Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

22.09.2015
10:18:41
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылы 3 сәуірде «Әділет»  ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ Б. Ерсайынұлы

«___» _________ 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «____» ____________

№ ______ қаулысымен

бекітілген

«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау жжәне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:

1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;

2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелген) бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) жылдың табиғи – климаттық жағдайын ескере отырып өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және тиісті интернет-ресурстарында, сондай-ақ баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады;

3) бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім ұсынған сәттен бастап олардың осы «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі  № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) туралы бекітілген тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

4) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, бөлім өтінімді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) Басқарма ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беру;

2) интернет-ресурста және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру;

3) бөлімнің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін тексеру;

4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін Басқармаға жолдау;

5) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) бөлім;

3) Басқарма.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;

2) бөлім жылдың табиғи – климаттық жағдайын ескере отырып өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және тиісті интернет-ресурстарында, сондай-ақ баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады;

3) бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім ұсынған сәттен бастап олардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

4) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, бөлім өтінімді Басқармаға жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) Басқарма ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

«Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды

қоспағанда) құнын субсидиялау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау»

мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 

Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz