Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қызметінің нәтижелері

21.12.2016
19:26:21
0

Автомобиль жолдары

  Республикалық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 2 586,2 шм құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағы – 1033 шм, облыстық маңыздағы – 932 шм, аудандық маңыздағы – 621,2 шм.

Республикалық маңыздағы және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында 7 көпір және 815 кіші су ағар имараттары бар. Оның ішінде республикалық маңыздағы автомобиль жолында – 7 көпір және 379 кіші су ағар имарат, облыстық маңыздағы автомобиль жолында 5 көпір және 351 кіші су ағар имарат, аудандық маңыздағы автомобиль жолында – 85 кіші су ағар имарат.

2016 жылы республикалық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында қыс мезгілі айларындағы күрделі метеорологиялық жағдайлардағы келісілген бірлесіп әрекеттесу жоспары бекітіліп, облыстық төтенше жағдайлар органдарымен, облыстық әкімшілік полициясы басқармасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі МОФ «Қазавтожол»ҰК» АҚ бірлесе өзара тиісті құрамда жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңда облыстық автомобиль жолдары 5 негізгі аймақтарға және 4 мердігер кәсіпорын қызмет етеді, қызмет ету мерзімі 2014-2016 жылдары: «Ақ жол құрылыс», «АКЖОЛ+К», «Алтынқұрық», «Маңғыстаудорсервис». Барлық мердігер кәсіпорындарда жауапты қызметкерлер ішкі бұйрықтармен бекітіліп, жұмыс жасайтын кезекшілік ұйымдастырылып, байланыс телефондары анықталған. Күн сайын сағат 09.30-ға дейін басқарманың факсіне жолдардың және ауа райының жағдайы бойынша тиісті ақпараттар келіп түсіде. Басқармадан жауапты қызметкер басқарма басшысының орынбасары Т.Спанов бекітілді.

Байланыс ақпараты

Аймақ номері

Пайдаланушы мекеме

Кезекші телефоны

1

Маңғыстау ауданының автомобиль жолы жалпы ұзындығы - 126,1 шм

«Ақ жол құрылыс» ЖШС

40-07-00

2

Ақтау қаласына қарасты автожолы, жалпы ұзындығы - 150 шм

«АКЖОЛ+К» ЖШС

52-67-74

3

Түпқараған ауданының автомобиль жолы жалпы ұзындығы 180 шм

«АКЖОЛ+К» ЖШС

52-67-74

4

Қарақия ауданының автомобиль жолы, жалпы ұзындығы - 301 шм

«Алтынқұрық» ЖШС

54-48-77

5

Ақтау-Қаламқас автомобиль жолы жалпы ұзындығы 207,9 шм

«Мангистаудорсервис» ЖШС

55-02-01

Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңартуға қатысты

Түзетілген жұмыс графигі бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда: 2014 жылы қозғалыс учаскесінде ұзындығы – 240 шақырым, 2015 жылы – 60 шақырым ашылды.

-  Қалған бір учаскеде ұзындығы 40 шақырым «Атырау жолдары» ЖШС атқарады. РБ қаржыланған. Аяқталу мерзімі – 2016 жылдың 4 тоқсаны. Келісім бағасы – 8,1 млрд.теңге.

-  Келесі ұзындығы 60 шақырым «Нияз-Мұхаммед» ЖШС атқарады. РБ қаржыланған.

Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың аяғында басталған. Аяқталу мерзімі – 2016 жылдың 4 тоқсанына ауыстырылды. Келісім бағасы – 12,0 млрд.теңге.

«Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесі бойынша түрік компаниясы «Дженгиз Иншаат» ЖШС жұмыс жасайды. Құрылыс мерзімі 2015-2017 жж. Келісім бағасы – 36,5 млрд.теңге.

 

  Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары

  Автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеу жұмыстары облыстық және аудандық маңыздағы (ұзақ қашықтыққа жедел «реанимациялық») "Ақтау-Құйылыс" (7-19 км), "Форт-Шевченко - 43 шм "Ақтау-Қаламқас" (43-75 шм) жұмыстары  жалғасуда. Жобаны іске асыру мерзімі  2014-2017жж. 
    Автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары "Таушық-Шетпе" (0-70 шм) және "43 шм Ақтау-Форт-Шевченко – Қаламқас кенорны" (88-154 шм) басталды. Жобаны іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдар.

  Сондай-ақ, жасанды құрылыстар автомобиль жолдарында "Ақтау-Қаламқас" және "Таушық-Шетпе", 1-кезең (16 жасанды құрылыстар). Облыстық бюджеттен 49,9 млн. теңге бөлініп, қайта құру жұмыстары басталды. Жұмысты аяқтау үшін 2017 жылға арналған бюджеттік жоспарға 233,4 млн. теңге. бөлу туралы мәлімдеген. Жобаны іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдар.

  Автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары "Форт-Шевченко - 43 шм "Ақтау-Қаламқас" (75-122 шм) аяқталды.

  Нәтиежесінде, ағымдағы жылдың орташа жөндеу жұмыстары арқылы қалпына келтірілген жол 28,7 шм кем емес, 451,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 11 шм кем емес, 1 540,1 млн. теңге қаржы бөлінген.

  Республикалық бюджет есебінен 2014 жылы "Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш" автомобиль жолының құрлысы басталды, ұзындығы 73 шм, құны 1,8 млрд. теңге (қоса қаржыландыру 10 % - жб). Жобаны іске асыру кезеңі 2015-2017 жылдарға арналған. 

 

  Аудандық маңыздағы және елді мекендердің автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары.

  Аудандық маңыздағы және елді мекендердің автомобиль жолдарының құрылысының басталғаны нысандар:

  Ұзындығы 15 шақырым «Қызылтөбе-2-Жаңа Даулет» автомобиль жолын қайта жаңарту (асфальтобенды жабындыға ауысу), Маңғыстау- 4  тұрғын массивінде селоішілік автомобиль жолын салу, ұзындығы 15 шм, «Маңғыстау с. Маңғыстау-4 т.ү.м. №11 орта мектебіне кіреберіс» автомобиль жолын салу, Баянды т.ү.м. 15 шм селоішілік автомобиль жолының құрылысы, «Қызылтөбе-2 – Батыр» автомобиль жолының құрылысы, Сайөтес селосы автомобиль жолының құрылысы, Қызылсай селосы (Мешіт аумағы)  автомобиль жолының құрылысы және ұзындығы 2,4 шм құрайтын «Ақтау-Маңғыстау-Гранит-Ақтау» көлік жолдарын қайта жаңарту.

 

  Аудандық маңыздағы және елді мекендердің автомобиль жолдарының құрылысының жалғасын тапқан нысандар:

  Жетібай селосы (ұзындығы 15 шм) жаңа шағын аудандары автомобиль жолдарының құрылысы, С.Шапағатов селосы автомобиль жолдарының құрылысы, Қызылтөбе-2 тұрғын массивінде селоішілік автомобиль жолын салу, ұзындығы 15 шм, Бейнеу селосы автомобиль жолдарының құрылысы, «Шетпе-Қызан» (21-49 шм учаскесі) автожолын қайта жаңарту және Шайыр селосы автомобиль жолын жөндеу мен қайта жаңарту.

Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz