Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

11.08.2015
12:34:22
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 28 «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2637 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің

міндетін атқарушы    С. Алдашев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________  Б. Ерсайынұлы

«___» ______________ 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» _________ № ____ қаулысымен бекітілген

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылдар тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11455 болып тіркелген) бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім болып табылады.

Құжаттар топтамасын қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес.

Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қала) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау

мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

Нәтижесі – жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурсында хабарландыру.

3) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады, тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Нәтижесі – құжаттарды ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жолдау;

4) Ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені және аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізілімді алғаннан кейін бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Нәтижесі – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені және тізілімді бекіту;

5) Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе және аудан (облыстық маңызы бар қала) тізілім бекітілгеннен кейін Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Нәтижесі – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені және тізілімді Басқармаға ұсыну;

6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, мәліметтердің сәйкессіздігі немесе құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады – 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Нәтижесі – жиынтық актілерді жасау және бекіту немесе субсидияларды төлеуден бас тарту;

7) Басқарма жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Нәтижесі – аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Бөлім;

3) Комиссия;

4) Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі;

5) Басқарма.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің  (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес.

2) Бөлім 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

3) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4) Ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені және аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізілімді алғаннан кейін бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

5) Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе және аудан (облыстық маңызы бар қала) тізілім бекітілгеннен кейін Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, мәліметтердің сәйкессіздігі немесе құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады – 10 (он) жұмыс күгі ішінде.

7) Басқарма жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 10 (он) жұмыс күні ішінде.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

                                                                                                                                                                                                                 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

                                                                                                                                                                                                                  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

                                                                                                                                                                                                                  қосымша

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің  бизнес - процестерінің анықтамалығы


Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz