Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Добавлено: 14.10.2015
Изменено: 03.11.2015
Просмотров: 12

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 231 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қыркүйекте № 2818 болып тіркелді



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі  жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау  және балаларды қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті  бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 301 «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 2578 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 1), 7) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі  осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық  ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  облыс  әкімінің  орынбасары  Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі      А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы

____________________ З.Ж.Тастемірова

«___»________________2015 жыл

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы