Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

20.08.2015
18:11:26
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

  1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен  жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін.

  2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

  3) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарүшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекетттік  нөмiрлiк белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

  4) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

  5) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретіншассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бартіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігіненжүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысымашиналары мен механизмдерін, сондай-ақжүріп өту мүмкіндігіжоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

  6) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 154 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2480 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), 2014 жылғы 30 қазандағы № 269 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 154 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2538 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

________________ Б. Ерсайынұлы

«__»____________ 2015 ж.


Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz