.

Бекіту бұйымдарын өндіру бойынша жоба.

Қазіргі таңда құрылыс қарқыны мен автокөлік санының өсуіне байланысты үдемелі бекіту жүйесіне сұраныс артып келеді. Бекіту бұйымдарының басым бөлігі Қытай, Беларусь Республикасы, Ресей, Украина елдерінен әкелінеді. Дегенмен, көбінесе сырттан келген бекіту бұйымдарының беріктігі төмен, қорғаныс қабаттары жоқ және қарапайым болып келетінін айта кету қажет. Бекіту бұйымдарының отандық өндірісі жеткілікті деңгейде сұранысқа төтеп бере алмағандықтан, өнімнің бұл категориясында импорт басым. Сондықтан бекіту бұйымдарын Маңғыстау облысында өндіруді ұйымдастыру арқылы, келешекте облыста, Қазақстанда өткізу және экспорттай отырып импортты алмастыруды жоғарылатуды өткізуге негіз бар.

Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz