Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ қызметі

26.06.2015
19:26:27
0

Басқарманың функциялары

12. Басқарма, заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын, аумақтарды қала құрылыстық жобалаудың кешенді сұлбаларын (облысты аудандық жоспарлау жобасы немесе оның бөлігі) жүзеге асыруды орта жүйеге келтіру;

2) жүз мыңнан астам халық тұруға есеп жасалынған облыс қалаларының бас жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

3) облыстың әлеуметтік және экономикалық дамыту бағдарламасы құрамындағы облыс аумақтарын қала құрылысы бойынша дамытудың кешенді сұлбалық жобаларын жасақтатуды ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық мәслихат қолдаған жүз мыңнан астам халық тұруға есеп жасалынған облыс қалаларының бас жоспарымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

4) облыстық маңызы бар жүз мыңға дейін халық тұруға есеп жасалынған қалалардың аумақтарын қала құрылыстық дамытуының кешенді сұлбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат қолдаған жүз мыңға дейін халық тұруға есеп жасалынған қалалардың бас жоспарын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

5) аумақтық құрылыстың, көркейтудің және аумақты инженерлік қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үйлер қоры және басқа да тұрғын – үй азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік жүйелерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор нысандарын сақтау және күту туралы ережелерді облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қала құрылыстық факторларына байланысты әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасын анықтау немесе өзгерту туралы ұсынысты облыстық мәслихатқа енгізу;

7) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарына келісім ету;

8) жүз мыңға дейін халық тұруға есеп жасалынған облыстық маңызды қалалардың бас жоспарларына кешенді қала құрылыстық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;

9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарына (қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді сұлбалық жобасына, жоспарлау жобасына) сәйкес әрі қарай дамыту үшін дайындалған қала құрылысы (құрылыс жобалары, тәптіштелген жоспарлау, салу жобалары) жобаларын бекіту және жүзеге асыру;

10) жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен кешендерді орналастыру, құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық жағынан қайта жарақтау, жетілдіру, қайта құрылымдау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жөнінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тұмшалау, объектілерді қайта пайдаға жаратқаннан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар даярлау;

11) қалаларды, поселкелер мен селоларды дамыту және қайта өзгертіп салу үдерісінде сәулеттіліктің, құрылыстың жоғары идеялық-көркемдік деңгейін қамтамасыз ету, сәулеттік – қала құрылысы ансамблінің, ғимараттар құрылысының көрнекілік шешімін қамтамасыз ету, әр сала нысандары құрылысы бойынша жер телімдерін таңдау жұмыстарына қатысу;

12) жоспарланудағы аумақтық құрылыс жобалары немесе басқа да қала құрылысы барысындағы өзгерістер жөнінде халыққа мәлімет беру;

13) облыс деңгейінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және оны жүргізу;

14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;

15) облыс орталығының құрылысын салудың аудандық жоспарлау схемасы мен бас жоспарын әзірлеуге қатысу, қалалардың, қала үлгісіндегі елді мекендердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын келісу, қала құрылысы мен сәулеттік - құрылыс құжаттамаларын әзірлеуге және оларды бақылауға қатысу;

16) облыстық мәслихатқа тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құру туралы ұсыныс беру;

17) салынған объектілердің пайдалануға берілуін қабылдап алуда қабылдау комиссиясы мен жұмыс комиссияларының жұмыстарына қатысу;

18) құрылыс үдерісін мемлекеттік реттеуге және құрылыс салуға, тұрғын үй құрылыстарын салуға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлуге қатысу;

19) сәулет және қала құрылысы саласындағы өңірлік жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша ұйымдық-әдістемелік басшылық жасау мен қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

20) нысандар құрылысына техникалық – экономикалық негіздемелер мен жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

4. Басқарманың құқықтары

13. Басқарманың негізгі міндеттерін іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте төмендегідей құқықтары бар:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келетін жобалық-сметалық құжаттамалардың техникалық тапсымалары мен басқа да ұсыныстарды келісуге және  қабылдамауға;

2) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларының құрамында осы комиссиялардың жұмысы кезінде барлық тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық құрылысы мен қайта жаңарту нысандарында, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын шығаратын облыс аумағында тұрған кәсіпорындарда бөгеусіз болуға;

3) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларының құрамында осы комиссиялардың жұмысы кезінде басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін функцияларын жүзеге асыруға қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды, олардың меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан сұратып алуға және алуға;

4) басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

5) шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзіретінің шегінде ұйымдар мен кәсіпорындардың шет елдік жетекші фирмаларымен байланыс орнатуына ықпалды жәрдемдесуге;

6) қала құрылысы тәртібін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзып, өз бетімен құрылыс салуға кінәлі адамдарды белгіленген тәртіппен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе айыппұл санкцияларын беру туралы тиісті мемлекеттік органдардың алдына мәселе қоюға.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz