Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

28.04.2016
18:53:19
0

1. Жалпы ережелер

1.  «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлектеттік қызмет) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатты беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2.  Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4.  Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға

негіздеме көрсетілетін қызметті берушініңкөрсетілетін қызметті алушыдан «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2016 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13402 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтiнiшті қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы – күнтізбелік 1 (бір) күн;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;

4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 2 (екі) күн;

5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау – күнтізбелік 1 (бір) күн.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) өтінішті тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау;

3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеу;

4) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілген қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;

5) орындалған құжаттардың тізілімі бар хат.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7.  Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3)  көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

7.  Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 15 (он бес) минут; 

2)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын  қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің

маманына орындауға жібереді –күнтізбелік 1 (бір) күн;

3)  көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді –күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;

4)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді –күнтізбелік 2 (екі) күн;

5)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды –күнтізбелік 1 (бір) күн.

4. Мемлекеттік корпорациямен және өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,  сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша көрсетіледі, жылдам қызмет көрсетуден басқа «электрондық кезек» тәртібі және портал арқылы электрондық кезекті броньдау арқылы жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін келтіреді, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады және Стандартта көзделген құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, өтінішті тіркеуді жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3) Мемлекеттік корпорация жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге пошта не курьерлік қызмет бойынша береді;

4) көрсетілетін қызметті беруші қарау, ресімдеу, спорттық разрядтар, санаттар беру рәсімдерін жүргізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы Мемлекеттік корпорацияна пошта не курьерлік қызмет бойынша жолдайды, бұл ретте Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ) белгілейді;

5) Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

9.  Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

  10. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір айдың ішінде өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация сұрау салуы бойынша  бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

  11.  Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында  орналастырылады.


Соңғы жаңарту : 2016-04-28 18:53:19

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz