Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

18.08.2015
15:42:20
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған)..

3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген  күннен  бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің

міндетін атқарушы    С. Алдашев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________  Б. Ерсайынұлы

«___» ______________ 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» _________ № ____ қаулысымен бекітілген

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылдар тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім болып табылады.

Құжаттар топтамасын қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес.

2) ауданның (облыстық маңызы бар қала) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) 5 (бес) жұмыс күні ішнде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер берген төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.

3) Бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

өтінімді «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы  № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына;

төлем туралы өтінімді;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.

4) Бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жібереді.

5) Бөлім төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеруді аяқтағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды.

6) Бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін Басқармаға жібереді.

7) Басқарма өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.

8) Басқарма өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің жасалған тізілімін тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Бөлім;

3) Басқарма.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің  (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес.

2) Бөлім 5 (бес) жұмыс күні ішнде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер берген төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.

3) Бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

өтінімді Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына;

төлем туралы өтінімді;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.

4) Бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді Басқармаға жібереді.

5) Бөлім төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеруді аяқтағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды.

6) Бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін Басқармаға жібереді.

7) Басқарма өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.

8) Басқарма өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің жасалған тізілімін тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл

шаруашылығы дақылдарын

өңдеуге арналған гербицидтердің,

биоагенттердің (энтомофагтардың) және

биопрепараттардың құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің  бизнес - процестерінің анықтамалығы



Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz