Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ТАБИҒИ ҚОРЛАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ қызметі

26.06.2015
19:26:10
0

Басқарманың негiзгi құқықтары, мақсаттары мен мiндеттерi

10. Басқармасының негiзгi мiндеттерi:

1) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді іске асыру;

2) Маңғыстау облысы аумағындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша объектілер салу және оларды қайта құрылымдау;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру;

4) табиғатты пайдалануды реттеу;

5) экологиялық сараптама ұйымдастыру және өткізу;

6) облыстағы экологиялық жағдайды жан-жақты және обьективті зерделеу, қорыту және талдау;

7) қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау iс-шараларын қаржыландырудың тұрақты жүйесiн қалыптастыру болып табылады.

11. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;

2) табиғатты қорғау іс-шараларын және табиғат пайдаланылуын реттеудi  жүзеге асырады;

3) оларды қаржыландыру және бақылау жасау үшін табиғат қорғау мен ресурстар сақтауға арналған қаражат бөлу жоспарын қалыптастыруға және бекітуге қатысады;

4)  табиғатты қорғау жұмыстары бойынша мемлекеттiк сатып алуларын ұйымдастырады және өткiзедi;

5) өз құзыретi шегiнде табиғатты қорғау iс-шараларына бөлiнген ақша қаражатының мақсатты және толық пайдалануын бақылайды;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;

7) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

8) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;

9) табиғат қорғау объектілерін салу мен олардың қайта құрылымдауды жүзеге асырады;

10) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;

12) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;

13) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;

14) қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем ставкаларын есептейді;

15) қоршаған ортаны ластағаны үшiн мiндеттi төлемдердi төлеушiлердi есепке алуды жүргізеді;

16) өзіне заңнамалық актілерімен берілген құзыреті шегінде, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауына, археологиялық ескерткіштер мен басқада тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

17) құзыретті орталық атқарушы органдардың келісімі бойынша, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

18) келісім-шарт жасалған кезде өңір тұрғындарының экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізуге қатысады;

19) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарттар жасасады, оларды тіркейді және орындайды және келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылайды;  

20) ашық конкурс ұйымдастырады, тікелей келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдалануға келісім-шартар жасауды қамтамасыз етеді;

21) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

22) орманды, жануарлар мен өсімдік дүниесін молайту және пайдалану саласында ведомствалық бағыныстағы органдармен ұйымдарды жедел  басқаруды және қызметтеріне бақылау жасауды жүзеге асырады;

23) уәкiлеттi органмен келісе отырып орман қорын күзету, қоғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдаламаларды әзірлеп, оларды іске асырады;

24) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;

25) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, оны орындауды iске асырады;

26) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

27) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары жөнінде ұсыныстар енгізеді, осы аумақтарды құру жөніндегі негіздемелерін келіседі;

28) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

29) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердің резервін жасауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;

30) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен жұмысына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады ;

31) өз құзыреті шегінде, тиісті мемлекеттік органдарға орман шаруашылығын пайдалану, ормандарды пайдалану жөніндегі төлем ставкаларын және оның қарамағындағы ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныс енгізеді.

32) облыс аумағында тұрған су обьектілерінің жай-күйі туралы тұрғындарды хабардар етуді жүзеге асырады;

33) жергілікті өкілді органдармен, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелерімен және азаматтар денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келесімі бойынша атмосфералық ауаны, топырақ-жер және су ресурстарын ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын орындар бөледі ;

34) уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық-қорғау аймақтарын белгілейді;

35) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалағаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;

36) су пайдалану лимиттерін су пайдаланушылар арасында үлестіреді;

37) өз құзырет шегінде су және орман ресурстарын пайдалануға рұқсат береді және шарттар жасасады;

38) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға береді;

39) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады;

40) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

41) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;

42) экологиялық жағдайды сауықтыруға және жұртшылықты экологиялық мәселелер боынша хабардар етуге бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференция, семинар, жиналыстар, дөнгелек үстел, симпозиум және басқа іс-шаралар) өткізеді;

43) ақпараттық база (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, топтастыру және жіктеу жұмыстарын жүзеге асырады;

44) экологиялық бiлiм, ағарту және экологиялық туризмді дамытуға ықпал етедi;

45) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында ақпараттық және ағарту жұмысын ұйымдастырады;

46) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді; 

47) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;

48) Маңғыстау облысы бойынша Каспий маңы өңіріндегі экологиялық жағдайын зерделеу, талдау және болжамдау жөніндегі жұмыстарын жүргізеді;

49) облыстағы экологиялық жағдай және басқарманың басқа да бағыттары бойынша есебін береді;

50)  жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

51) экологиялық талаптар бұзылған жағдайда, сот тәртібімен шаруашылық және өзге де қызметтi жүргізуді  тоқтатады және тиiстi шаралар қолданады;

52) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;

53) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша облыс әкiмдігінің және әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысады;

54) мемлекеттiк органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

12. Басқарманың:

1) Басқарманың негiзгi мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен мәлiметтердi барлық меншiк нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардан және басқа да мемлекеттiк органдардан сұратуға;

2) заңнамалық актiлер мен нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды дайындауға қатысады және ұсыныстар беруге;

3) Басқарманын қызметiне қатысты мәселелердi талқылаған кеңестерге қатысуға;

4) ұйымдар мен кәсiпорындардың табиғат қорғау қызметiне байланысты есептерiн тексеруге;

5) басқарманың ұйымдық және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру жөнінде облыстық әкімдігіне ұсыныстар беруге;

6) экологиялық жүйеге кері әсерін тигізетін барлық қызмет түрлерін тоқтату және реттеу, олардың қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар беруге;

7) жұмыстармен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып кірісуге; 

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды өткізуге келісім–шарт жасауға;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасына және халықаралық келісім шарттарға сәйкес өз құзырет шегінде шоттар ашуға және ТМД елдермен алыстағы шет елдермен валютаралық операциялар жасауға;

10) атқарушы және басқа мемлекеттік органдарда, Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігіне уәкілдік етуге; 

11) қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ақпараттық бюллетень, буклет, ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттар шығаруға;

12) мемлекеттiк органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де құқықтары бар.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz