Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

2014 жыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

26.06.2015
19:26:25
0

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасымен бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу барысында облыстағы жер қатынастарын, кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануды реттеу саласында бірқатар жұмыстарды атқарып келді.

Маңғыстау облысының жалпы көлемі 16 млн. 564,2 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5 млн. 134,7 мың гектарды, елді мекен жерлері 993,7 мың гектарды, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатынан басқа жерлер 276,0 мың гектарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды, орман қоры жерлері 241,6 мың гектар, босалқы жер 9 млн.694,5 мың гектар.

Соның ішінде, Ақтау қаласының жер көлемі 29,8 мың га, Жаңаөзен қаласы 51,6 мың га, Мұнайлы ауданы 492,2 мың га, Бейнеу ауданы 4 млн. 052,0 мың га, Қарақия ауданы  6 млн. 483,6 мың га, Маңғыстау ауданы 4 млн. 602,2 мың га, Түпқараған ауданы  852,8 мың га жер учаскесін құрайды.

Негізгі ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 12 млн. 652,3 мың гектарды құрайтын жайылым алқаптарынан, 0,5 мың гектар егістік жерлерінен, 0,3 мың гектар тыңайған жерден,  0,3 мың гектар  шабындық жерден, 0,6 мың гектар көп жылдық екпелерді құрайды.

Негізгі ішкі қызметтік жұмыстар

2014 жылы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сайкес, облыстық әкімдіктен облыстық жер қатынастары басқармасына - 125 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалар – 71 арыз, заңды тұлғалардан – 54 арыз тіркеліп, осы арыздарға заң шеңберінде жауап беріліп, ұсыныстар енгізілді.

Соның ішінде, жер қойнауын және өзге де жер учаскесін пайдалану үшін «Жер учаскелерін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі» облыстық комиссияның 11 отырысы өткізіліп, онда 63 заңды тұлғадан және 1 жеке тұлғадан келіп түскен өтініштер қаралды.

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру жөнінде Маңғыстау облысы әкімдігінің құрайтын 48 қаулысы қабылданып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасы мен жер пайдаланушылар арасында 43 жеке және заңды тұлағалармен келісім шарт жасақталды.

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту бойынша облыстық жер қатынастары басқармасына жалпы саны 47 құжаттама келіп түскен. Соның ішінде, 43 жерге орналастыру жобаларын бекiту үшін құжаттар ХҚКО арқылы келіп түсті. Оның ішінде, облыстық жер қатынастары басқармасымен 3 жерге орналастыру жобасы бекітіліп, 1 жерге орналастыру жобасы тексеріс кезінде талаптарға сәйкес болмауына байланысты, тиісті түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін кері қайтарылды.

Маңғыстау облысы бойынша 2014 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін келіп түскен өтініштер саны өсу қарқынымен - 153 359 құрайды.

Жұмыс жоспарына және 2014 жылға қаржыландыру бойынша:

1. Су күзет белдеуін белгілеудің жерге орналастыру жобасын жасақтауға және оны су қорына аударуға 21,661 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 132-133 баптарына сәйкес су күзет белдеуі су қоры болып саналады және мемлекет меншігінде болуы тиіс, осыған сәйкес, су күзет белдеуі жерлеріне түгендеу жүргізіліп, шекаралары белгіленеді. Жұмыс нәтижесінде су күзет белдеуі алып жатқан жерлерді ішінара мемлекет меншігіне қайтарумен су қоры жерлеріне ауыстырылатын болады. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 1399,5 шақырымды құрайды.

2. Болашақ ауылы және Отпан елді мекендерінің шекараларын белгілеу жұмыстарының жалпы сомасы 7,185 млн. теңгені құрайды.

3. Жаңаөзен қаласы, Құрық, Баянды, Батыр селолары мен Дәулет селолық округі жерлерінің базалық төлем ставкасына белгіленген түзету коэффициентін енгізу үшін бағалау аймағы шекарасының  сызбасын жасақтауға және Қызылтөбе селолық округінің бағалау аймағына өзгеріс енгізуге 10,135 млн. теңге қаралды.

Бұл жұмыстар елді мекендер аумағының экономикалық тартымдылығы негізінде жер бағасын сұранысына қарай реттеу үшін аймақтарға бөлуді қажет етеді. 2012 жылы облыстың барлық елді мекендері бойынша 30 млн. теңге қаржы шығынымен базалық мөлшерлемесі белгіленген болатын, осының нәтижесінде  2013 жылға бюджетке қосымша 373,3 млн. теңге түсті. (2012 жылмен салыстырғанда 151 %)

4. Жалпы соммасы 13,6 млн. теңге құрайтын қаржы Форт-Шевченко қаласы мен Баутино, Шетпе ауылдарындағы жер учаскесінің иелері мен жер пайдаланушыларының, сондай-ақ, басқа да субъектілердің жер қатынастары құқықтарын мемлекеттік тіркеу мақсатында жер учаскелері санының есебін жүргізуге бөлінді. 

Пайдаланылмаған немесе заңды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қайтару.

Ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жерлер бойынша:

2014 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 220,8 мың гектар жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 36,9238 мың гектар құрайтын 101 шаруашылықтың жер учаскесі пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Жалпы, 2011-2013 жылдары жүргізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тексеру және түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 3 млн. 871,2 мың гектар қайтарылып, оның ішінде, бүгінгі күні көлемі 184,4 мың гектар құрайтын 187 жер учаскесі қайтадан ауылшаруашылығы айналымына енгізілді. 

 Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша:

Маңғыстау облысының орталықтары мен елді мекендерінде 2014 жылғы жағдайы бойынша облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған 153 359азаматтың өтініші тіркеліп, тұрғын үй құрылысын салу үшін дайын алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары уақытша тоқтатылған. 

Жалпы, 2013-2014 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерді түгендеу қорытындысы бойынша нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай немесе заңды бұза отырып пайдаланған 544 жер учаскелері анықталды, оның ішінде, өз еркімен мемлекет меншігіне 122 жер учаскесі қайтарылды, 45 жер учаскесі бойынша сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, 204 жер учаскесінің меншік иелері жерді мақсаты бойынша игеруге қажетті шараларын алғандығы анықталып, 51 жер учаскесі жердің меншік құқығын өзге тұлғалардың атына ресімдегендігі белгілі болды, 7 жер учаскесінің құжатары Маңғыстау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы тарапынан сотқа талап арыз беріліп, 115 жер учаскесінің меншік иелеріне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92–94 баптарына сәйкес жазбаша ескертулер берілді. 

Кәсіпкерлік мақсаттағы жерлер бойынша:

Пайдаланылмаған және Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланған жерлерді анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Маңғыстау облыстық прокуратурасының бірлескен жұмыс тобы жұмыстарының нәтижесінде, облыс бойынша көлемі 25 133,9 гектарды құрайтын 1052 игерілмеген жер учаскесі анықталды. 

Оның ішінде, 223 жер учаскесінің 93 жер учаскесі өзге тұлғаға сатылған, 19 жер учаскесі прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде мемлекетке қайтарылған, 14 учаскенің нысаналы мақсаты өзгерген, 3 учаске өз еркімен мемлекетке қайтарылған және 94 жер учаскесінің пайдалану мерзімі аяқталған.

Пайдаланылмаған 829 жер учаскесі бойынша жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттігі туралы 748 ескерту жолданды. Жер учаскесін қайтып алу рәсімдері мерзімінің ұзақтығына байланысты, жұмыстың қорытындысы 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында алынуы мүмкін.

Маңғыстау облысының

жер қатынастары басқармасы


Соңғы жаңарту : 2017-05-05 11:57:08

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz