Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму

27.07.2015
12:36:36
0

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың қаңтар-маусымында қолданыстағы бағада 772,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 98,4% құрады.

Болмашы өсім – облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 89,3% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі төмен НКИ-мен (97,9%) байланысты болды (689,9 млрд. теңге). Мұнай-газ саласының 15%-ын қамтитын техникалық (сервистік) қызметтердің (бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу) 20%-ға төмендеуі байқалады (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 109,2 млрд. теңге, 2014 жылдың қаңтар-маусымында – 132,4 млрд. теңге, НКИ – 80,5%).

Есепті кезеңде 9,2 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2014 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 100,7%. Табиғи газ өндіру 16,8%-ға артты  (1 173,3 млн. текше метр).

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,3%) 41,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 101,6% құрады.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 1,6 есе,резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісінде – 1,2 есе, тері және оған қатысты бұйымдар өндірісінде – 16,1%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 20,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,7%-ға өсу байқалады.

Машина жасауда 16,2%-ға төмендеу байқалады («Каскор-Машзавод» АҚ, «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС), бұл да өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін төмендетуіне байланысты.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 9,5 млрд. теңге көлемінде немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 15,1%-ға көп өнім шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 107,3%, өндіру көлемі – 31,7 млрд. теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 195,9 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 86,7%.

Төмендеу бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынаты инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Ағымдағы жылы 100,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 850 жұмыс орны құрылатын 16 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 5,4 млрд. теңге сомасына және жаңадан 274 тұрақты жұмыс орнын құрумен 3 жоба («КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС) пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:

1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 10;

2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 тонна құрғақ жүк. Жұмыс орындары – 173;

3. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік. Жұмыс орындары – 8;

4. «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС – сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен. Құны – 1668 млн. теңге. Қуаттылығы – 20 млн. бума инфузиялық дәрілік құралдар. Жұмыс орындары – 29;

5. «ДСК-Ақтау» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу. Құны – 1 580 млн. теңге. Қуаттылығы – 300000 м2. Жұмыс орындары – 68;

6. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы. Құны – 1 499 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына  3,5 млн. м2. Жұмыс орындары – 5;

7. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 40;

8. «Берекет-Ф» ЖШС – Нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты. Құны – 828 млн. теңге. Қуаттылығы –  тәулігіне 25 тонна. Жұмыс орындары – 80;

9. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы. Құны – 825,9 млн. теңге. Қуаттылығы – 22 мың МВт. Жұмыс орындары – 4;

10. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы –  жылына 1000 дана. Жұмыс орындары – 60;

11. «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС – шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехтың құрылысы. Құны – 568 млн. теңге. Қуаттылығы –  жылына 260 км. Жұмыс орындары – 50;

12. «Достық Полимер» ЖШС – полимерлік бума өндіретін зауыт салу. Құны – 191,9 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 380 тонна полимерлік бума. Жұмыс орындары – 32;

13. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна. Жұмыс орындары – 20.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 55,9 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 93,8% құрады.

Негізгі себеп – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу есебінен қамтамасыз етілгеніне, сондай-ақ «Бейнеу-Шалқар» автомобиль жолындағы құрылысқа байланысты құрылыстағы көлемнің төмендеуі.

Жалпы ауданы 273,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың осындай деңгейінен 2,3%-ға аз (2014 жылдың 1 жартыжылдығы – 279,6 мың шаршы метр). Негізгі көлем қарыз алушылардың меншікті қаражатына келеді.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында, аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда:  «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде құрылыс аяқталуда, «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде жұмыстар басталды.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылдың маусымында 2014 жылдың желтоқсанына 102,2% (ҚР бойынша – 101,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,4% (ҚР бойынша – 101,4%), азық-түлік емес тауарларға – 101,2% (ҚР бойынша – 100,7%), ақылы қызметтерге – 104,2% (ҚР бойынша – 102,1%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар негізінен тұрақты.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 57,4 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 6,0%-ға артық.

Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-мамырында 2 204,2 млн. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 47,2%, оның ішінде  тауарларды экспорттау – 1 968,5 млн. АҚШ долларын (44,5%), импорт – 235,7 млн. АҚШ долларын (96,2%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1 732,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4605,8 млн. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 104,2%. Ірі қара мал басының – 1,4%-ға, қой мен ешкі басының – 5,1% -ға, жылқы басының – 9,8% -ға, түйе басының – 6,7% -ға өскені байқалады.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1.06.2015 жылға 46,5 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 8,4%-ға артты.

Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 334,2 млн. теңге сомасына 115 микрокредит беріп, 184 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, «Каспий» МҚҰ» ЖШС 116,56 млн. теңге жалпы сомасына 37 микрокредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында шағын бизнес субъектілеріне 3 500,7 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38,3%-ға аз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында, ӨҮК отырыстарында 3 203,04 млн. теңге жалпы сомасына 24 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 3 182,2 млн. теңге жалпы сомасына 20 жоба; кредиттерді кепілдеріндіру бойынша 29,5 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (оның ішінде, мемлекеттік қолдау сомасы – 2,9 млн. теңге); жетіспейтін ифнрақұрылымды жеткізу бойынша 994,6 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (инфрақұрылым құны – 17,9 млн. теңге) мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 12570 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 13503 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 941 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 704 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 8421 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 6339 адам қамтылып, оның ішінде 3100 адам жұмысқа орналастырылды, 1828 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,2%-ды құрап (2014 жылдың 1 тоқсанында – 5,4%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,8%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың 1 тоқсанында 229 167 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 18,9%-ға жоғары.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтар-маусымында 138,2 млрд. теңге (болжамға – 99,6%), оның ішінде республикалық бюджетке – 82,8 млрд. теңге (болжамға – 93%), жергілікті бюджетке – 55,4 млрд. теңге (болжамға – 111,2%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Білім беру. Білім беруге 2015 жылға арналған шығыстар 45,4 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 8%). 1.07.2015 жылға 23,2 млрд. теңге игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді. Ағымдағы жылдың басынан бері 445 орындық 3 мемлекеттік балалар мекемесі және 375 орындық 6 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді.

2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталды.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орта мектептің құрылысы  2015 жылы басталды.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жалғасуда.

7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен  1,6 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға2015 жылға арналған шығыстар 18 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 9,8%). 1.07.2015 жылға 8,7 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге көздестірілді.  Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 0,680 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулаторияның, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында  ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында(Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде.

Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5-тен 11,7-ге дейін артты. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылдың қаңтар-маусымында – 1 жағдай).

Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы 100 мың халыққа шаққандағы 32,7-дан 2015 жылғы қаңтар-маусымда 35,0-ге дейін артты.

Спорт және дене шынықтыру. Облыс бойынша 16 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Оларда айналысатындардың жалпы саны 11,2 мың баланы, оқушыны құрайды.

Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 128,6 мың облыс тұрғынын құрайды (21,4%).

2015 жылдың басынан бері 13 мың адамды жалпы қамтумен салауатты өмір салты бойынша 224 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы, оның ішінде ауылдық жерде 5,0 мың адам қатысқан 65 іс-шара өткізілді. 

Таяу жылдарға арналған перспективамен спорт құрылыстарының санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ақтау қаласындағы Теннис орталығының құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен 2015 жылға 518,9 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласында Жаңаөзен қаласында 200 мың бірлік сақталатын кітап қоймасы бар қалалық кітапхана салуға жергілікті бюджеттен –  305,4 млн. теңге, 9 шағын аудандағы облыстық мұражайға жапсарлама салуға 132,8 млн. теңге бөлінді.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Облыс бойынша 2015 жылдың   1 жартыжылдығында тіркелген қылмыстардың жалпы санының 32,8%-ға өсуі байқалады (3089-дан 4101-ге дейін).

Қабылданып жатқан профилактикалық сипаттағы шараларға қарамастан, ауыр қылмыс түрлерінің 61,4%-ға (220-дан 355-ке дейін), сондай-ақ онша ауыр емес қылмыстардың 108,4%-ға (545-тен 1136-ға дейін) өскені байқалады.

Сонымен бірге, аса аур қылмыс түрлерінің 33,3%-ға (27-ден 18-ге дейін), ауырлығы орташа қылмыстардың 3,7%-ға (2293-тен 2209-ға дейін), адам өлтірудің 38,5%-ға (13-тен 8-ге дейін)төмендегені байқалады.

Көшеде жасалған қылмыстар 11,0%-ға (436-дан 388-ге дейін) төмендеді және бұрын сотталған адамдар 57,3%-ға аз қылмыс жасады (75-тен 32-ге дейін).

Қоғамдық орындарда 11,0%-ға (436-дан 388-ге дейін), кәмелетке толмағандармен 31,1%-ға (45-тен 31,2-ге дейін), сондай-ақ атыс қаруын қолданумен 40%-ға (10-нан 6-ға дейін) аз қылмыс жасалды.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 6,5%-ға (170-тен 159-ға дейін), қаза болғандар саны – 30,4%-ға (46-дан 32-ге дейін) және жараланғандар саны 4,3%-ға (207-ден 198-ге дейін) төмендеді.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz