Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

"ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ" ММ қызметі

16.07.2015
18:52:29
0

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бюджеттің атқарылуы, қаржылық және бюджеттік есептілік, облыстық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

2) жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдіснамалық басшылық жасау және деңгейаралық үйлестіру;

3)  жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

4)  облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыруына қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашу үшiн, қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелеріне қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға өтінім беру;

5) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асыру;

6)жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

7) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; 

8) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бар  аудандар,  қалалардың  жергілікті  атқарушы  органдарының,  олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;

9) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

10)облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарды жариялау үшiн мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткiзу;

11) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және  тарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім беру;

12) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарау және келісу;

13) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың,  мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

14) облыстық коммуналдық мүліктерді облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

15) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім беру;

16) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз ету мәселелерін келісу;

17) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жарғылық капиталында тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органның қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келісу;

18) акционерлік қоғамның акцияларын және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесін облыстық коммуналдық меншік құрамына сатып алу бойынша жұмыс жүргізу;

19) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмыс жүргізу;

20) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмыстарды жүргізу;

21) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы келісу;

22) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауында белгіленген  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келісу;

23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

24) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды  ұйымдастыру,  оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

25) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

26) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, кейіннен сатып алу құқығымен, кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

27) мемлекеттік мекемелердің облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығару бойынша мәселелерді келісу;

28) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

29)облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге  асыру;

 30) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және облыстың тексеру комиссиясына бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасап, тапсыру;

31) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспары және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасау, бекіту және жүргізу;

32) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар   енгізу;

33) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті жасау;

34) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін жасау;

35) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындау;

36)мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының  қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге  асыру;

37) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

38) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қалалар мен аудандар әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;

39) облыстық бюджеттi (түзетуге) нақтылау бойынша ұсыныс енгiзу;

40) бюджеттi атқару кезінде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына бағалау жүргiзу;

41) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

42) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз ету;

43) бюджеттiк мониторингті жүзеге асыру;

44) мемлекеттік мекемелердің өз қарауына қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;

45) облыстық мемлекеттiк ұйымдармен мемлекеттiк сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың мониторингін жүргізу;

46) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы  7 шілдедегі Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен жеке бастамашы тәртібінде енгізген ұсыныстарын есепке ала отырып, тізбеге енгізу үшін, коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастыру;

47) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссия туралы ереженi келісу;

48) коммуналдық меншiкке жататын және тізілімде қаралған концессия объектілеріне қатысты конкурс ұйымдастыру;

49) комиссия шешімі негізінде, коммуналдық меншікке және тізілімде қаралған концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасу;

50) коммуналдық меншікке жататын және тізілімде қаралған концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

51) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікте тұрған концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

52) концессиялық шарттарының негiзiнде құрылған (салынған) объекілердi коммуналдық меншiкке қабылдау;

53) коммуналдық меншiкке жататын концессиялық объектілері бойынша жасасылған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;

54) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

55) Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының сақталуы бойынша iшкi қаржы бақылауын жүзеге асыру;

56)мемлекеттiк орган қызметiнің бағыттары, мемлекеттiк органдағы және ведомствосына қарасты ұйымдардағы басқару жүйесiнiң жұмыс жасауын бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларын iске асыру бойынша iшкi бақылауды жүзеге асыру;

57) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асыру;

58) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асыру;

59) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;

60) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

61) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері  қорытындылары  бойынша  қабылданған шешімдердің орындалуын

бақылауды жүзеге асыру;

62) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұрату және өзі белгілеген мерзімінде алу;

63) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен танысу;

64) кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды  ұйымдастыру;

65) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру бойынша алдын ала келісуді жүргізу;

66) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болу;

67) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келісу;

68) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау  мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

69) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де  өкілеттіктерді жүзеге асыру.


«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерін іске асыру және өз функциясын жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары бар:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды  тұлғаларынан ақпарат сұратуға және  алуға;

2) салық органдарынан облыс бюджетінің, оның ішінде қалалар мен аудандар бюджеттері салықтарының және басқа да міндетті төлемдерінің сомалары  туралы  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі  белгілеген нысанда және мерзімде есептерін, барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы, қаржы шаруашылық қызметі, бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;

3) төмен  тұрған  қаржылық  органдардың  орындауы  үшін  міндетті  өз құзыретінің шегіндегі құқықтық актілерді шығаруға;

  4) облыстың бюджеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;

  5)  қаржылық  тәртіптің  сақталуында   және   өз   құзыретінің   өзге  де

мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарға, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға және облыстық коммуналдық меншік акцияларының мемлекеттік пакеті мен мемлекеттік қатысу үлестері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;

  6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, облыстың коммуналдық меншіктің мемлекеттік қатысу үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларда бақылау жүргізу актілерін, осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;

  7) өз құзыретінің шегінде жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі  бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қарауына, олардың лауазымдық тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;

  8) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

  19. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге;

3)  «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 


Соңғы жаңарту : 2017-05-04 15:35:33

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz