Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қызметінің нәтижелері

30.01.2017
19:25:58
0

Мәдениет басқармасының 2016 жылғы қызметі туралы

Маңғыстау облысының мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелер жүйесінде 118 мәдениет желсі бар, оның ішінде 15 облыстық (2 театр, 1 концерттік ұйым, 2 кітапхана, 6 мұражай, 1 тарихи-мәдени қорық, 1 кинотеатр, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 1 «Отпан» тарихи-мәдени кешені), 103 қалалық және аудандық (64 кітапхана, 39 клуб) мәдениет мекемелері қызмет етеді.

Облысымызда мемлекеттік тізімінде тұрған 449 тарихи-мәдени ескерткіш бар, оның 21-і республикалық мағынадағы ескерткіштер.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі Комиссия жұмыс жасайды. Жыл ішінде ереже бойынша бір рет Кеңес отырысы және 2 рет Комиссия отырысы өткізілді. Жылдық жоспарға сәйкес, 15  маусымда және 21 желтоқсанда тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі Комиссияның, 21 қарашада тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің отырысы өтті.

Сонымен қатар есептегі кезеңде басқарма жанындағы Алқа мәжілісінде жоспарланған 4 мәселе қаралды.

Басқармада 2 атаумен мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олар: «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру». Есептегі кезеңде «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызметі бойынша 2 сұраныс түсіп, уақытылы орындалды. 

Басқарма әкімдік қаулысымен бекітілген еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2013-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мен Ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеуді ұйымдастыру, тарихи өлкетануды дамыту мақсатында қабылданған 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырды.

Үкіметтік емес ұйымдарменжұмыс бойынша ақындық өнерді дамыту мақсатында «Жыр-жебе ақындар мектебі» Қоғамдық Қоры жұмыстарын жалғастырды. 2016 жылы мектеп шәкірттерінің саны 8 адамға артты. Жас ақындарға республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегерлері Шалқарбай Ізбасаров пен Рүстем Қайыртайұлы шеберлікті шыңдау сабақтарын өткізді. Сонымен қатар жергілікті ғалым, ақын, сазгерлер тұрақты деңгейде дәріс берген. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жас ақындарды шешендік өнерге баулу, сөз саптауға шыңдау мақсатында «Егемен елім - Қазақстаным» атты шығармашылық кеш өткізілді. Ақындар мектебінің алғашқы қарлығаштары Әсем Қамысбаева, Ербол Жұмахан, Мадиасқар Қанжарұлы, Әмина Қайыпбаева тәуелсіздік жолындағы ата-бабалар арманы мен қазіргі бақытты жас ұрпақтың мақсаттары, тілектерін тілге тиек етіп, айтыс үлгісін көрсетті.  

  Облыстың клубтық мекемелерінде 369 клубтық құрылымдар жұмыс жасап, оған 7438 көркемөнерпаз мүшелері қатысады.

Облыста 44 «Халықтық» атаққа ие көркемөнерпаздар ұжымы қызмет етеді. Олардың құрамында 1197 қатысушы бар.

Облыс бойынша 2039 әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар өтті.

Орталықтың «Юность» кинозалында есептегі уақытта 1137 киносеанс қойылып, барлығы 24639 көрермен қамтылды.

Облыс тұрғындарына барлығы 66 кітапхана (оның 50-і ауылдық жерде) қызмет көрсетеді. Жыл ішінде жаңадан ашылған, жабылған немесе жекешелендірілген кітапхана болған жоқ.

  Облыс кітапханаларындағы барлық оқырман саны–100733. Оқырмандарға берілген кітап –1782199. Оқырмандардың келуі –832853.

Барлық кітап қоры – 1454565 құрады.

2016 жылы электрондық каталогке 42387 мәлімет құйылды.

Облыстағы бірден бір концерттік ұжым – М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы жыл ішінде 245  концерт беріп, 56693 көрерменді қамтыды.

Бүгінгі күні облыста 6 музей бар. Музейлер қорында 77001 жәдігер сақталуда. Жәдігерлердің басым көпшілігі облыстық тарихи-өлкетану (57143) музейінде.

  Музей қызметкерлері 108 көрме, 159 лекция, 2706 экскурсия өткізіп, 73632 адамды қамтыған.

Өлке ескерткіштерін насихаттау мақсатында тарихи-мәдени қорық мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарына, студенттерге, мектеп оқшыларына есептегі уақытта барлығы 448 экскурсия жүргізіп, олармен 11031 көрермен қамтыды.

  4-тарихи-мәдени қорымдағы 27 нысанға қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Олар: Түпқараған ауданындағы «Айғыр», Маңғыстау ауданындағы «Еліқажы қорымы», Қарақия ауданындағы «Айтман», Мұнайлы ауданындағы «Нұрмағанбет».

Театрлар есептегі уақытта 443 спектакль (Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры – 216, қуыршақ театры – 227)  қойды. Олар қамтыған көрермендер саны 61251 (сәйкес 32551  және 28700)  болды. Екі театр 10 жаңа қойылым қойды.

  2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 2016 жылғы көрсеткіштері толықтай орындалды.

Өткізілген ірі-мәдени шаралар.

М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның 40 жылдық мерей тойына арналған мерекелік концерт өткізілді;

- Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік  концерт жоғарғы дәрежеде өткізілді;

- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлеуметтік автопоезд Қарақия ауданының Аққұдық, Маңғыстау ауданының Шебір, Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын ауылдарына мәдени қызмет көрсетті;

- «Баба сарын бабауы» атты Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясының, Н.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы» және «Сейсем ата қорымының араб жазуындағы эпиграфикасы» атты жаңадан шыққан кітаптардың тұсау кесері ұйымдастырылып, өткізілді; 

- Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 40 жылдығына орай археология залының реоэкспозициядан кейінгі салтанатты ашылуы өтті. Шара барысында өңір бойынша ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеу мақсатында қабылданған 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары  аясында  С.Е.Әжіғалидің «Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері», М.С. Тұрсынованың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтары» атты кітапттары аудармасының тұсаукесері өтті.

- «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Амал мерекесі, 15 ш/а теңіз жағалауында Наурыз мерекесіне арналған шаралар ұйымдастырылып, өткізілді;

- Қалнияз Шопықұлы атындағы «Мен – Қалнияз деген күреңің!» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылып, өткізілді;

- Композитор, ұстаз, дәулескер домбырашы, қалың елін күйге бөлеген Қаршыға Амедьяровтың 70 жылдығына арналғанАбыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің «Түбек толғауы» атты концерті ұйымдастырылып, өткізілді;

- 27-ші наурыз күні «Халықаралық Театр күні» мерекесіне орай, мерекелік шара ұйымдастырылып, сахналық көріністер көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жыл сайынғы дәстүр бойынша Алматы қаласындағы М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академияда өткен Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының салтанатты жиынында театр әртісі Медғат Өміралиев «Жыл актері» номинациясы бойынша «Еңлікгүл – 2016» театр өнерінің кәсіби сыйлығының лауреаты атанды;

- Сәуір айының басында «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен жеке әншілердің «Жырыммен жарқыра туған елім» атты концерті Бейнеу ауданының Абыл атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Сонымен қатар осы айда А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі мен жеке әнші-күйшілердің «Түбек толғауы» атты концерті Түпқараған ауданында, Шайыр елді мекендерінде жалғасын тапты.

Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен  мұражай шаңырағы астында Чернобыль апаты  зардабын жоюға қатысқан маңғыстаулықтармен кездесу өтті.

Мамыр айында филармонияның жеке әншілері әскери білім беру орталығының Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырған іс шара қатысып, өнер көрсетті.

Дәстүрлі әншілер Сәбит Шектібаев, Әзімхан Баймағанбетов, Кәмшат Ізтілеуованың  «Ән-Арман» атты концерті Қызылтөбе елді мекенінде өткізілді.

Сонымен қатар «Құрмет» орденінің иегері Тамара Асардың «Елімнің Тәуелсіздігін жырлаймын» атты концерті Абай атындағы мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті.

Облыстық кітапханада мамыр айында «Тәуелсіздік туын биік көтерейік» атты әңгіме-сауал өткізілді. Кітапханашы Жылқыбаева Қ. Тәуелсіздік алған жылдан бастап 25 жыл бойы қазақстанның даму деңгейін айтып, жетістіктерімізге тоқталып өтті. «Ғасырларға жеткен жыр үні, Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы» атты көрмеге шолу жасалды.  

Қазақстандағы Түрікменстан елшісі М.Овезов, Әзірбайжан Республикасының елшісі Э.Зейналовтың қатысуымен «Триумф и сияние славы Махтымкули» атты кездесу кеші, кітап көрмесі өткізілді.

Мамыр айында облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізілген «Мәңгілік сапта» акциясы аясында Ұлы Отан соғысынан оралмаған ардагерлердің құжаттарын мұражай қорына салтанатты тапсыру шарасы өткізілді. Шара соңында «Мәңгілік алау» кешені жанындағы маңғыстаулық батырлар ескерткішіне  тағзым гүлін қойып, әуеге шар ұшыру  рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

- Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының шығармашылық ұжымы Форт-Шевченко қаласына, Қарақия ауданының Құрық, Жетібай ауылына және Бейнеу ауданына, Алматы облысына гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып, өткізілді.

1-маусым балаларды қорғау күніне орай филармония ұжымы «Бар мейіріміміз балаларға» атты концертін балалар үйі тәрбиеленушілеріне тарту етті. Сонымен қатар Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі мен жеке әншілер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясындағы «Туған ел бәйтерегім» атты концертін көрермендерге ұсынды.

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық деңгейде «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» этнографиялық  фестивалі, «Мерейлі отбасы» атты отбасылар байқауы, «Сырлы әлем» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шығармашылық байқауы, «Есірткісіз есті әлем» драма ұжымдарының байқауы, І.Шыртановтың 75 жылдық мерейтойына арналған көркемөнерпаздар оркестрлерінің облыстық байқауыұйымдастырылып, өткізілді.

- Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астана қаласында «ЖАҢҒЫРҒАН МАҢҒЫСТАУДАН – ЖАСАМПАЗ АСТАНАҒА» атты Маңғыстау облысының мәдениет күндері өткізілді.

- Республикалық деңгейде әнші Күріш Тасболатовтың 75 жылдық мерейтойына арналған Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылардың «Қайқылардан қалған саз» атты байқауы, М.Өскінбаев атындағы күйшілер конкурсы және Ә.Кекілбаев атындағы театр фестивалі ұйымдастырылып, өткізілді.

- Маңғыстау ауданындағы «Мемориалдық музейдің» жаңа экспозиция залы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қайта жасақталған «Қазіргі Қазақстан», «Жаң кезең тарихы» залдарының ашылу салтанаттары және «Мәңгілік ел» идеясы және С.Қондыбай мұралары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді. 

Қаржыландыру. 2016 жылы мәдениет саласын дамыту үшін бөлінген қаржы – 2,2 млрд. теңгені құрады (2015 жылы – 2,7млрд.).

Жалпы сомасы 60,9 млн. теңгеге 4 тарихи-мәдени ескерткішке реставрациялық жұмыстар жасалды, 22 нысанның қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары анықталып, жобасы жасақталды, 6 қорымға қоршау орнатылды.

Республикалық бюджеттен жол картасы 2020 бойынша 73900,0 мың теңге бөлініп, Бейнеу ауданындағы 10 нысанға және Қарақия ауданындағы 2 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz