Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыс

26.06.2015
19:26:07
0

Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыс

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия жанынан құрылған жұмыс тобы мемлекеттік мекемелерде тоқсан сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс тобының құрамына облыстық ішкі саясат басқармасының, Қазақстан сертификаттау және стандарттау институты филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің өкілдері кіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін кеңінен танымал ету мақсатында Маңғыстау облысында көптеген ірі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде ағымдағы жылдың 2-3 маусым күндері жастар арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық акциялар, «Отпан тау» тарихи танымдық, этно-мәдени кешенінде «Мен елімнің патриотымын!» атты шарасы, сурет байқаулары, білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің мәнділігін және білімін арттыруға бағытталған интелектуалдық ойындар өтті. Аталған шараларға шамамен 2000 адам қатысты.

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында облыс аумағындағы барлық еңбек ұжымдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен жұмыстарын бастады. 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық форумы өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында буклеттер шығарылып, акция ұйымдастырылды. Форумға мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, құрметті азаматтар және белсенді жастар қатысты. Аталған форумда мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге үлес қосқандары үшін этно-мәдени бірлестіктер өкілдері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан төс белгілер және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ, бүгінгі күннің ерлері, 2016 жылдың 18 ақпанында шамамен сағат таңғы 5:00 де 1976 жылы туған Гүльмира Куандыковна Буханова мен кәмелет жасқа толмаған 1998 жылғы туған қызы Адель Қуатқызы Куанованы өрттен құтқарған Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция қызметі батальонының рота командирі, капитан Нұрболат Көшкінбаев пен сержант Ғани Икрамов облыс әкімі А. Айдарбаевтың атынан сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, қазақстандық патриотизмнің шынайы өнегесі болып табылатын патриоттары - Наталья Горохова, Асхат Юсупов, Иманғазы Досмұханбетов, Серік Сариев марапатталды. Сондай-ақ, форум аясында жастардың қатысуымен 15х7 метрлік Мемлекеттік Туды қолдана отырып мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған флеш-моб ұйымдастырылды. Шараға 200-ден аса жаспен әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 3-4 маусым күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау мақсатында жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Орта толсын», «Ел ертеңі» бағдарламаларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сюжеттер шығарылды.

Сонымен қатар, облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздерге арналған тақырыптық бұрыштамалар орналастырылды.

Осы орайда, а.ж. 10 маусым күні Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысының өткенін атап айтқан жөн. Комиссия отырысында барлық мемлекеттік органдарға а.ж. соңына дейін Қазақстан Республикасының (989-2014 ҚР ҰС) Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа Ұлттық стандартқа сәйкес ескірген Мемлекеттік Елтаңбаларды ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік заңды тұлғаларға, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңының 4,6,8 баптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерге арналған экспозиция құру тапсырылды.

Одан әрі, Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыс бойынша барлығы 17, оның ішінде Ақтау қаласында – 4, Жаңаөзен қаласында – 3, Мұнайлы  ауданында – 2, Қарақия ауданында – 2,  Маңғыстау ауданында – 2, Түпқараған ауданында – 2, Бейнеу ауданында – 2 билборд орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін Маңғыстау облысы бойынша пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі 2016 жылға арналған іс–шаралар жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінде патриоттық акциялар, сынып сағаттары және басқа да көптеген патриотизм мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті асқақтататын іс-шаралар  өткізілді.


Толық ақпарат http://www.uvp.mangystau.gov.kz/kz/obsh_obedinenie/narod_v_potoke_istorii_/

Соңғы жаңарту : 2017-01-31 17:56:14

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz