Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 03.11.2015
Просмотров: 36

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

КҚКО ғимаратында жалпы тіркеу бөлімі, үлкен операциялық зал, оқытуға арналған екі мәжіліс залы, кең кабинеттер, бизнесін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер үшін бизнес-инкубатор бар.

Тіркелу барысында (ресепшн)  кезек күтуді болдырмау үшін әр клиенттің онлайн тіркеуден өте алуына мүмкіндік беретін терминал орнатылған.

 Операциялық залда консультанттардың көмегімен  заң саласындағы сұрақтары, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік, салық және статистикалық есепке алу, сапа жүйесін енгізу, кедендік рәсімдеулер, маркетинг, менеджнет және қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша тегін сервистік қызмет көрсетілетін болады.


Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің сапалық және сандық жағынан өсуіне жағдай жасайды, бұл өз тарапында барлық облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетін болады.


Орталықта бизнесті жүргізуде туындайтын барлық мәселелері бойынша «Каспий» шағын несие беру ұйымы», екінші деңгейлі банктер, Маңғыстау индустриалдық палатасы ЗТБ, «Ақтау теңіз порты» АЭА АҚ жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ тәрізді қаржылық ұйымдар мен институттардың өкілдері кеңес беретін болады.

Сонымен қатар, КҚКО-да қалалық сәулет және құрылыс, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің, тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, әділет департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік кіріс департаменті, «ҰСжСО» АҚ, Каспий аймақтық сертификаттау орталығының мамандары жұмыс істейтін болады.  Бизнесін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер үшін сыйымдылығы 50 адамдық Коворкинг-орталық қарастырылған.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы