Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

04.04.2016
16:01:54
0
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н.М. Жайлау) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын  бақылау  облыс  әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының сәулет

және қала құрылысы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ Н.М. Жайлау

«____» _________________ 2016 жыл

Қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «____»___________№___

қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

  2. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ведомстволық және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар жоқ. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.

  5. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы:

  мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

  орыс тілінде: государственное учреждение «Управление архитектуры и градостроительства Мангистауской области».

  10. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

  11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  12. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

  13. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  14. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы

басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан облыс аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) облыс аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясат жүргізу;

2) сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

  1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

  2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын дайындауды ұйымдастыру;

  3) сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;

  4) қалалық мәслихат мақұлдаған ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу;

  5) аумақтарды абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй - азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен күтіп ұстау қағидаларын әзірлеу;

6) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;

  7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар дайындау;

  8) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;

  9) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялар құруға ұсыныстар дайындау;

10) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

  11) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы  жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;

12) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

13) пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) актілерін тіркеу және есебін жүргізу;

14) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

  15) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

16) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

18) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;   

  19) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы құжаттамаларын (техникалық-экономикалық негіздемені) қарау және бекіту; 

20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

  1) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

  2) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

  3) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға және оларға қатысуға;

  4) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  19. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

  1) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндемелер беру;

  2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

3) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

4) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы

басқармасының қызметін ұйымдастыру

  20. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің  орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

  21. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

  23. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді;

2) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  3) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

  5) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

  6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөнінде жұмысты бақылайды;

9) қаржы қаражатының нысаналы жұмсалуына және «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

24. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы

басқармасының мүлкі

  25. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

  26. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  27. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

  28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі. 

  30. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы

басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

  31. «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

    _____________________________________


Соңғы жаңарту : 2016-04-04 16:01:54

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz