Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ қызметі

26.06.2015
19:26:20
0

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 

  13. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде іске асыру болып табылады.
  14. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
  1) облыс аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, телерадиокоммуникация және байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
  2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
  15. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:
  1) облыстық маңыздағы көлік инфрақұрылымы объектілері құрылысын салу мен пайдалануын ұйымдастырады, көлік саласындағы концессиялық жобалардың ұйымдастырушысы болады және концессия келісімі жасалған кезде концендеттің мүддесін қорғайды;
  2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
  3) ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлігі қатынасын ұйымдастырады;
  4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, аудандар, қалалар әкімдерінің олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;
  5) автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
  6) жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн келісу мәселелері бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;   7) алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.09.2014 №  234 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
  8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
  9) жол шаруашылығы, көлік және коммуникациялық кешен мәселелерінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және жергілікті басқару органдарымен өзара әрекеттесуді және қабылданған шешімдердің орындалысын бақылауды жүзеге асырады;
  10) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асырады;   11) алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.09.2014 № 234(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
  12) салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмысына қатысады;
  13) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына қатысады;
  14) аудандық аумақтық бөлімдердің жолаушылар көлігінде заңнама талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізеді;
  15) автомобиль көлігінде және автомобиль жолдарында бақылауға қатысты ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
  16) жол қызметін қаржыландыруға бағытталатын қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіпте пайдаланылуын айқындап белгілеу және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  17) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  18) «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастырады;
  19) автомобиль жолдарының жобалық-сметалық құжаттамаларын сараптауға қатысуға білікті мамандарды тартады;
  20) нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жол – құрылысының және жөндеу жұмыстарының барысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім-шарт негізінде мамандырылған кәсіпорындарды тартады;
  21) жеке және заңды тұлғаларға, жолдың көліктік – пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысының және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сервис және жарнама объектілерін орнату үшін келісім-шарт негізінде жол органы пайдаланбайтын облыстық маңыздағы автомобиль жолдардың жер учаскелерін, кесінді жолақтарын уақытша қысқа мерзімге жер пайдалануға беру туралы келісуді қамтамасыз етеді;
  22) заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісіне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізеді;
  23) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
  24) тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасасады және келіседі;
  25) жолаушылар тасымалдау қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  26) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
  27) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
  28) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
  29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды отырғызатын және түсеретін белгіленген пункттерді безендіруді және оның күтіп ұсталуын ұйымдастырады;
  30) жолаушылар тасымалына талдау жүргізеді және әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастарды (маршруттарды) анықтап белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындайды; әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шеккен зиянын жергілікті бюджеттен субсидиялау көлемі жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  31) өңірдегі көлік саласындағы әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар қызметін үйлестіреді;
  32) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  33) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын береді;
  34) қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесіне келісім береді;
  35) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  36) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  37) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргізеді;
  38) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
  39) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;
  40) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
  41) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
  42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  16. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:
  1) облыстың көлік саласы және жол шаруашылығы дамуының мақсаты, басымдығы және стратегиясы бойынша ұсыныстарын облыс әкіміне енгізуге;
  2) атқарушы органдарға облысты дамыту бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіретін оның қабылдаған актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
  3) заңды тұлғаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
  4) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге және құқықтық актілер шығаруға;
  5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
  6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың және басқа да органдардың басшылары мен мамандарын тартумен бірге белгіленген тәртіппен кеңестер шақыруға;
  7) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікте тұрған мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
  8) автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы саласында айналысатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;   9) алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.09.2014 №  234(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
  10) автомобиль жолдары туралы заңнамаға қайшы келетін жобалық-сметалық құжаттамалар мен басқа да ұсыныстарды құптамауға;
  11) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
  17. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
  1) «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
  2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
  3) «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
  4) «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz