Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

28.04.2016
18:48:02
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

көрсетілген регламенттің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

көрсетілген регламенттің 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 6 қаңтарда № 12814 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.»;

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 – қосымша»;

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасының атауы

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы аккредиттеу туралы куәлікті беру» мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 – қосымша

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығыаккредиттеу туралы куәлікті беру»;

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасының атауы

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы аккредиттеу туралы куәлікті беру» мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3 – қосымша

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығыаккредиттеу туралы куәлікті беру»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын бақылау  облыс әкімінің орынбасары  Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі      А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

Дене шынықтыру және спорт

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы

________________ Р. Елизарова

«__»____________ 2016 ж.


Соңғы жаңарту : 2016-04-28 18:48:02

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz