Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже

26.06.2015
19:25:23
0

Маңғыстау облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Маңғыстау облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

1. Үйлестіру кеңесі Маңғыстау облысында үдемелі индустриялық саясатты іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік даму институттарының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 

2. Үйлестіру кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалары мен осы Ережені басшылыққа алады.

4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсыныс сипатын алады.

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

1) үдемелі индустриялық-инновациялық даму көзқарасымен, дамуы маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты қосалқы салалары мен секторларын анықтау;

2) өңір экономикасын қамтамасыз ету үшін қажетті үдемелі индустриялық -инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шараларын іске асыру.

6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында:

1) басымдықты бағыттар аясында нақты инвестициялық жобалар бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қаржы институттарының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің бірлескен іс-қимылын әзірлеу;

2) жергілікті атқарушы органдардың, қаржы институттарының, жеке компаниялардың келісілген инвестициялық саясатын, өзара тиімді ақпарат алмасуларын және инвестициялық және инновациялық саясаттарды бірлесіп іске асыруды қамтамасыз ету; 

3) инвестициялық ахуалды жетілдіру және өңір экономикасының шикізаттық емес секторында тікелей шетел инвестициясын тарту бойынша жұмыстар тиімділігін арттыру; 

4) өндірістік күштерді тиімді орналастырудың өңірлік Схемасын әзірлеу және бекіту;

5) бизнес-бастамалар мен инвестициялық жобаларды тексеру;

6) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшеміне қатысты ұсыныстар әзірлеу бойынша функцияларды атқарады.

3. Үйлестіру кеңесінің құқығы

7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде мынадай құқықтары бар:

1) Үйлестіру кеңесі мәжілісіне, оның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар өкілдерін шақыру және тыңдау;

2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшылар мен мамандарды тарту; 

3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар сұрату;

4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

5) Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің қарауына өңірдің индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен республикалық деңгейде қарауды талап ететін нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат енгізу;  

6) өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құру; 

7) үдемелі индустриялық саясатты іске асыруға байланысты басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

8) Үйлестіру кеңесі мәжілісінің хаттамасын бекіту;

9) Үйлестіру кеңесінің, өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарының жұмыс жоспарын бекіту. 

4. Жұмысын ұйымдастыру

8. Үйлестіру кеңесі құрамына Маңғыстау облысының әкімі, «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі, құзыретіне заңнамаларға сәйкес облыс экономикасының индустриялдық даму мәселелерін шешу кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері, сондай-ақ келісімдері бойынша ұлттық компаниялар, екінші деңгейлі банктер мен қоғамдық кәсіпкерлер бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

9.Үйлестіру кеңесіне, оның қызметін басқаратын, мәжілістеріне төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға – Маңғыстау облысының әкімі жетекшілік жасайды.

Төраға болмаған уақытта оның функциясын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары - «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы атқарады.

10. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Маңғыстау облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады.  

11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесі жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.  

12. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы:

1) күн тәртібін қалыптастырады;

2) Үйлестіру кеңесінде қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады; 

3) мемлекеттік органдармен және өзгеде ұйымдармен енгізілген ұсыныстарды Үйлестіру кеңесінде қарауға қалыптастырады;

4) Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылайды; 

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар сұратады;

13. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды, мәжілістерін өткізуге дайындықты, тиісті құжаттар мен материалдар дайындауды, Үйлестіру кеңесі мәжілісінен соң хаттама ресімдеуді Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

14. Үйлестіру кеңесі мәжілісінің материалдары Үйлестіру кеңесі мәжілісіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үйлестіру кеңесі мүшелеріне жолданады.  

15. Үйлестіру кеңесінің мәжілісі, төрағамен Үйлестіру кеңесінде қарауға ұсынылған материалдар негізінде өз бастамасы, Үйлестіру кеңесі төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша немесе Үйлестіру кеңесі мүшелерінің бастамасы бойынша шақырылады.

16. Үйлестіру кеңесінің мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және егер мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса заңды болып есептеледі. Үйлестіру кеңесінің мүшелері мәжілістерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.  

17. Үйлестіру кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша шешім қабылданады, хаттама ресімделіп, төраға мен хатшы қол қояды. 

18. Үйлестіру кеңесінің шешімі мәжіліске қатысқан мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға, берген дауыс қабылданған шешім болып есептеледі.  

5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын тоқтату

18. Үйлестіру кеңесінің жұмысын тоқтату үшін облыс әкімінің қаулысы негіз болып табылады.

 

Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz