Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму

26.10.2015
18:39:53
0

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым және стратегиялық мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қолданыстағы бағада 1133,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 96,5% құрады.

Болмашы өсім – облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 101,2% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі НКИ-дің төмендеуіне (96,6%) байланысты болды (1011,8 млрд. теңге). Техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 24,7%-ға төмендеуі байқалады.

Мұнай өндіру 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға артып, өндіру көлемі 13,8 млн. тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру 21,6%-ға –артты (1 830,6 млн. текше метр).

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 6,2%) 62 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 92,4% құрады.

Машина жасауда НКИ-нің 21,3%-ға төмендеуі байқалады, бұл да  өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының («Каскор-Машзавод» АҚ, «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС) өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін азайтуына байланысты болды.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 1,2 есе, азық-түлік өнімдері өндірісінде – 15,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 12,2%-ға өсу байқалады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 13,6 млрд. теңге көлемінде немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 2,6%-ға көп өнім шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 97,1%, өндіру көлемі – 45,8 млрд. теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 324,7 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 84,0%.

Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты болды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Ағымдағы жылы 96,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 675 жұмыс орны құрылатын 12 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 8,5 млрд. теңге сомасына, жаңадан 364 тұрақты жұмыс орны құрылған 6 жоба пайдалануға берілді.

1. «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС – толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыт.

2. «Қарақұдықмұнай» ЖШС – газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясы.

3. «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС – «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасының құрылысы.

4.  «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы.

5. «Берекет-Ф» ЖШС – нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты.

6. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:

1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге,  жұмыс орындары – 10.

2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 млн. тонна құрғақ жүк, жұмыс орындары – 173.

3. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік, жұмыс орындары – 8.

4. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге, жұмыс орындары – 40.

5. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы –  жылына 1000 дана, жұмыс орындары – 60.

6. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна, жұмыс орындары – 20.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 120,5 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 97,3%.

Негізгі себеп – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу есебінен қамтамасыз етілгеніне, сондай-ақ «Бейнеу-Шалқар» автомобиль жолындағы құрылысқа байланысты құрылыстағы көлемнің төмендеуі.

Жалпы ауданы 488,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың осындай деңгейінен 2,5%-ға көп. (2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 477,1 мың шаршы метр). Негізгі көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға 2015 жылға 364,4 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32а шағын ауданында 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – 2015 жылғы желтоқсан айы.

Халықтың барлық санаты үшін кредиттік тұрғын үй салуға Ұлттық қордан («Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында) 5 млрд. 352,622 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32 «А» және 33 шағын аудандарында жалпы ауданы 97 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйдің биыл аяқталатын құрылысы жүргізілуде, олар – 867 пәтерлік үш тұрғын үй кешені.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерін дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

2015 жылы 6 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, «Ақтау Ойл Маш» ЖШС аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 9,6 млрд. теңге болатын (оның ішінде Ұлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылғы маусымдағы жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысының қатысуымен осы объект бойынша пойыздардың жұмыс бабындағы қозғалысы ашылды.

Құрылысын салу кезеңінде 150 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Аяқтау мерзімі – 2015 жылғы желтоқсан. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 16,4 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан – 4,8 млрд. теңге) Құрық ауылындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде. Теңізде және алаңнан тыс коммуникациялар бойынша инженерлік-геофизикалық және инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілуде (кіреберіс жолдар, жоғары вольтты желілер (ЖВЖ), талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) үшін). Темір жолдар паркінің аумағында топырақты өңдеу және үйінділеу жүргізілуде.

Құрылысын салу кезеңінде – 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының(құны – 46,4 млрд. теңге) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) осы жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 752,4 млн. теңге игерілді, 2015 жылға 9,0 млрд. теңге көздестірілген. 15.09.2015 жылғы жағдай бойынша 6,0 млрд. теңге игерілді. Жабынның төменгі қабатының 46 километрі асфальтталды. Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.

Екі жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 425 адам, пайдалану кезеңінде – 17 адам.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) қазіргі кезде1 және 2 кезектегі теңіз түбін тереңдету жұмыстары аяқталды (№21, 22 құрғақ жүк айлақтарының, порт флотының ауданында). ІІ кезектегі теңіз түбін (айдынның қалған бөлігін) тереңдету бойынша жұмыстарды 2015 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарлануда.

Терминалды салу бойынша құрылыстың негізгі объектілерінің жұмыстары орындалды: астық терминалының сүрлемдері орнатылды, контейнер алаңы мен айлақтың қабырғасы салынды. Қызметтік және өндірістік ғимараттарды, алаңішілік инженерлік желілерді салу бойынша жұмыстар жалғасуда. Объектіні 2015 жылғы қарашада пайдалануға беру жоспарлануда.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылықтары жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өсті. Құрылатын жұмыс орындары: құрылысын салу кезеңінде – 1120 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2015 жылы 7,7 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы, «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Қаламқас» автожолының 101 және 104 километрін күрделі жөндеу (жолдарды су шайып кетуіне байланысты) және «Ақтау-Қаламқас» автожолын орташа жөндеу (10-43 км және 43-89 км) аяқталды.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салу аясындағы автомобиль жолының құрылысына жергілікті бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар басталды. Объект 2016 жылға өтеді.

Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-тамызында 3 млрд. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 46,4%, оның ішінде  тауарларды экспорттау – 2,9 млрд. АҚШ долларын (43,7%-ға төмендеді), импорт – 348,1 млн. АҚШ долларын (0,9%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі ағымдағы жылдың қыркүйегінде 2014 жылдың желтоқсанына 104,4% (ҚР бойынша – 102,9%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,2% (ҚР бойынша – 101,5%), азық-түлік емес тауарларға – 103,0% (ҚР бойынша – 103,4%), ақылы қызметтерге – 109,8% (ҚР бойынша – 104,0%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға арналған жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар тұрақты.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі есепті кезеңде 7,8 млрд. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 102,3%. Жылқы басының – 0,3%-ға (59,9 мың бас), түйе басының – 3,2%-ға (49,7 мың бас) өскені байқалады.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.09.2015 жылға 48,1 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 8,4%-ға артты. 

Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 405,4 млн. теңге сомасына 143 микрокредит беріп, 234 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, «Каспий» МҚҰ» ЖШС 116,56 млн. теңге жалпы сомасына 37 микрокредит және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 288,8 млн. теңге сомасына 106 микрокредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде шағын бизнес субъектілеріне 5,7 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 35,5%-ға аз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында, ӨҮК отырыстарында (14.10.2015 жылғы жағдай бойынша) 4,6 млрд. теңге жалпы сомасына 77 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 4,1 млрд. теңге жалпы сомасына 29 жоба; кредиттерді кепілдендіру бойынша 728,7 млн. теңге жалпы сомасына 23 жоба (оның ішінде, мемлекеттік қолдау сомасы – тиісінше 225,5 млн. теңге және 45,1 млн. теңге); жетіспейтін ифнрақұрылымды жеткізу бойынша 994,6 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (инфрақұрылым құны – 17,9 млн. теңге), гранттық қаржыландыру бойынша 12,0 млн. теңге жалпы сомасына 4 жоба мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша 21198 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 22280 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1193 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1204 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 12255 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 9382 адам қамтылып, оның ішінде 5309 адам жұмысқа орналастырылды, 2506 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 2 тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2014 жылдың 2 тоқсанында – 5,5%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,6%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-маусымында 223 815 теңгені құрады, бұл – 2014 жылдың осындай кезеңінен 9%-ға жоғары.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 215,2 млрд. теңге (2014 жылдың осындай кезеңіне – 84,7%), оның ішінде республикалық бюджетке – 132,4 млрд. теңге (74,6%), жергілікті бюджетке – 82,8 млрд. теңге (108,1%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2015 жылға арналған нақтыланған бюджеті 162,4 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 97,9%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 97,4% құрады.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынан Ақтау қаласының инженерлік желілерін (жоғары аймақтың жылу желілерін, 2-кезек) салуға және реконструкциялауға, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) канализациялық тарату желілерін салуға 1997,9 млн. теңге бөлінді.

Ұзақтығы 10,5 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және ұзақтығы 23,2 км канализация желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 872,3 млн. теңге бөлінді.

Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында, 2014 жылдан өтетін 11 объектіні ағымдағы жылы одан әрі іске асыруға – 6,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,97 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,93 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 8 объект бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. 3 объект 2016 жылға өтеді.

Облыстың ауылдарында мына жобаларды іске асыру: Бейнеу ауданында поселкеішілік су құбырын (1-3 учаскелер), Түпқараған ауданының  С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Мұнайлы ауданының Дәулет ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерін (2015 жылы аяқталады), Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылыстарын, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында, Жетібай станциясында және Жетібай ауылында су құбырларының жетіспейтін желілерін салу (2016 жылға өтетін объектілер) жүргізілуде.

Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін (№ 1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандардағы су құбырлары желілерін) жаңғырту, №3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандағы өздігінен ағатын канализациялық желілерді, №12 жолдың бойындағы өздігінен ағатын коллекторды және №1А, 2, 5, 10 КСС-ның арынды коллекторларын жаңғырту жалғасуда.  Объектілерді ағымдағы жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бөлігінде облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2015 жылы 204,5 млн. теңге бөлінді. Осы сомаға Ақтау қаласының көп пәтерлік 3 тұрғын үйіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау бөлігінде жергілікті бюджеттен облыстың ауылық елді мекендерін жайластыру бойынша 55 жобаны іске асыруға 2015 жылға 302,2 млн. теңге бөлінді. 1.09.2015 жылға 157,9 млн. теңге игерілді.

Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылға 45,5 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 8,3%). 1.10.2015 жылға 33,9 млрд. теңге игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді. 1.10.2015 жылға республикалық бюджеттен – 3,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге игерілді.

Ағымдағы жылы 2790 орындық 12 балабақшаның, оның ішінде Мұнайлы ауданының Дәулет және Маңғыстау-4 ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның; Бейнеу ауданыныңБейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның;Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық және Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшалардың; Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 280 орындық 1 балабақшаның және 33 шағын ауданында 840 орындық 3 балабақшаның (NCPOC); Жаңаөзен қаласында 640 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталды. Бұдан басқа, 760 орындық 11 жеке меншік балабақша ашылды.

Сонымен бірге, 1080 орындық 5 балабақшаның құрылысы аяқталуда.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 217 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, оларда 29,7 мың бала немесе 70% қамтылған. Бұл – 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 2,2%-ға жоғары.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен аяқталды. Проблема шешілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылы Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің құрылысы басталды.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.

7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен  1,6 млрд. теңге бөлінді.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда – 14 оқушы/1 компьютер, ауылда – 16. Кең жолақты интернетке 137 мектеп қосылған немесе 98%.

ҰБТ-ге қатысқан оқушылардың саны2736 адамды немесе түлектердің жалпы санының 65,3%-ын құрады (2014 жылы – 2507 немесе 58%). Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың 71 қатысушысы ҰБТ-ден босатылды (2013 жылы – 46). ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 19,4-ті құрады (2014 жылы – 74,5). Білімінің «Алтын белгіге» сай екенін растаған оқушылар саны – 46 оқушы (2014 жылы – 40).

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауғаарналған шығыстар 2015 жылға 18,1 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 7,7%). 1.10.2015 жылға 13,0 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 0,680 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында  ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулатория, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында (Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,6-дан 9,7-ге дейін төмендеді. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 2 жағдай).

Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 100 мың халыққа шаққандағы 49,6-дан 2015 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 46,8-ге дейін артты.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 1,1 млрд. теңге, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға – 345,7 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 791,6 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге жаңа өндірістер құруға 17 млн. теңге сомасында 6 грант бөлініп, 580,1 млн. теңге жалпы сомасына 13 жоба субсидияланды және 11,4 млн. теңге жалпы сомасына 8 жоба кепілдендірілді. Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға дейінгі кіреберіс автожолдың, қалашілік автомобиль жолдарының құрылысы және «Шаңырақ» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру аяқталды.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға ағымдағы жылы – 6,0 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,3 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 500,0 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге «Астана», «Мерей» шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық үш балабақшаның; қорғаныс істері жөніндегі ғимараттың; «Мамыр» шағын ауданының автомобиль жолының құрылысы; Маңғыстау көшесі бойынша жарықтандыру желілерін реконструкциялау, 5 спорт құрылысын салу аяқталып; «Арай» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту (4-кезең); «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың); 5 аулалық алаңқайдың құрылысы жүргізілуде, қалалық аурухананың терапевтік корпусын және «Кендірлі» курортты демалыс аймағының ұзақтығы 2,2 км автожолын салу бойынша жұмыс басталды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2015 жылға – 474,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 416,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 57,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Осы қаражаттың есебінен облыстың ауылдық елді мекендерінде коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 185 жұмыс орнын құрумен 44 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 385,2 млн. теңге сомасына, 261 жұмыс орны құрылған 36 жоба аяқталды.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының кешенді даму жоспары әзірленді. Ол облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілетін болады.


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz