Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жылумен қамтамасыз ету

26.06.2015
19:26:32
0

Облыс бойынша 100 Гкал-дан жоғары қазандықтардың барлығы 3 бірлік, оның ішінде “МАЭК-Казатомпром” ЖШС-ға қарасты ЖЭО-1 және ЖЭО-2, “Өзенжылу”МҚК-ның қазандығы. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар  саны - 126 бірлік.

Ақтау, Жаңаөзен және Маңғыстау қалаларында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету пайдаланылады. Облысты орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету қызметімен қамтылу деңгейі 51%-ды құрайды.

Ақтау қаласын жылумен қамту “МАЭК-Казатомпром” ЖШС-ға қарасты ЖЭО-1 және ЖЭО-2 кәсіпорындарымен қамтамасыз етіледі.

Жаңаөзен қаласының жылумен қамтылуы “Өзенжылу” МҚК-ның орталық қазандығымен жүзеге асырылады.


Аудан орталықтары мен ауылдық елді-мекендерде жылу көздері ретінде дербес қазандықтар мен газ қазандары пайдаланылады. Оларды орталықтандырылған жылу жүйесіне ауыстыру экономикалық тұрғыда қолайсыз.

Қазыналық меншікке тиесілі жылу желісінің жалпы ұзындығы - 779,9 шақырым.


Жаңаөзен қаласы тұрғындарын жылумен қамту сапасын жақсарту және Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешу бойынша Кешенді жоспар аясында жылу энергиясы шығынын азайту үшін  қолда бар жылу жүйелерін 4 құбырлы жүйеге алмастырып және қаланың 365 қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарында жеке жылу пункттерін орната отырып қайта құру мен кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік сала нысандары мен көп қабатты тұрғын үйлер жылу энергиясын есептеу құралдарымен 100%-ға қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, орталық қазандықты 4 кезеңге бөліп атқарылатын шағын ЖЭО-на алмастыра отырып қайта құру жүргізілуде. Жұмыстың 1, 2, 3 кезеңдері 100%-ға орындалды, 4 кезең бойынша жұмыстар атқарылуда, 2014 жылы 1 364 080 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталмыш жоба 2010-2014 жылдар аралығындағы республикалық бюджеттен жұмсалатын мақсатты трансферт есебінен жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Ақтау қаласының жеке түлғаларына жылу энергиясын есептеудің 53 құралы орнатылды. “МАЭК-Казатомпром” ЖШС анықталуы 2014 жылдың аяғына жоспарланған тасымалдаушыны таңдау жұмыстары бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Департаментінде үш тарапты келісімшарт келісімге ұсынылды.

Заңды тұлғаларға жылу энергиясын есептеудің 283 құралы орнатылды. Бүгінгі таңда есептеу құралдарымен жабдықталған заңды тұлғалардың үлесі 85%-ды, жеке тұлғалардың үлесі - 2,7 %-ды құрайды.


“КЖСА” МҚК Еуропа қайта құру және даму банкінен қарызға алынған қаражат есебінен Ақтау қаласы жылумен қамту жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Маңғыстау облысы әкімдігі, “КЖСА” МҚК және ЕҚжДБ арасында несиелік келісімшартқа қол қойылды. Аталмыш жоба аясында 66 шақырым жылу желісін қайта құру, әр ғимаратта есептеудің өлшеуіш құралдарымен бірге жеке автоматтандырылған жылу алмастырғыштар орнату, яғни  334 ғимаратты “ашықтан” “жабық” жүйеге ауыстыру жоспарлануда. Бұл жобаны жүзеге асыру энергия үнемдеуіш оңашалау алдындағы құбырларды пайдалана отырып Ақтау қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz