Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қызметінің нәтижелері

12.12.2016
19:26:12
0

Дін істері басқармасының 2017 жыл қорытындысы бойынша ақпарат

    Маңғыстау облысында діни ахуал тұрақты.

  Облыста 40 діни бірлестік тіркелген: ислам – 30, православие – 1, католицизм – 1, протестантизм – 8.

  33 ғибадат орындарының 30 – мешіттер, 1 – православ  шіркеуі, 2 – протестанттық.

  12 миссионер тіркелді, 1 – православ (Украина), 5 католиктер (Польша-3, Испания, Бельгия), 5 новоапостолдықтар (Қазақстан-2, Ресей, Германия-2), 1 – ҚМДБ (Түркия).

  Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін 13 арнайы сауда нүктелері жұмыс жасайды (Ақтау-10, с. Бейнеу-3).

Облыс аумағында миссионерлік қызметті 12 шетелдік миссионерлер жүзеге асырады: Римдік-католиктік шіркеу -5 (Польша-3, Испания, Бельгия ), Орыс православ шіркеу - 1 (Украина), Новоапостолдық шіркеу-5 (Қазақстан-2, Ресей, Германия-2), ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігі-1 (Түркия).

  Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен діни әдебиттерді және діни мақсаттағы өзге ақпараттық материалдарды таратуға арналған 13 арнайы сауда нүктелері бар. (Ақтау-10, Бейнеу-3)

  Облыс бойынша 87 адамнан тұратын 8 ақпараттық-түсіндіру тобы қызмет етеді. (1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық) Аталған топтармен 2017 жылы 731 іс-шара өткізіліп, 77 512 мың адам қамтылды. АТТ құрамын мемлекеттік қызметкерлер, ҚМДБ өкілдігінің қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, құқық қорғау орган қызметкерлері, дінтанушылар және теологтар, ҚХА өкілдері құрайды.

Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асар» жекеменшік мекемесі облыстағы имам, теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында 13  біліктілік арттыру семинар-тренингтар өткізді.

2017 жылы Дін істері басқармасымен 43 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы тіркелді. Оның ішінде, 15-не әкімшілік құқық бұзғаны үшін қалалық және аудандық соттармен айыппұл салынды, 20 іс дін істері басқармасымен тоқтатылды, 5 сот арқылы тоқтатылды, 3 әкімшілік іс құқық қорғау органдарына кері қайтарылды.

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру-жастар керуені» облыстың 2 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді, оның ішінде ең шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттерді, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоба аясында арнайы топ құрылып, топтың құрамына  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының, білім басқармасының, жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ҮЕҰ, «ДАМУ»,«Атамекен» қорларының, «Тұрғын үйқұрылысжинақ» банкі, , БАҚ, ІТ саласының  өкілдерімен қатар дін істері басқармасының  дінтанушылары, теологтары кірді. Керуен жұмысының  негізгі  8 бағытының бірі ретіндежастар арасындадіни  экстремизм  мен терроризмнің  алдын  алу болды. «Жастар керуені» барысында басқармасының теолог мамандарымен 3770 жасқа консультациялық кеңес берді. Сонымен қатар, керуен аясында  95 жасқа жеке кеңес беру шаралары жүргізілді.

Білім және Дін істері басқармаларымен бекітілген «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған бірлескен жоспарының» 3 пунктіне  сәйкес, қазан-қараша айларында облыстағы жалпы білім беру орындарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» вариатиптік сабақты өткен 10 сынып оқушыларының арасында «Ойыннан – білімге!» (қалалық,аудандық,облыстық) атты сайысы ұйымдастырылды.

Облыстық «Маңғыстау» телеарнасынан әр аптаның жұмасында  көрсетілетін «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында радикалды діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі туралы, діни экстремизмге қарсы дәрістер, дәстүрлі ислам діні жөнінде насихаттар айтылады.

Мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыс аясында 15 бейнематериалдар дайындалып «Облыстық «Маңғыстау» телеарнасында көрсетілді.«Жолбаян» радиостанциясынан «Дін таным» бағдарламасы аптаның әр жұмасында дәстүрлі дінімізді насихаттайтын сұхбаттары беріледі.

2017 жылдың қорытындысы бойынша дін саласына қатысты БАҚ-да  685 материал жарық көрді. «Облыстық «Маңғыстау» телеарнасында 15 бейнематериалдар көрсетілді. Әлеуметтік желіде «ВКонтакте», «Facebook», «Twitter», «Youtube»,  «Kaztube», udr.mangystau.kz, «Стоп секта» парақшалары ашылып, жұмыстар жалғасын табуда. Салынған материалдар саны - 553. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыс боайынша 21 билборд дайындалып қала және аудан орталықтарында ілінді.


Соңғы жаңарту : 2018-01-31 12:16:11

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz