Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бағытында 2015 жылы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

08.12.2015
12:04:31
0

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауын, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының талаптарын, ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын тұрғындарға жеткізу және насихаттау, Департамент пен «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, облыстық әділет департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, халыққа қызмет көрсету орталығының облыстық филиалы арасында жасақталған меморандумдардың  талаптарын орындау мақсатында, есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Атап айтқанда:   семинарлар мен дөңгелек үстелдер, форумдар, брифингтер, тікелей эфирлер, мәдени және спорттық іс-шаралар, флешмобтар және басқа да іс-шаралар. 

  - 09.01.2015ж.  ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатындағы Департаментпен  кеңейтілген форум өткізілді.  Форумның жұмысына облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының, БАҚ өкілдері қатысты. Форум барысында «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы және «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен сыбайлас жемқорлықа қарсы өзара іс-қимыл жасау бойынша меморандумдарға қол қойылды.

  Осыған ұқсас меморандумдар облыстық әділет, ішкі істер департаменттерімен, сондай-ақ облыстық халыққа қызмет көрсету орталығымен жасақталды. 

  - Есептік кезеңде Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары әкімдіктерінде  «Біздің міндет – халыққа қызмет»  атты семинар өткізу шеңберінде аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында арнап мини-брифингтер ұйымдастырылды. Семинар жұмысында қала және аудан әкімдері, жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.  

-  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жағалау күзеті және «Батыс» Өңірлік басқармаларына қарасты, сондай ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты әскери бөлімдерде және облыстық қорғаныс істері бойынша департаментінде  ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарымен таныстыру мақсатында семинарлар өткізілді.

  Стратегия талаптарын және ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауын насихаттау мақсатындағы іс-шаралар облыстық білім, құрылыс, жер қатынастары, еңбек, табиғатты пайдалану, жұмыспен қамтуды үйлестіру, т.б. басқармаларында, облыстық мемлекеттік кірістер, қылмыстық-атқару жүйесі, статистика департаменттерінде, халыққа қызмет көрсету орталығында да өткізілді. Осыған ұқсас семинар-лекциялар өңірлік білім беру орталықтарында да тұрақты түрде өткізілуде.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру мақсатында Мұнайлы, Қарақия аудандық және Жаңаөзен қалалық әкімдіктерінде әділет, статистика департаменттері және қаржылық бақылау инспекциясының, ішкі істер органдарының мамандарымен бірлесіп, аудан, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

- Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тікелей эфирінде «Орта толсын», «Менің құқығым», «Ел ертеңі», «Түйін», «Алқа», «Ашық әңгіме», «Резонанс»  атты ток-шоулар мен ақпараттық сараптама бағдарламалары ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты көрермендердің сұрақтарына жауап берілді.

   - Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, энергетикалық, политехникалық, медициналық, педагогикалық колледждердің, экономикалық, қазақ-түрік лицейлері, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта және қалалық және аудандық  Орта мектептерінің оқушылары және студенттерімен, этно-мәдени және діни бірлестіктердің, бизнесс-қауымдастықтың өкілдерімен ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының талаптарымен, мемлекеттік қызметті өткеру жүйесіндегі меритократия принциптері және сыбайлас жемқорлықпен күресудегі әлемдік тәжірибе бойынша семинар-лекциялар ұйымдастырылды. Аталған жұмыс департамент тарапынан жүйелі түрде жүргізілуде.

   Тұрғындарға қолжетімді құқықтық кеңес беру мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында тұрғындарды жеке сұрақтармен қоғамдық қабылдаулары тұрақты түрде өткізілуде.

Жас буын ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік рухында тәрбиелеу мақсатында ғаламтор мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланылуда. Жастар ең көп пайдаланылатын facebook, twitter, vkontakte, instagram әлеуметтік желілерде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойыншадепартаменттің арнайы парақшалары ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат саласындағы жаңалықтармен таныстырылуда. 

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Н. Жантөрин атындағы облыстық театрда 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыс әкімі және Департамент басшылығының, жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға жалпы саны 700-ден аса мемлекеттік қызметші қатысты. Іс-шара шеңберінде Департамент басшысының атынан 52  жергілікті атқарушы, аумақтық органдардың, ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері марапатталды. Сонымен бірге облыстағы мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы негізінде түсірілген қысқа метражды деректі фильмнің тұсауы кесілді. 

Салтанатты іс-шараның соңы жергілікті және республикаға танымал өнер иелерінің мерекелік концертіне ұласты.  Іс-шара шеңберінде мемлекеттік қызмет ардагерлеріне сый-сыяпат және құрмет көрсетілді.

  Бұдан басқа,  Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарының әкімдіктерінде жергілікті атқарушы, аумақтық, құқық қорғау органдары, ауыл әкімдіктері қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шаралар болып өтті.  Мерекелеу барысында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар да кең көлемде қамтылды.

  Сонымен бірге, облыстық ветеринарлық инспекция, агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекция, Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция Комитетінің облыстық департаментінде, облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментінде, облыстық статистика департаментінде, облыстық қазынашылық департаментінде, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде, облыстық ішкі істер басқармасында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

  Ағымдағы жылдың 23 мамырынан 18 шілдесі аралығында «Спорт – денсаулық кепілі!» атты мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық спартакиада өткізілді. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті  мен Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан ұйымдастырылды.

  Жарыстар екі ай бойы спорттың 12 түрінен өткізілді. Аталған іс-шара Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ Хандығының 550 жылдығына, Конституциямыздың 20 жылдығына және 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арнап ұйымдастырылған. 

Түпқараған және Қарақия аудандарында да мемлекеттік қызметшілер арасында аталған мерекеге орай спорттық спартакиада мен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың  18 қыркүйегінде  Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг университетінде «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің, облыстық ішкі саясат басқармасымен, және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған «Жемқорлықсыз болашақ» атты жастар форумы өткізілді.

  Іс-шараға 260-тан астам студенттер, мемлекеттік органдардың, қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың және жастардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері және жас мамандар қатысты.

  Департамент қызметкерлерімен «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру», ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары және Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі тақырыптарында дәрістер жүргізілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы, имидждік, бейнероликтер көрсетумен, әлеуметтік сауалнама жүргізумен, ақпараттық жадынамаларды таратумен және «Сыбайлас жемқорлық жастар көзімен» атты плакаттар мен карикатуралар конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Ауылым алтын бесігім» атты жастар керуені аясында  Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау, Сайөтес, Түпқараған ауданына қарасты Қызыл өзен, Таушық, Қарақия ауданындағы Сенек, Құланды, Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды  ауылдарының жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Керуен құрамында  Департамент қызметкерлері, облыстық жастар саясаты басқармасының, облыстық жастар ресурстық орталығының, «Жас Отан» жастар қанатының, облыстық мұсылмандар діни басқармасы және тұрғын-үй құрылыс банкінің өкілдері болды.

  Керуеннің басты мақсаты ауыл жастарына жас мамандарға ауыл тұрғындарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарының талаптарын, жұмыспен қамту, өңірлерді дамыту сынды мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін түсіндіру және жастарға діни экстремизмнің қауіптілігі және оған қарсы тұру қажеттігі түсіндірілді.

  Осыған ұқсас іс-шаралар облыстық әділет департаментінде, ішкі істер органдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрақты түрде өткізілуде. 


Соңғы жаңарту : 2015-12-08 12:04:31

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz