Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»мемлекеттік қызмет регламенті

19.04.2016
12:33:12
0

1. Жалпы ережелер

1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74  бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13213 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 наурызда жарияланған) бекітілген  «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі - куәлік) немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазбен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан, стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге құжаттарды алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) өту кезеңдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы –  20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін  қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды  қарауы  және  аккредиттеу  комиссиясына қарауға дайындауы – 10 (он) жұмыс күні;

4)  аккредиттеу комиссиясының құжаттарды қарауы – 3 (үш) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының аккредиттеу комиссиясының хаттамасы  шешiмін ресiмдеуі -  1 (бір) жұмыс күні;

6) көрсетілетін қызметті  беруші  басшысының  аккредиттеу комиссиясының нәтижесін қарауы - 1 (бір) жұмыс күні;

7)  көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 20 (жиырма) минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі:

1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп кеңседе тіркеу туралы белгі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3) аккредиттеу комиссиясының қарауына құжаттарды беру;

4) аккредиттеу комиссиясының шешімі;

5) жауапты орындаушының хаттаманы  ресiмдеуі;

6 ) мемлекеттік қызметті беруші  басшысының қол қоюы;

7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы журналдағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1)  көрсетілетін  қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін  қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің аккредиттеу комиссиясы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсесі  құжаттарды  қабылдайды, тіркейді,  құжаттар  топтамасын  қабылдау  күні  мен  уақытын  көрсетіп,  оның қағаз  жеткізгіштегі  көшірмесіне  қабылдау  белгісімен  растайды  және құжаттарды  көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысына  жолдайды  –

15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарау және ресімдеу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттары толық болмаған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тартады – 2 (екі) жұмыс күні;

ұсынылған құжаттар толық болса рұқсаттық бақылау жүргізеді, өтініш берушінің біліктілік талаптарының сәйкестігіне қорытынды дайындайды және аккредиттеу комиссиясына қарауға жолдайды - 8 (сегіз) жұмыс күні;

4) аккредиттеу комиссиясы материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және өтініштің біліктілік талаптарына сәйкестігінінің қорытындысына қарап шешім шығарады – 3 (үш) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аккредиттеу комиссиясымен бекітілген хаттама бойынша оң нәтижелі хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына  қол қоюы үшін  жолдайды –  1 (бір) жұмыс күні;

6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

7) көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс

саласындағы жобаларды басқару жөніндегі

ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес – процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

  - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

  - көрсетілетін  қызметті  алушы рәсімінің (іс-қимылының) және  (немесе)  құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы;

  - таңдау нұсқасы;

  -  келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.


Соңғы жаңарту : 2016-04-19 12:33:12

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz