Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қарақия ауданының «Талапкер», «Бейбіт», Мұнайлы ауданының «Жаса», «Ай-Сәрсен» шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

03.12.2015
11:35:33
0

«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 01-43/407 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарақия ауданының «Талапкер», «Бейбіт», Мұнайлы ауданының «Жаса», «Ай-Сәрсен» шаруа қожалықтарында қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын,  Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  күннен  бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

Маңғыстау облыстық аумақтық

инспекциясының басшысы

____________  Р.Н. Түменов

 «___» ______________ 2015 ж.

Қарақия ауданының әкімі

____________  Ә.Қ. Дауылбаев

«___» ______________ 2015 ж.

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________  Б. Ерсайынұлы

«___» ______________ 2015 ж.

Мұнайлы ауданының әкімі

____________  Н.Т. Тәжібаев

«___» ______________ 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» _________ № ____ қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

5.

Карантинге жатқызылған өнімді (бақша дақылдарын) тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу

Үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

Соңғы жаңарту : 2015-12-03 11:35:33

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz