Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

28.04.2016
18:57:34
0

1. Жалпы ережелер

1.  «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)  «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3.  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіспорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.

Порталда – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4.  Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушініңкөрсетілетін қызметті алушыдан «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 6 қаңтарда № 12814 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтiнiшті тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушініңбасшысының қарауы;

3) өтінішті көрсетілетін қызметті берушініңмаманының қарауы және спорт федерацияларын аккредиттеу туралы комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына құжаттарды жіберу;

4)Комиссияның құжаттарды қарауы;

5) бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушініңмаманының әзірлеуі, келісуі және көрсетілетін қызметті берушініңбасшысына қол қоюға ұсынуы;

6) бұйрықтың көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушініңбасшысының қол қоюы;

7) көрсетілетін қызметті берушініңмаманының аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеуі;

8) аккредиттеу туралы куәлікке көрсетілетін қызметті берушініңбасшысының қол қоюы;

9) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

6.  Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1)  көрсетілетін қызметті алушы кеңсесінің қызметкері;

2)  көрсетілетін қызметті берушініңбасшысы;

3)  көрсетілетін қызметті берушініңмаманы;

4)  Комиссия.

7.  Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 30 (отыз) минут; 

2)  көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;

3)  көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттарды қарайды:

аккредиттеу  туралы куәлікті беру  кезінде  Комиссияның  қарауына

енгізеді – күнтізбелік 1 (бір) күн;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру немесе қайта ресімдеу кезінде құжаттарды дайындайды, тиісті келісуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады – күнтізбелік 5 (бес) күн;

4) Комиссия құжаттарды қарайды, қарау қорытындсы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу аккредиттеуден бас тарту туралы ұсынады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына хаттама жолдайды – күнтізбелік 9 (тоғыз) күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің маманы Комиссияның хаттамасының негізінде бұйрықтың жобасын дайындайды, тиісінше келісуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады– күнтізбелік 3 (үш) күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің маманына жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн;

7) көрсетілетін қызметті берушінің маманы бұйрықтың негізінде аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады– күнтізбелік 1 (бір) күн;

8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы аккредиттеу туралы куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне  жібереді – 30 (отыз) минут;

9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері аккредиттеу туралы куәлікті тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,  сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

8.  Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің  (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау осы «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1 – қосымшасына сәйкес диаграммамен келтірілген:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті

алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетiлген мемлекеттік көрсетілетін қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған экранға сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректер енгізуі), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және кері шақырылған (күші жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) өңдеу үшiн «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО) жолдау, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшiн сұрау салуды қанағаттандыруы;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО электрондық құжатты тiркеуi;

10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық құжаттың (сұрау салудың) мемлекеттік қызметті көрсету үшін негiздерге сәйкес келуiн тексеруі (өңдеуі);

11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижесін (электрондық құжат нысанында хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында  көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында  орналастырылады.


Соңғы жаңарту : 2016-04-28 18:57:34

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz