Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

07.04.2016
13:04:04
0
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2016-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру басталды. 

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-ақпанында қолданыстағы бағада 262,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 85,2% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде есепті кезеңде 223,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 100,5% құрады. техникалық (немесе сервистік – бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу) қызметтердің 3,1%-ға өсуі байқалады.

Мұнай өндіру 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға азайып, өндіру көлемі 3 млн. тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру19,8%-ға өсті (439,6 млн. текше метр).

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 6,6%) 17,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 110,3% құрады.

Тері және оған жататын өнім өндірісінде – 69,8%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 17,2%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 14,3%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 0,9%-ға, төмендеу байқалады.

Машина жасауда – 28,4%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде – 2,2%-ға өсу байқалады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 2,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне93,3%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 97,8%, өндіру көлемі – 18,8 млрд. теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 51,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 102,6%.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына, 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделді.

ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 73,3 млрд. теңге болатын, жаңадан 1421 жұмыс орны құрылатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда:

1. Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен – «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС;

2. Полимерлік бума өндіретін зауыт салу – «Достық Полимер» ЖШС;

3. Үй құрылысы комбинатын салу – «ДСК-Ақтау» ЖШС;

4. Кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт – «Актау ЭнергоМаш» ЖШС;

5. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ;

6. Жиһаз және пластикалық терезелер даярлайтын өндірістік цех –«Город мастеров» ЖК А.В. Битнер»;

7. Керамзит тасының зауытын салу – «Ақтау Керамзит» ЖШС;

8. Маңғыстау облысында күн электр станциясын салу – «Бест групп НС» ЖШС;

9. Маңғыстау облысында жел электр станциясын салу – «Бест групп НС» ЖШС;

10. Аммиак селитрасын түйіршіктеу мұнарасын салу, 1-кезек – «ҚазАзот» ЖШС.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 11,3 млрд. теңгені құрадынемесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 86,4%.

Жалпы ауданы 165,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың осындай кезенінен 2,2%-ға артық (2015 жылдың қаңтар-ақпанында – 161,7 мың шаршы метр). Негізгі көлем қарыз алушылардың меншікті қаражатына келеді (100%).

Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын есепке ала отырып, мынадай өсу резервтері анықталды және облыс экономикасын дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын, туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы 3 жоба пайдалануға берілді: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС (Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту),«Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС (Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру), «ҮСК-Қараойқұрылыс» ЖШС (Темір-бетон бұйымдар зауытын салу және пайдалану). 2016 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жобалар 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталуда. Жоба құны –9,6 млрд. теңге, оның ішіндеҰлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар 100%-ға орындалды. Объект 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді.

Құрылысын салу кезеңінде 204 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 16,4 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан – 4,8 млрд. теңге, 2,7 млрд. теңге игерілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, «Мемлекеттік сараптама» РМК-на 1-іске қосу кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы берілді. Жолдардың сыртқы құрылысына материалдар дайындау, топырақ төсемін үю жүргізілуде.

Құрылысын салу кезеңінде – 220 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының(құны – 46,4 млрд. теңге) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 1-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.

Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 752,4 млн. теңге игерілді, 2015 жылға 9,0 млрд. теңге бөлінді, оның 6,0 млрд. теңгесі игерілді. Жабынның төменгі қабатының 46 километрі асфальтталды. Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.

Екі жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 425 адам, пайдалану кезеңінде – 17 адам.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) қазіргі кезде 1-кезектегі және 2 кезектегі ішінара теңіз түбін тереңдету жұмыстары орындалды, 2 кезектегі теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. Терминалды салу бойынша құрылыстың негізгі объектілерінің жұмыстары орындалды: астық терминалының сүрлемдері орнатылды, контейнер алаңы мен айлақтың қабырғасы салынды. Қызметтік және өндірістік ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Объектіде іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: құрылысын салу кезеңінде – 1120 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2016 жылға 7,3 млрд. теңге көздестірілген.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы, «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтарында 3,6 млрд. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 50,3%, оның ішінде  тауарларды экспорттау – 3,2 млрд. АҚШ долларын (47,7%-ға төмендеді), импорт – 35,3 млн. АҚШ долларын (0,1%-ға өсті) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 17,3 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 80,3%. Тауар айналымының азаюы, айналым құрылымындағы үлесі 67,8% құрайтын сауда жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылғы ақпанда 2015 жылдың желтоқсанына 102,8% (ҚР бойынша – 102,5%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 103,2% (ҚР бойынша – 102,7%), азық-түлік емес тауарларға – 101,2% (ҚР бойынша – 101,8%), ақылы қызметтерге  – 103,9% (ҚР бойынша – 102,8%) құрады.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 93,5%. Түйе басының 0,3%-ға өскені байқалады (46,8 мың бас).

Ірі қара мал басының – 14,4%-ға (13,2 мың бас), қой мен ешкінің – 10,6%-ға (322,6 мың бас), жылқының – 2,7%-ға (56,8 мың бас) төмендегені байқалады.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.02.2016 жылға 47304 бірлікті құрады (01.02.2015 жылға – 47878 бірлік). Төмендеу – жеке кәсіпкерлер санының азаюымен байланысты.

Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары 2016 жылдың басынан бері микрокредиттер бермеді.

Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында шағын бизнес субъектілеріне 652,7 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 43%-ға көп.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында ӨҮК-нің 28 отырысында 5 855,4 млн. теңге жалпы сомасына 151 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 5 742,2 млн. теңге жалпы сомасына 90 жоба; кредиттерді кепілдеріндіру бойынша 101,6 млн. теңге жалпы сомасына 52 жоба; жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 17,9 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба; гранттық қаржыландыру бойынша 21,0 млн. теңге жалпы сомасына 7 жоба мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-ақпанында облыс бойынша 3475 жұмыс орны құрылды (2015 жылдың қаңтар-ақпанында – 3035 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 570 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 484 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 4235 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 3479 адам қамтылып, оның ішінде 1985 адам жұмысқа орналастырылды, 1494 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 4 тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2014 жылдың 4 тоқсанында – 5,1%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,8%-дан 4,1%-ға дейін артты.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 56,3 млрд. теңге (2015 жылдың осындай кезеңіне – 105,2%), оның ішінде республикалық бюджетке – 35,7 млрд. теңге (112,6%), жергілікті бюджетке – 20,6 млрд. теңге (133,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2016 жылға арналған нақтыланған бюджеті 162 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 79,9%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 75,6% құрады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Объектілер 2016 жылға өтеді.

Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде 2016 жылы облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 40 жобаны іске асыруға 438,4 млн. теңге сомасындағы жергілікті бюджеттің қаражаты көздестірілді.

Білім беру. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,2 млрд. теңге көздестірілді (01.03.2016 жылға 6,2 млрд. теңге игерілді).

Білім беру объектілерін дамытуға 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 10,7 млн. теңге бөлінді.

1.03.2016 жылға облыс бойынша 33,1 мың бала немесе 77,4% қамтылған 242 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бұл – 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 9,3%-ға жоғары.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің және Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. 2016 жылы Жаңаөзен қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда 1 компьютерге – 14 оқушыны, ауылда – 16 оқушыны құрайды. Кең жолақты интернетке 133 мектеп қосылған немесе 100%. 7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 19,9 млрд. теңге көздестірілді (01.03.2016 жылға 2,8 млрд. теңге игерілді). Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 489,6 млн. теңге бөлінді.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,6-дан 8,8-ге дейін азайды. Аналар өлім-жітімінің фактілері анықталмады (2015 жылдың қаңтарында – 0 жағдай). Туберкулезбен ауыру 2015 жылғы қаңтар-ақпандағы 100 мың халыққа шаққандағы 12,8-ден 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 11,7-ге дейін азайды.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2016 жылы – 2,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінге Қызылсай ауылының автомобіль жолдарының құрылысы (мешіт ауданы); Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту; «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жүргізілуде және Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыстар басталды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2016 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде 588 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 129 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатқа 1614,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1313,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,5 млн. теңге көздестірілген.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.


Соңғы жаңарту : 2016-04-07 13:04:04

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz