Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Электрмен қамтамасыз ету

26.06.2015
19:26:33
0

“МАЭК-Казатомпром” ЖШС облыстағы энергия өндіруші жалғыз кәсіпорын және облыстың 90%-нан астам тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етуші ұйым болып табылады.

“МАЭК-Казатомпром” ЖШС Маңғыстау облысын электр энергиясымен, ал Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарды ауызсуымен қамтамасыз етеді. Энергия кешенінде электр энергиясын өндіру бойынша орнатылған қуаттылық 1342 МВт құрайды, қолдағы қуаттылығы-980 МВт, жылу энергиясы -1101 Гкал; тазарту тұщыландыру қондырғыларының (ТТҚ) қолдағы қуаттылығы -2825ти/сағатты, ауызсуды дайындау бойынша тәулігіне 70 мың текше метрді құрайды. 2009 жылы кәсіпорын 4018,6 млн. кВт.сағ. немесе 2008 жылға қарағанда 97,7 % өндірді. 2011 жылы электр энергиясын өндіру 4 506,3 млн. кВт.сағатты құрады. Облыс елді мекендерін электрификациялау 100 %-ға жетті.

Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығына байланысты экономикасының қарқындап жоғарылауы энергия қорларын тұтынудың шұғыл артуына әкелді. Аймақ тұтынушыларын электрмен сенімді қамтамасыз етілуінің кепілі түрлендіру көздері мен электр желілері нысандарының озық дамуы болып табылады. «МАЕК-Казатомпром» ЖШС базасында қуаттылығы 250 МВт бу-газды энергия блогының құрылысына қатысты мәселелер анықталуды.

Қала және облыс аудандарындағы электр қуатын тасымалдау электр желілері бойынша «Маңғыстау электр желілік тарату компаниясы» («МЭТК» АҚ) АҚ-мен, Ақтау қаласы бойынша «АЭЖБ» МҚК-мен жүзеге асырылады. 

Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзақтығы 8699,26 шақырымды, ТҚС, КТҚС-1262 бірлік, оның ішінде коммуналдық меншіктегісі-2812,03 шақырымды, жеке меншікке тиесілісі-5611,52 шақырымды құрайды. Тозығы жеткен желілер 63,5 %-ды, оның ішінде коммуналдық меншікке тиесілісі-823,68 шақырымды немес 24,4%-ды құрайды. Берілген көрсеткіштердің басым құрамдас бөлігін 52% немесе 360 шақырымды алып жатқан Ақтау қаласына қарасты желілері, ТҚС, КТҚС құрайды. 

Осыған байланысты «МЭТК» АҚ,  «АЭЖБ» МҚК тарапынан жыл сайын қолда бар электрмен қамтамасыз ету желілері мен ТҚС-ге ағымдағы, күрделі жөндеулер мен қайта өңдеулер жүргізіледі. 2012 жылы кәсіпорындардыі өз қаражатының есебінен 693,55 шақырым, 592 ТҚС жөндеуден өткізілді. Ақтау қаласында республикалық бюджеттің мақсатты трансферті есебінен 211,562 млн. теңге сомаға  20 бір трансформаторлы қосалқы станцияларды екі трансформаторлыға алмастыру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 300 млн. теңге сомасына Жаңаөзен қаласында қолданыстағы трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату пункттерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Электр қуатын есептеу құралдарымен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.

Ірі мұнай тұтынушыларының электр жүктемесі өсімін өтеуді қамтамасыз етуі үшін және “МЭТК”АҚ-ның электрмен сенімді және үздіксіз қамсыздандыруын қамтамасыз етуге арналған электр желілерінің жеткілікті деңгейдегі тасымалдау қабілетімен қамтамасыз етуге және аймақты электрмен сенімді әрі үздіксіз қамсыздандыру үшін қосымша апаттық сызбаның нұсқасын әзірлеуге мүмкіндік беретін 2015-2019 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарлама әзірленді. 

Энергиямен қамтамасыз ету және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан облыстағы энергиямен қамтамасыз ету саласындағы ірі энергетика кәсіпорындарымен жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш кәсіпорындар тарапынан  энергиямен қамтамасыз ету, жабдықтарды жетілдіру, «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МҚК нысандарында электр қуатын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдеу шамдарын пайдалану бойынша кешенді жоспарлар әзірленді. 

Ақтау қаласы бойынша электр энергиясын ұсыну және таратумен айналысатын “АЭЖБ” МҚК-да АСКУЭ-ні ендіру бойынша жұмыстар басталды. Дәлділік класы 0,25-0,5 электр есептеуіш құралдары орнатылады, бұл тұтынылған энергияны өлшеудің дәлдігін арттырады. Жүзеге асырылу мерзімі - 2014-2015 жылдар. Есептеу құралдарындағы ақпарат қашықтықтан энергияны пайдалануды шектеуге және пайдаланған электр қуаты үшін уақытылы төлемеген тұтынушыны тоқтан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласының 108 қосалқы станциясында  СЖ БАЖ  (Сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі) телеметриялық жабдығы орнатылды. 

Телеметриялық жабдықтар мен көп тарифті есептеу құралдарын орнату көше жарықтарының жану уақытын қысқартуға және төлемдерді дифференциалды тариф бойынша және нақты пайдаланғаны үшін төлеуге мүмкіндік беріп отыр.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz