Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

11.04.2016
12:04:52
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 «Мұрағат анықтамаларын  беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2828 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қазандағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тараудың 1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

4-тараудың тақырыбы және 8, 9, 10, 11, 12, 13, 17 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;

  8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
   9. Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін  қызметті  беруші   мен  Мемлекеттік  корпорацияның

қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

  10. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

   11. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкілетті өкілі: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

   12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9- тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

   13. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

  17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы ЭҮП-да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады».

  2.  «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Төлеуғалиева Г.) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі   А. Айдарбаев

   Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы ________________

   № _____ қаулысымен
  бекітілген

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

 1. «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қаланың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

ЭҮП-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама беріледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерңстер енгізу туралы» 2016 жылғы  27 қантардағы № 16 бұйррығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген) бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге құжаттарды алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарау;

3) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;

5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
   1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
   2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
   3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
   7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Стандарттың 9 - тармағындағы тізбеге сәйкес қабылдайды, журналға, «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 15 (он бес) минут;
   2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
   3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 15 (он бес) күн.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушы хабарландырылады.

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
   9. Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін  қызметті  беруші   мен  Мемлекеттік  корпорацияның

қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
   10. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
   11. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкілетті өкілі: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
   12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9- тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
   13. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
   14. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің тәртібін сипаттау.
   Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды ЭҮП арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
   Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-да тіркелуі және авторлануы тиіс.
   Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуы үшін ЭҮП-да «Мұрағат анықтамаларын беру» таңдайды. ЭҮП көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салудың бастапқы қадамын қалыптастырады.
   Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің электронды көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесін бекітеді.
   Көрсетілетін қызметті алушы оны ЭЦҚ-мен қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
   ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.
   15. ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі жүгінген кездегі көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің тәртібін сипаттау:
   1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап алынған құжаттарды ЭҮП-да тіркеуден өткізеді және ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді – 15 (он бес) минут;
   2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
   3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сұрау салуды
   ЭҮП арқылы алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 15 (он бес) күн.
   Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
   4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні.
   Көрсетілетін қызметті берушінің уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ – мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық құжат нысанында қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
  16. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1 – қосымшасында келтірілген.
  17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе)
Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы ЭҮП-да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Мұрағат анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

«Мұрағат анықтамаларын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентіне2-қосымша




Соңғы жаңарту : 2016-04-11 12:04:52

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz