Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

03.12.2015
17:04:30
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

  1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен   жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл  шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,  сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет  регламенті;

  2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен  жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл  шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

  3) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

  4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен  жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы  бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен  жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс  машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі  жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет;

  5) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен  жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы  бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін  ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары  мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

  6) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

   2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 154 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2480 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 269 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 154 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 2538 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Маңғыстау» газетінде жарияланған);

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 99 «Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу  туралы» қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2717 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда «Маңғыстау» газетінде жарияланған).

  3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

________________ Б. Ерсайынұлы

«__»____________ 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№ ___ қаулысымен бекітілген

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен  жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін  ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс  машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі  жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен  жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,   сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін  беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторларды және   олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі), куәліктің телнұсқасын беру, ескі үлгідегі куәлікті  жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз  түрінде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін   қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды)  бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген) бекітілген «Тракторларды және олардың базасында   жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен  жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс  машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін   әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау  және оларды тіркеу – 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы: ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттарды емтихан комиссиясына жолдау;

көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге  өтініш білдіру орны бойынша куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салуды жолдау – 2 (екі) жұмыс күні;

емтихан пунктісінің куәлік беру кітабындағы жазбаны нақтылауы –  15 (он бес) жұмыс күні;

4) емтихан комиссиясының теориялық емтиханды қабылдауы,   хаттаманы ресімдеу – 30 (отыз) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы  тракторшы-машинист куәлігін толтыруы – 30 (отыз) минут;

6) көрсетілетін қызметті алушыға тракторшы-машинист куәлігін   беру – 30 (отыз) минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген белгі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3) құжаттарды емтихан комиссиясына жолдау, құжаттарды емтихан пунктіне жолдау;

4) емтихан тапсыру нәтижелерін емтихан парағына енгізу, емтихан комиссиясының барлық мүшелері хаттамаға қол қоюы;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне тракторшы-машинист куәлігін  жолдау;

6) көрсетілетін қызметті алушыныңтракторшы-машинист куәліктерін  беру кітабына қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) емтихан комиссиясы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген белгі соғады, бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды – 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы  ұсынылған құжаттардың өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігінің толықтығын тексереді (ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттарды емтихан комиссиясына жолдайды, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдіру орны бойынша   куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда – куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу жолдайды) – 2 (екі) жұмыс күні;

емтихан пункті куәлік беру кітабындағы жазбаларды нақтылайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жауап жолдайды –

15 (он бес) жұмыс күні;

4)  емтихан  комиссиясы  теориялық  емтиханды  қабылдайды, емтихан

тапсыру нәтижелері емтихан парағына енгізеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 30 (отыз) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тракторшы-машинист куәлігін жазады, оның сериялары мен нөмірлері өсу тәртібіменкуәліктерді беру кітабына жазылады және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне тракторшы-машинист куәлігін жолдайды – 30 (отыз) минут;

6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тракторшы-машинист куәлігін  береді – 30 (отыз) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ паролінің  көмегімен Порталда тіркелуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін Порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1 шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы Порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталда қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентте (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы,мемлекеттік қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында

көрсетілген қажетті құжаттардың электронды түрдегі қажетті көшірмелерін қоса тіркеу, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін

қызметті алушының ЭЦҚ тіркелу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және  қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін Порталда тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының  расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған  (қолы қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының  сұрау салуын) көрсетілетін қызметті беруші өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –  ЭҮАШ АЖО)  жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізділігіне сәйкестігіне көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің  1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің  2-қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы Порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Соңғы жаңарту : 2015-12-03 17:04:30

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz