Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ қызметі

26.06.2015
19:25:58
0

«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік тілді басым дамыта отырып, өңірде мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, Маңғыстау облысының аумағында мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету  болып табылады.

14. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: мемлекеттік органдардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және тілдердің қызмет аясы мен дамыту саласын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру  жөніндегі қызметін үйлестіру,Маңғыстау облысының аумағында мұрағат ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

15. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды  жүзеге асыру;

2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан

Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

4) өңірдегі тіл саясатының жай-күйіне мониторингін жүзеге асыру, «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен   құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеу және оларды тәжірибеде іске асырудың шараларын қабылдау;

6) тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжат жасау жөніндегі мәселелері бойынша өңірдегі мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, олардың қызметіне көмек көрсету;

7) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;

8) тіл саясаты мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

9) жұмыста жариялылықты қамтамасыз ету, тіл саясаты саласында Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы жөніндегі істің жай-күйі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын үнемі хабардар ету;

10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлеу;

11) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

12) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

13) ақпарат желісін құру бойынша жұмыс жүргізу және облыстың мемлекеттік  мұрағаттарында сақталатын Ұлттық  мұрағат  қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

14) Маңғыстау облысының тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;

15) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

16) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

17) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық – әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;

18) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

19) электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағаттарды енгізу;

20) мемлекеттік мұрағат құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорын құру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

21) облыстың мемлекеттік мұрағат желілерін кеңейту және оны басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын  іске асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпаратты сұратуға;

2) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мпен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігіне, жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;

3) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманың сақталуына тексеруді жүзеге асыруға;

4) ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) мұрағаттардың жұмысы және құжат жасаудың жай-күйі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

6) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

7) мұрағат ісі мен құжат жасау саласында консультация алу, проблемаларды зерделеу және шешу үшін, сондай-ақ құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысуы үшін ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды тартуға;

8) белгіленген тәртіппен айрықша құнды және бірегей мұрағаттық құжаттарға қатыстылығын айқындауға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот органдарына талап арыздар беруге;

10) өз құзыреті шегінде ведомствосына қарасты ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

17. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларын сақтауларын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz