Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қызметінің нәтижелері
Добавлено: 25.01.2017
Изменено: 03.11.2015
Просмотров: 212

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Маңғыстау облысы әкімдігінің (2002 жылғы 29 мамырдағы № 97) қаулысымен құрылған.

Басқарма Маңғыстау облысы аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқармада 15 қызметкер, оның 12-і мемлекеттік қызметкерлер бар.

Басқарманың қарамағында келесі ұйымдар бар:

1)  Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі;
2)  Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі;
3) 
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
4)  «Экологиялық зерттеу зертханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

5)  «Жасыл Әлем Маңғыстау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Басқарманың жұмыс жоспарында қарастырылды:

5 міндет:

1)  қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты асыру;
2) 
мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
3) 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
4)  су қорын пайдалану мен  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  саясатты жүзеге асыру;

5)  жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

26 іс-шара;

58 функции.

Басқарманың 1 бағыты: Экология және жер ресурстары.

2016 жылы түскені:

13 – өтініш;

4070 – Кіріс хаттар;

1974 – Шығыс хаттар;

2272 – мемлекеттік қызмет көрсетілді;

(барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған түрде көрсетілді).

2016 жылдың І жартысында II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға 595 рұқсат және 1259 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары берілді.

2016 жылдың І жарты жылдығында қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке 827 млн. 885,106 мың теңге, айыппұлдан жергілікті бюджетке 16 млн. 758,88 мың теңге түсті.

2016 жылға табиғат қорғау шараларына 941 млн. 928 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде:

Іс-шараның атауы

Қаражат жұмсалды %

1

"Қошкар-Ата" қалдық қоймасының мәселелері

15%

2

Құм басумен күресу

35%

3

Елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту

14%

4

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану

8%

5

Жануар әлемін және табиғи ортаны қорғау

14%

6

Қатты-тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды басқару

12%

7

Экологиялық білім және ағарту

2%

1.Ауа бассейнін қорғау

Ақтау қаласында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 4 стационарлық бекеттерінде жүргізіледі: бақылау бекеттерінің орналасқан жері және анықталатын қоспалар слайдта көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 2 стационарлық бекеттерінде жүргізілді.

Бейнеу ауылыы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 1 стационарлық бекетінде жүргізілді.

"Қошкар-Ата" қалдық қоймасын бақылаулардың деректері бойынша ластаушы заттардың концентрациясы слайдта көрсетілген.

Баутина ауылын бақылаулардың деректері бойынша ластаушы заттардың концентрациясы слайдта көрсетілген.

Дунга және Жетібай кен орындарында атмосфера ауасындағы өлшенген заттардың максималды концентрациясы, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, аммиак, күкірт қышқылы және жиынтық көмірсутегі шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспайды.

Атмосфераның ластану деңгейін төмендету үшін келесі іс-шаралар жүргізілді:

- табиғат пайдаланушылармен жоспарланған табиғат қорғау іс-шараларды сақтау және орындау;

- газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарының санын ұлғайту;

- елді мекендерді көгалдандыру;

- коммуналдық және жеке сектордың қазандықтары мен пештерін газ отынына аудару;

- облыстық мәслихатпен 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бекітілген.

Атмосфераның ластану индексінің (АЛИ) динамикасы 1 диаграммада көрсетілген. "Қазгидромет" РМК-ның мониторинг деректері бойынша республиканың басқа қалаларымен салыстырғанда Ақтау қаласы АЛИ көрсеткіші айтарлықтай төмен, Мысалы, Лисаковск АЛИ= 68,3; Арқалық АЛИ=40,3; Ақтөбе АЛИ=29,9; Қарағанды АЛИ=25,6.

2. Су ресурстарын қорғау бойынша жұмыс

Маңғыстау облысы бойынша жер үсті су ағындары жоқ. Аймақтың су ресурстарына жер асты сулары мен Каспий теңізі акваториясы жатады.

Халықаралық Каспийдің күнін тойлау аясында жыл сайын мерекелік іс-шаралар өтеді, сондай-ақ каспий маңы мемлекеттер өкілдерінің мен беделді халықаралық ұйымдардың қатысуымен Каспийдің биоресурстарын сақтау мәселелері бойынша "Дөңгелек үстелдер" өткізіледі.

2016 жылғы 11-12 тамызда Ақтау қаласында Маңғыстау облысының Әкімдігімен, ҚР энергетика Министрлігімен және Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау Негіздемелік конвенция (Тегеран конвенциясы) Хатшылығымен мұнаймен ластануды тудыратын қақтығыстар  жағдайында өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы Хаттаманың күшіне енуіне байланысты каспий маңы елдері өкілдерінің Аймақтық кеңесі өтті.

Табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  Экологиялық зерттеу зертханасы күшейді және кеңейді. Бар 2 бөлімнен басқа жаңа бөлім ашылды және аккредиттелген –гидробиология бөлімі, ол Каспий теңізі гидрофлоры және гидрофауны жай-күйін зерттеуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы зертхана теңіз порттары мен Маңғыстау облысының мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңізінің жағажай аймағына техногендік әсерін бағалау бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізді. Атқарылған жұмыс туралы қорытынды есептер анықталған экологиялық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша экология Департаменті мен Маңғыстау облысы бойынша геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына, мамандандырылған табиғат қорғау прокурорына жіберілді.

Ақтау қаласы жағалау аймағында бұрын орнатылған рифтерді бақылау жалғасады және қалалық су асты дайвинг-парк құру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

2015 жылы Маңғыстау облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін жергілікті бюджетке - 82 490,4 мың теңге және 2016 жылға– 80 571,0 мың теңге жоспарланып отыр.

2015 жылдың соңына дейін балық аулауды ұйымдастыру ауыл шаруашылығы басқармасы айналысты, 2016 жылдың басынан бастап, бұл функция Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына берілді (Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.08.2015 жылғы № 09-05/129 хаттамасы).

2015 жылы облыста жағажайлық балық аулаумен 15 шаруашылық жүргізуші субъектілер, 123 балық аулау бригадалары, 434 балықшы айналысты.

Облыста мұздатқыш және тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған 7 балық қабылдау пункттері қызмет етті. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша балық сатуға 28 сауда орындары бар.

2016 жылы облыста жағажайлық балық аулаумен 17 шаруашылық жүргізуші субъектілер, 127 балық аулау бригадалары, 555 балықшы айналысады.

Сондай-ақ, биылғы жылы бекіре өсіру мақсатында шарбақты балық шаруашылығын жүргізу үшін 2 балық шаруашылығы учаскесі бекітілген. Оның бірі – ауданы 3500 га (ұзындығы 5,3 км, ені 6,6 км) Кендірлі шығанағында орналасқан, "Caspian Riviera"ЖШС бекітілген. Екінші ауданы 324 га (ұзындығы 1,8 км, ені 1,8 км) Ақшұқыр елді мекеніне қарама-қарсы 20 км қашықтықта орналасқан, "Caspian Sea Farm" ЖШС бекітілген. Осы учаскені балық өсіру мақсатында пайдалану кезінде жоспарланған балық өнімділігі 6 тонна/га астам құрайды.

Осы жылы облыс бойынша 4090,3 тонна балық аулауға квота бөлінді. Қазіргі уақытта 2137,8 тоннаға ғана балық аулауға рұқсат алынды, нақты 1630,71 тонна балық ауланған.

Жергілікті балықшылармен негізінен тікенді балық, Каспий пузанок, сазан, көксерке, аққайран және қаракөз, шабақ аулау жүзеге асырылады.

Статистикалық деректер бойынша Маңғыстау облысында тұрғындардың балық және теңіз өнімдерін жылдық тұтынуы жан басына шаққандағы 11 кг құрайды. Жергілікті балық өнекәсібі 1,7 кг немесе облыс тұрғындарының балық және теңіз өнімдеріне жылдық қажеттілігінің тек 15,35 % қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің 19.07.2016 жылғы № 39н/қ өкімімен табиғат пайдаланушыларға жәрдем көрсету ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта түпкілікті шешім қабылдау үшін жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

3. «Қошқар – Ата» қалдық қоймасының маңындағы экологиялық жағдайды  тұрақтандыру жұмыстары

Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4  млн. м3 су құйылады.

Соңғы жылдары қалдық қоймасының іргелес аумақтардың экожүйесіне әсерін зерттеу бойынша Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғалымдарымен жұмыс жалғасуда.

2014 жылы сараптамалардан қалдық қоймасына жақын тұратын кеміргіштердің хромосомалары мен ДНК-нда ауытқулар анықталды.

Осыған байланысты, 2015 жылы «"Қошқар-Ата" қалдық қоймасының іргелес аумақта халық денсаулығына әсерін экологиялық-генетикалық бағалау» 2 жылдық жұмыс басталды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін қалдық қоймасының іргелес елді мекендер тұрғындары денсаулығына әсерін экологиялық-генетикалық бағалауға және олардың ауруларға экологиялық тәуелділігін болжауға мүмкіндік береді.

Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар – Ата» қалдық қоймасының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас ұзындығы 3 км жасыл қорғаныш аймағын құру жоспарлануда.

Объектінің мәселесін кешенді шешу үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) жасақталды. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 27.02.2015 жылығы № 87-ПИР бұйрығымен ТЭН бекітілді.

Сонымен қатар, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасы қазіргі кезде мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. ЖСҚ-ға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды. ЖСҚ бекітілгеннен кейін қаржыландыру мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне жолданатын болады.

Мұнайлы аудандық сотының 13.02.2015 жылғы № 2-263/2-15 шешіміне сәйкес, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтарды 29.01.2016 жылы республикалық меншікке берілді. (ҚР Энергетика министрлігі).

I кезеңдегі қалпына келтіру алаңы – 41 км2. Іске асыру құны 18,9 млрд. теңге. Жұмыстарды орындау мерзімі 5 жыл.

II кезең – 22 мың км2. Іске асыру құны 10,9 млрд. теңге. Жұмыстарды орындау мерзімі 5 жыл (егер аталған учаске сарқынды және кәріз суларды жинақтауға пайдаланбаса).

4. Шөлейттенуге қарсы атқарылған жұмыстар

2004 жылдан басталған елді-мекендерді құм көшуден қорғау мақсатында Бостанқұм, Қызылқұм және Түйесу құм сілемдерінде өсімдік жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні «Жасыл Әлем Маңғыстау» ЖШС-нің күшімен 3 елді-мекеннің (Сенек, Үштаған, Тұщықұдық) айналасында құрылған жасыл оазистің ауданы 2610 га құрайды

2016 жылы жұмыс 4 елді-мекендерде жалғасады: Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық, Шебір.

5. Орман өсіру жөніндегі жұмыстар

Облыста ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау бойынша екі мемлекеттік мекеме (Бейнеу және Сам) қызмет етеді. Екі мекеменің жалпы аумағы 241 599 га, оның ішінде орман жамылғысы 122 432 га.

Екі мекемені ұстау және орман шаруашылығы үшін 2015 жылы облыстық бюджеттен 81,521 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 121,878 млн. теңге бөлініп, 45,118 млн. теңге игерілді.

Бүгінгі күні Отандық ғылыми-зерттеу институттарымен бірге облыстағы бар екі орман шаруашылығына орман өсіру жөніндегі жаңа технологияны енгізу шаралары қарастырылуда. Бозашы түбегіне жаңа орман шаруашылығын құру жұмыстары жүргізілуде.

Өрман өсіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту және облыстың тозған жерлерді қалпына келтіру үшін, сонымен қатар бюджеттік қорды үнемдеу мақсатында Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында облыстағы алаңы 8,75 га, кәріз-тазарту қондырғысының тазартылған суымен суармаланатын өнімділігі жылына 1 млн. сексеуіл екпелері болатын ең бірінші тұрақты орман питомнигінің ЖСҚ жасақталды. Алдағы уақытта құрылысы салынатын болады.

6. Жанауарлар дүниесі мен табиғи ортаны қорғау жөніндегі жұмыстар

Облыстағы жабайы аңдардың қазіргі жағдайын бағалау және жанауарлар дүниесін қорғау ұйымының ғылыми негізін салу, олардың ресурсын тиімді пайдалану мақсатында 2015 – 2017 жылдары Маңғыстау облысының жабайы аңдарының (сүт қоректілер, құстар, жәндіктер, паразиттер) қазіргі жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 11, олардың жалпы аумағы 2 808 669 га. Оның ішінде жергілікті маңызы бар ЕҚТА саны 7, олардың жалпы ауданы 1 046 746 га, олар «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген және барлық шаралар қабылданды жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жануарлар дүниесін және табиғи ортасын қорғауға барлық шаралар қабылданды. Жабайы жануарлардың саны өсіп келеді

ЕҚТА 2016 ж. аудандық ІІБ мен "Охотзоопром" батыс филиалымен бірлесе отырып, 586 рейдтер ұйымдастырылған.

Рейдтер кезінде 200-ден астам автокөлік тоқтатылды және тексерілді, қорғалатын аумақтарда жүргізу ережесі түсіндірілді, сондай-ақ әкімшілік бұзушылық фактілері бойынша:

Алты қаумал «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген. Олардың жеке сипаттамалары:

1. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»: Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2012 жылғы № 136 қаулысымен заңды тұлға мәртебесі бар коммуналдық мемлекеттік мекеме болып құрылған. Жер көлемі 68 445 гектар. Орналасқан жері Маңғыстау ауданында.

Парктің рекрациялық аумақтағы айлық рекрациялық жүктеме шамасы айына 8 418 адам.

2. «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2012 жылғы № 182 қаулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі 316 141,0 гектар. Орналасқан жері: Маңғыстау облысының Маңғыстау, Қарағия аудандарының аумағында.

3. «Тасорпа» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2012 жылғы № 182 каулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі 160 086,48 гектар. Орналасқан жері: Маңғыстау ауданының аумағында.

4. «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.12.2013 жылғы № 359 қаулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі 68 373,3 гектар. Орналасқан жері: Маңғыстау облысы Қарағия ауданының территориясындағы теңіз жағасындағы аумақтар.

5. «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы № 53 қаулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі 228 028,2 гектар. Оның ішінде Бейнеу ауданының аумағында 74758,7 га, Маңғыстау ауданының аумағында 153 269,5 га жер. Орналасқан жері Бейнеу ауданындағы Манашы тауларынан бастау алып, Маңғыстау ауданының аумағындағы Өрмелі асуы аралығындағы шыңдарың асты мен үстін алып жатыр.

6. «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы №53 қаулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі Бейнеу ауданының аумағында 146 790,0 гектар, Бейнеу селосынан солтүстікке қарай Есет тауларын алып жатады.

7. «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы №53 қаулысымен құрылған (заңды тұлға мәртебесі жоқ). Жер көлемі Бейнеу ауданы территориясында 58 922,8 гектар аумақты алып, Бейнеу селосының солтүстік бетінде Көлеңкелі тауларын алып жатқан, бір жағы Атырау облысы территориясына шектесетін аймақ болып табылады.

7. Елді-мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар

Облыста барлық энергия көздердің (100%) және автокөліктердің (44,06%) газ отынына көшуіне байланысты жылдан жылға улы қалдықтардың атмосфераға шығарындылары азаюда.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының тапсырмасымен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының және Мұнайлы ауданының экологиялық паспорты жасақталды.

Қазіргі уақытта республика көлемінде бірінші рет Маңғыстау облысының экологиялық паспорты жасақталуда.

Паспорт экологиялық техносыйымды талаптары мен шекті рауалы техногендік жүктемеге сәйкес белгілері бойынша шаруашылық объектілерін экологиялық аттестациядан өткізуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласында "ҚазГӨЗ" ЖШС объектілерінің, "Бостандық" шағын ауданының және салынып жатқан мешіт ауданының суға батуын тексеру және себептерін анықтау бойынша жұмыс өткізілді.

8. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру

ҚР ПӘ тапсырмасы бойынша елді мекендерді көгалдандыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген және келісілген.

Жыл сайын облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Сондай-ақ, осы жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің «Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізу туралы» 24.03.2016 жылғы № 78 қаулысымен 25 наурыздан 30 сәуірге дейін айлығы өткізілді.

36 күн ішінде барлығы үш облыстық, ал кейбір қалалары мен аудандарында 6 сенбілік өткізілді. Жалпы алғанда, облыс бойынша сенбіліктерге 37429 адам қатысты, 701 бірлік автокөлік құралдары мен 24 арнайы техника жұмылдырылды.

Облыстың қалалар, ауылдар мен кенттер аумақтарынан қоқыс полигонына 11128 тонна қатты тұрмыстық қалдықтары шығарылды, 48670 ағаштар, 7223 бұталар, 27147 м2 гүлзарлар мен 312 клумбалар отырғызылды.

Жылдар

Қаржыландыру,

млн. теңге

Ағаш,

шт.

Бұтақ,

шт

Газон,

м2

Гүлзар,

м2

2013 ж.

560,238

22936

4802

30440

255118

2014 ж.

718,417

19182

5920

47704

305579

2015 ж.

628,854

22079

11255

89880

277155

9. Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша жұмыстар

Бүгінгі күні барлық қалалар, аудан орталықтары және Жетібай ауылының ҚТҚ полигоны бар. Өткен жылы облыстың ірі елді-мекендерінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Манғыстау ауданының Шайыр, Тұщықұдық, Жыңғылды ауылдарының, Қарақия ауданы Болашақ, Мұнайшы ауылдарының, Бейнеу ауданының Бейнеу ауылының және Түпқарған ауданы Қызылөзен ауылының ҚТҚ көму полигондарының құрылысының ТЭН жасақталды.

Бейнеу, Құрық, Форт-Шевченко және Мұнайлы ауданының елді- мекендеріне коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталуы нормаларын есептеу жүргізіліп жатыр. ҚТҚ жиналу нормасын бекіту пайда болған қалдық көлемі туралы ақпарат алуға, сол ережеге сәйкес ҚТҚ шығару шығын тарифін есептеуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласындағы қоқысөңдеуші зауыт жұмысын 2014 жылыдң қыркүйек айынан бастады.

Қуаттылығы – жылына 50 000 тонн.

Зауыт 2015 жылы 6535 тонна ҚТҚ, 2016 жылы 3444 тонна ҚТҚ сұрыптады және кәдеге жаратты. Қазіргі уақытта зауыт кейбір кеспе, тротуар плиткалар, черепица және т.б. сияқты полимерлік бұйымдардың түрлерін шығарады.

Жаңаөзен қаласының әкімдігіне жеке инвесторларды тарта отырып, басқа да күл-қоқыс түрлерін қайта өңдеу бойынша жаңа технологиялық желілер құру қажет.

Сынапқұрамды шамдарды кәдеге жарату

2015 жылы аймақтар арасында алғаш рет Астана қаласынан кейін Ақтау қаласында жергілікті бюджет есебінен энергоүнемдеуші сынапқұрамды шамдар жинау мен жою бойынша жоба енгізілді.

Ақтау қаласында сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды жинауға арналған арнайы 27 контейнерлер орнатылды.

Сынапқұрамды шамдарды жинау мен қолдану қауіпсіздігі туралы тұрғындар арасында үгіт-нәсихаттық жұмыстар жүргізілуде.

Шамдарды жинау, тасымалдау және жою «Eco-Operating» ЖШС-мен жүзеге асырылады.

Осылайша, Ақтау қаласында сынапқұрамды шамдарды жинаудан бастап жоюға дейін бір кластер құрылды.

2015 жылы халықтан жиналған 68 981 дана сынапқұрамды шамдар кәдеге жаратылды. Ал 2016 жылы 121 935 дана сынапқұрамды шамдар кәдеге жаратылды. Жұмыстар жалғасуда.

Иесіз қауіпті қалдықтар:

Иесіз қауіпті қалдықтар атауы

Шешу жолдары

1

"КазАзот"ЖШС аумағында орналасқан колчедан және күкірт иесіз қауіпті қалдықтары

Ақтау қаласы сотының 2014 жылғы 28 қазандағы № 2-4796/10-14 шешімімен иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. (ҚР Энергетики министрлігі).

2

"Қошқар Ата" қалдық қоймасында орналасқан иесіз радиоактивті және уытты қалдықтар

Мұнайлы аудандық сотының 2015 жылғы шешімімен, "Қошқар Ата" қалдық қоймасында орналасқан иесіз радиоактивті және уытты қалдықтар республикалық меншікке берілді. иесіз қауіпті қалдықтар 29.01.2016 жылы республикалық меншікке тапсырылды. (ҚР Энергетики министрлігі).

3

Жаңаөзен қаласында МУ-3, МДАЦ (алаңы 130, 0748 га), бұрынғы Альбсеноман техникалық су қоймасы (көлемі 859,3 га) аумағында орналасқан иесіз мұнай қалдықтары (шламдар)

Жаңаөзен қаласы сотының 2016 жылғы 4 наурыздағы шешімімен иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. (ҚР Энергетики министрлігі).

4

"Өзенмұнайгаз"АҚ келісім-шарттық аумағында орналасқан көлемі 1 288,35 мың м3 қалдықтары бар 11 шлам жинақтағыш иесіз қауіпті қалдықтары

Қарақия аудандық сотының шешімімен коммуналдық меншікке берілді.

ҚР Үкіметінің «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» 26.07.2002 жылғы № 833 қаулысына сәйкес Басқарма мен "Өзенмұнайгаз"АҚ арасында көлемі 1 288,35 мың м3 қалдықтары бар 11 шлам жинақтағышты кәдеге жарату мен қайта өндеуге АКТ жасақталды.

Қазіргі кезде "Өзенмұнайгаз"АҚ көлемі 1 288,35 мың м3 қалдықтары бар 11 шлам жинақтағышты кәдеге жарату мен қайта өндеуді жүргізіп келеді.

5

"АПМЗ" ЖШС аумағында орналасқан иесіз химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізаттар

Ақтау қаласының № 2 сотының 26.06.2016 жылғы № 4711-16-00-2/4496 шешімімен "АПМЗ" ЖШС аумағында орналасқан иесіз химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізаттарды иесіз және республикалық меншікке берілді деп танылды.

10.Экологиялық білім және ағарту

Жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде «Табиғатпен үндес мектеп», «Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы» және осы жылдан бастап өткізілетін «Табиғатпен үндес балабақша», «Жасыл аула», Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында экологиялық пилоттық жоба конкурсы өткізіледі.

2015 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беретін мекемелерге, орта мектепте оқитын бастауыш, орталау және жоғары сынып оқушыларына арналған «Қоршаған ортаның экологиясы» электронды оқу-әдістемелік құралы жасақталуда.

Халықты экологиялық ағарту мақсатында насихаттық, құжаттамалық-танымдық материалдар дайындалған.

Тұтастай алғанда, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2016 жылға жалпы сомасы 941 млн. теңге табиғатты қорғау іс-шаралар бойынша 26 жобаны іске асыру жоспарлаған, олар кестеде көрсетілген.

2016 жылға жоспарлаған табиғатты қорғау іс-шаралары

Іс-шаралар атауы

Жоспарлаған сомма,

млн. теңге

Тапсырмасы

1

Қарақия ауданының «Түйесу» құм сілемесінің өсімдік жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру(5 жылдық жоба 2014-2018 ж.ж)

41,6

Өсімдік жамылғысын және жануарлар дүниесін қалпына келтіруді қамтамасыз ету

2

Маңғыстау ауданының "Бостанқұм" құм сілемінің өсімдік жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру (5 жылдық жоба 2014-2018 ж.ж)

41,3

Өсімдік жамылғысын және жануарлар дүниесін қалпына келтіруді қамтамасыз ету

3

Тұщықұдық елді мекенін ауданы 500,0 га көшпелі құмнан қорғау жобасын жүзеге асыру (Қызылқұм -1) (5 жылдық жоба 2016-2020 ж.ж)

33,6

Шөлейттенуге қарсы күрес

4

Шебір елді мекенін ауданы 500,0 га  көшпелі құмнан қорғау жобасын жүзеге асыру (Шебір-1) (5 жылдық жоба 2016-2020 ж.ж)

29,4

Шөлейттенуге қарсы күрес

5

Бейнеу ауданы Бейнеу селосында тұрақты орман питомнигі құрылысының жсқ жасақтау

1,0

Орман өсіру

6

«Қошқар-ата қоймасының іргелес мекендер тұрғындары денсаулығына экологиялық-генетикалық әсерін бағалау» ҒЗЖ

18,0

Елді мекендердіңэкологиялық жай-күйін жақсарту

7

Қошқар-ата қалдық қоймасы айналасында тәжірибиелік жасыл қорғаныш аймағын құру

8,0

Ауа бассейнін қорғау

8

Бейнеу, Құрық, Форт-Шевченко және Мұнайлы ауданының елді-мекендеріне коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталуы нормаларын есептеу

4,2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша

9

Ақтау қаласындағы сынабы бар шамдар мен аспаптарды жинау, тасымалдау және демеркуризациялау, сондай-ақ арнайы контейнерлерді ұстау

13,2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша

10

Жетібай, Шетпе, Өмірзақ, Боранқұл, Ақшұқыр, Болашақ елді мекендерінде мал өлексесін көму орындарының ЖСҚ жасақтау

7,5

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша

11

Сынабы бар аспаптарды пайдалану және қолдану кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ сынабы бар қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерді пайдалану тәртібі бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жүргізу

3,0

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша

12

«Маңғыстау облысындағы мұнай өндірістерінің Каспий теңізі жағалауындағы порттар мен аймақтарға техногендік әсерін бағалау» ҒЗЖ

32,4

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану

13

«Маңғыстау облысының жабайы аңдарының (сүт қоректілер, құстар, жәндіктер, паразиттер) қазіргі жағдайын мониторингтеу» ҒЗЖ

11,0

Жануарлар дүниесін және табиғи ортаны қорғау

14

Маңғыстау облысының Бозашы түбегі аумағында ормандар  және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекеме құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтау

11,424

Орман өсіру

15

«Маната» туристік визит орталығының ЖСҚ-н жасақтау

7,276

Жануарлар дүниесін және табиғи ортаны қорғау

16

«Маңғыстау облысының экологиялық паспорты» ГАЖ жасақтау» ҒЗЖ

40,0

Елді мекендердіңэкологиялық жай-күйін жақсарту

17

«Маңғыстау облысындағы табиғи объектілердің паспорттарын жасақтау» ҒЗЖ

30,0

18

Орта білім берудің 3 деңгейіне және мектепке дейінгі білім беру үшін «Қоршаған ортаның экологиясы» оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау

5,0

Экологиялық білім беру мен ағарту

19

Маңғыстау облысының жалпы білім беру мектептері арасында «Табиғатпен үндес мектеп» байқауын ұйымдастыру және өткізу

1,5

Экологиялық білім беру мен ағарту

20

Маңғыстау облысының мектепке дейінгі мекемелері арасында «Табиғатпен үндес балабақша» байқауын ұйымдастыру және өткізу

1,3

Экологиялық білім беру мен ағарту

21

Ауылдық елді мекендер арасында облыстық «Жасыл аула» конкурсын ұйымдастыру және өткізу

1,0

Экологиялық білім беру мен ағарту

22

«Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу

0,5

Экологиялық білім беру мен ағарту

23

Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында экологиялық пилоттық жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу

0,7

Экологиялық білім беру мен ағарту

24

Қошқар – Ата қалдық қоймасы сұйық фазасының деңгейін тұрақтандыру

574,793

Елді мекендердіңэкологиялық жай-күйін жақсарту

25

Ақтау қаласындағы сынап құрамды шамдар мен аспаптарды жинау, тасымалдау және демеркуризациялау, сондай-ақ арнайы контейнерлерге қызмет етуді жалғастыру

20,235

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша

26

«2017-2019 жылдарға Қошқар-ата  қалдық қоймасы айналасында ауданы 30 га тәжірибиелік жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша аймақты зерттеу және шығындарды есептеу» ҒЗЖ

4,0

Елді мекендердіңэкологиялық жай-күйін жақсарту

Барлығы

941,924

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы