Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

02.09.2015
10:29:47
0

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________ № ____

қаулысымен бекітілген

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1.  «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)   www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы, www.elicense.kz, (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің  нәтижесі – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім хатын беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішін қағаз нұсқасында ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

ЭҮП-да  мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11238 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электронды сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

3

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және көрсетілетін қызметті берушініңқұрылымдық бөлімше басшысына одан әрі жұмыс жасауы үшін жолдауы;

3) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдауы;

4) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі;

5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;

6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6.  Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7.  Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте өтініштің көшірмесіне тіркелген күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттың қабылданғандығы туралы белгі  қояды – 10 (он) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімше басшысына одан әрі қарауы үшін жолдайды – 1  (бір) жұмыс күн;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушініңжауапты орындаушысына орындау үшін жібереді – 1(бір) жұмыс күн;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді – 12 (он екі) жұмыс күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 10 (он) минут;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 10 (он ) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8. ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған, өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-да парольдi енгiзу процесі (авторлау процесі);

3) 1 - шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын ЭҮП-да тексеру;

4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 

5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының  осы  «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті  таңдауы,  мемлекеттік қызметті көрсету және оның құрылымы  мен

форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға  шығару  (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті  құжаттарды электронды түрде бекіту; 

6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;

7) 2 - шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тізілімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерінің  сұрау салуда  көрсетілген  ЖСН/БСН  және  ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН сәйкестігін тексеру;

8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы); 

10) 7 - процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ)тіркеу және  «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;

11) 3 - шарт –көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

12)  8 - процесс  –  «Е-лицензиялау»  МДБ АЖ-да  көрсетілетін  қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау»  МДБ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының  ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

9.  ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және ресімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

1) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен мемлекеттік  қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізу (авторлау процесі);

2) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгені туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;

3)  2 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту

туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;

4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

5) 4 - процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына/«Заңды тұлғалар»   мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;

10. 

6) 2 - шарт – ЖТ МДБ-да /ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;

11. 

7) 5 - процесс – ЖТ МДБ-да /ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті  алушы деректерінің болмауына байланысты  деректерді алу мүмкін   болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

12. 

8) 6 - процесс – қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

13. 

9) 7 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу  және мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да  өңдеу;

14. 

10) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін тексеруі;

15. 

11) 8 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты  сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ

АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырылады. 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің  2-қосымшасында келтірілген.

10.  Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық-жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы ЭҮП-да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет

ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын

жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне

1-қосымша

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет

ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын

жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне

2-қосымша

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3- қосымша


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz