Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

2015 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына бағытталған ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары туралы

08.12.2015
12:09:39
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына бағытталған ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің келісімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алынып жатқан шараларды ақпараттық насихаттауға арналған медиа-жоспар бекітіліп, облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарына жолданды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-не (құрамында облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Ақкетік арайы», «Рауан», «Қарақия»,  «Мұнайлы» газеттері), «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына облыстағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын жүзеге асыруға арналған материалдар жариялауға мемлекеттік тапсырыс берді.

Жыл басынан бері «Маңғыстау» газетінде «Адам.Қоғам.Заң», «Жемқорлыққа – тегеурінді тосқауыл!», «Огни Мангистау» газетінде «Закон и право», «Ақкетік арайы» газетінде «Сыбайластыққа жол жоқ», «Қарақия» газетінде «Жемқорлық-дерт, оны жою міндет», «Рауан» газетінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Мұнайлы» газетінде «Ресми бөлім», «Жаңа өмір» газетінде «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жаңаөзен» газетінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» айдарлары тұрақты шығып тұрады. 

Осыған байланысты аталған айдарларда 63 мақала және  электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында  75 сюжет жарық көрді.

Ақпарат беттерінде жарық көрген материалдар «Нұр Отан»  партиясы МОФ-ның, облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның жұмыстарына, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа байланысты қаралған қылмыстық істері бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығын талдау қорытындыларына, облыстың оқу орындары мен мектептерінде, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша  атқарылып жатқан іс шараларға, акцияларға, «дөңгелек үстелдерге», семинарларға арналды.

 «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Парамен салынған үйдің ғұмыры санаулы. Сыбайлас жемқорлық өмірімізді аздырады» бейнеролигі көрсетілді.

  «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», «Көмек командасы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында «Дабыл, дабыл», «Құқықтық сана - заман талабы», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым» бағдарламалары эфирден аптасына 1 реттен шығып тұрады.

  Жоғарыдағы іс-шаралардың барлығы өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жас ұрпаққа үлгі қылу, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру  мақсатында кең көлемде жария етілді. 


Соңғы жаңарту : 2015-12-08 12:09:39

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz