Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Добавлено: 16.09.2015
Изменено: 03.11.2015
Просмотров: 13

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына  келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет регламенті бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі  мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау   облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз  етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген күннен  бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ Б. Ерсайынұлы

«___» _________ 2015 ж.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы