Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

17.05.2016
11:51:04
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса беріліп отырған:

1) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________________ Б. Ерсайынұлы

«_12_»___сәуір_____ 2016 ж

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «_12_» _сәуірдегі_

№ _98__ қаулысымен

бекітілген 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) интернет - ресурстарында орналастыру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурстарында орналастыру.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе оның сенімхат бойынша өкілінен) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12439 болып тіркелген) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш) алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау және тіркеу - 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және жауапты орындаушыға жолдауы - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі - 3 (үш) жұмыс күні;

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3) дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу және қызмет берушінің интернет - ресурсына орналастыру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіп, оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесіне қабылдау белгісімен растайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды - 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштерді қарайды және көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын қарастырғаннан кейін, дайындаушы ұйымдарды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу жолымен есепке қоюды жүзеге асырады және әкімдіктің интернет - ресурсында орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні.

Өтінішті белгіленген нысанда берген жағдайда аккредиттеуден бас тартуға жол берілмейді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.


Соңғы жаңарту : 2016-05-17 11:51:04

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz