Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Өңірдің сәулет-қала құрылысы дамуы

26.06.2015
19:26:28
0


«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 47 бабының 1-тармағына сәйкес, елді мекендердің аумақтарын дамытужәне оған құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

Елді мекендердің бас жоспарлары қалалар мен елді мекендердің кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендер белгіленген тәртіппен бекітілген, қолданыстағы бас жоспарлармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерде негізгі қала құрылысы құжаты ретінде дамыту мен оған құрылыс салудың белгіленген тәртіппен бекітілген схемасы (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы) болуы мүмкін.

Бас жоспарларда әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ескеріле отырып, елді мекеннің аумағын дамытудың негізгі бағыттары белгіленеді.

Осыған байланысты сәулет және қала құрылысы басқармасының басты міндеттерінің бірі – облыстың елді мекендерінің бас жоспарлары мен даму және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары бекіткен 2012 – 2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысының қалалары мен ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕЖЖ) және құрылыс салу жобаларын әзірлеу кестесіне сәйкес, қазіргі таңда облыстың барлық қалалары мен елді мекендері бекітілген бас жоспарлар мен даму және құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз етілген.

Ақтау қаласы. Ақтау қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1147 қаулысымен бекітілген. Бекітілген бас жоспар негізінде қаланың 20 шағын ауданының, соның ішінде Шығыс-1,2,3 ш.а., егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) әзірленіп, Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді,.

Жаңаөзен қаласы. Жаңаөзен қаласының бас жоспары Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/91 шешімімен бекітілді. Рахат кентінің ЕЖЖ Жаңаөзен қаласы бас жоспарының құрамында бекітілген. Қызылсай ауылының бас жоспары Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/111 шешімімен бекітілді.

Бейнеу ауданы. Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 23/154 шешімімен аудан орталығы Бейнеудің ЕЖЖ бірге бас жоспары, сондай-ақ Бейнеу ауданының 9 елді мекенінің (Тәжен, Сарға, Сыңғырлау, Тұрыш, Сам, Төлеп, Ноғайты, Есет және Ақжігіт) дамыту мен құрылыс салудың схемалары бекітілді.

Қарақия ауданы. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №№ 27/273, 27/274, 27/275 және 27/276 шешімдерімен аудан орталығы Құрық және Жетібай елді мекенінің ЕЖЖ бірге бас жоспарлары, сондай-ақ Сенек және Құланды (олардың құрамында Аққұдық және Қызылсу) елді мекендерінің дамыту мен құрылыс салудың схемалары бекітілді. Бостан ауылының бас жоспары 2012 жылы Қызылсай ауылымен бірге бекітілді. Болашақ елді мекенінің ЕЖЖ бірге бас жоспары Қарақия аудандық мәслихатының 14.12.2015 ж. № 30/314 шешімімен бекітілді. Бостанқұм және Төлеп шағын ауылдары келешекте көшіруге жоспарланған, осыған байланысты аталған елді мекендердің дамыту мен құрылыс салудың схемаларын әзірлеу жөнсіз деп табылды.

Маңғыстау айданы. Аудан орталығы Шетпенің ЕЖЖ бірге бас жоспары Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/126 шешімімен бекітілді. Ауданның 20 елді мекенінің (Сайөтес, Жармыш, Ұштаған, Онды, Бекі, Боздақ, Басқұдық, Сазды, Жарма, № 15 Бекет, Жыңғылды, Тұщықұдық, Қызан, Шайыр, Шебір, Ақшымырау, Тұщыбек, Тиген, Қияқты және Тасмұрын) дамыту мен құрылыс салудың схемалары Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 23/194 шешімімен бекітілді.

Мұнайлы ауданы. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 31/328 шешімімен аудан орталығы Маңғыстау және Дәулет, Қызылтөбе, Басқұдық, Атамекен елді мекендерінің ЕЖЖ бірге бас жоспарлары бекітілді. Батыр ауылының бас жоспары Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/164 шешімімен бекітілді. Баянды ауылының дамыту мен құрылыс салудың схемасы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.12.2015 ж. № 39/422 шешімімен бекітілді.

Түпқараған ауданы. Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласының ЕЖЖ бірге бас жоспары Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/138 шешімімен бекітілді. Аташ және Баутин елді мекендерінің ЕЖЖ қала бас жоспарының құрамында бекітілді. Ақшұқыр ауылының ЕЖЖ бірге бас жоспары Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 9/65 шешімімен бекітілді. Сайын Шапағатов ауылының ЕЖЖ бірге бас жоспары Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 9/66 шешімімен бекітілді. Қызылөзен ауылының дамыту мен құрылыс салудың схемасы әзірленді. Таушық елді мекенінің дамыту мен құрылыс салудың схемасы Түпқараған аудандық мәслихатының 08.07.2016 ж. № 4/36 шешімімен бекітілді.

Облыстың стратегиялық қала құрылысы дамуы саласындағы мемлекеттік саясатын белгілеу және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы мен өңірлерді аумақтық дамытудың өңіраралық схемасының негізгі ережелерін нақтылау мақсатында Маңғыстау облысы аумағын қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемасы әзірленді. Қазіргі таңда жоба тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, жоба бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

  Ақтау қаласының жаңа жалпықалалық орталығының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) жасақталды. Жоба сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, жоба бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді және кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды.

  «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ақтау қаласы маңында орналасқан Түпқараған ауданының Ақшұқыр және С.Шапағатов елді мекендерінің жері лайықты деп табылды. Бекітілген бас жоспарларға сәйкес, аталған елді мекендерде қала тұрғындарын қоныстандыруға резервтік аудандар қарастырылған болатын. Қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы басқармасы «Ақтау қаласының жеке тұрғын үй салуға жер телімі кезектігінде тұрған азаматтарды қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын-үй құрылысы (ЖТҚ) аумақтарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) әзірлеу» бойынша мемлекеттік сатып алуға конкурстық рәсімдерін жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңарту : 2017-05-05 12:05:22

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz