Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Маңғыстау облысы бойынша жүзеге асырудың 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы есеп 2015 ж. мен 2016 ж. 1 жартыжылдығы бойынша

07.06.2016
19:28:32
0

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы 

Маралбек Мұғайұлы Сейлов

жұмыс тел: 8 7292 310395

сот тел: 8701 550 51 09

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Маңғыстау облысы бойынша жүзеге асырудың және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы келесі жұмыстарды жүзеге асырды:

2015 жыл

-  18 тармақ.өңірлік баспа басылымдарында «Адам.Қоғам.Заң» ( «Маңғыстау» газеті), «Закон и право» («Огни Мангистау» газеті), «Сыбайластыққа жол жоқ» («Ақкетік арайы» газеті), «Жемқорлық-дерт, оны жою міндет» («Қарақия» газеті), «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» («Рауан» газеті), «Ресми бөлім» («Мұнайлы» газеті), «Жемқорлыққа жол жоқ» («Жаңа өмір» газеті), «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» («Жаңаөзен» газеті) арнайы айдарлар ашылды. Нәтижесінде, баспа басылымдарында 110 астам мақала, электронды БАҚ-да 130 астам сюжет, интернет сайттарда 120 астам материал жарияланды;

-  облыстық телеарна эфирінде «Коррупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы керек» атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды;

-  20 тармақ. 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасын жүзеге асыру» атты әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 20 астам дәрістер мен семинарлар өткізілді. 1 бейнеролик, 119 брошюра, 25 плакат, 100 нұсқаулық дайындалып таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында Ақтау қ. – 5, Жаңаөзен қ. – 7, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында – 3 билбордтан орналастырылды;

-  21 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде аптасына бір рет «Нұр Отан» партиясымен бірлескен «Ел ертеңі», сондай-ақ «Дабыл, Дабыл», «Прокурор уақыты», «Менің құқығым» бағдарламалары көрсетілді;

-  31 тармақ.2015 жылдың 18 желтоқсан күні «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттау ұйымдастырылды;

2016 жылдың 1 жартыжылдығы

-  18 тармақ. Облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции - Заслон», «Адам. Қоғам. Заң», «Құқық қорғау», «Әдеп», «Мемлекеттік қызмет», «Қоғам», «Құқық» атты арнайы айдарлар ашылды. Ағымдағы жылдың басынан бері баспа басылымдарында (облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттері, аудандық «Қарақия», «Рауан», «Жаңа өмір», «Мұнайлы», «Ақкетік арайы» газеттері, қалалық «Тумба», «Лада ТВ Плюс», «Жаңаөзен» газеттері) жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 40 аса мақала, электронды БАҚ-да («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы, «Хабар» агенттігі) 30 астам сюжет, интернет сайттарда 30-ға жуық материал;

-  облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Жемқорлық», мемлекеттік тілдегі «Жемқорлыққа жол жоқ» бейнероликтерінің көрсетілімі ұйымдастырылды;

-  20 тармақ.Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан 2016 жылғамемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру бойынша жобаны жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы қарастырылған. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.), халық арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік тақырыбындағы насихаттық бейнероликтер, полиграфиялық және типографиялық өнімдерді дайындау және шығару жұмыстары жүргізілетін болады;

-  тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстағы қалалар мен аудандарда 18 билборд орналастырылды (Ақтау қ. – 5, Жаңаөзен қ. – 3, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында – 2-ден);

-  21 тармақ. Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының эфирінде «Ел ертеңі», «Резонанс», «Ашығын айтайық» (а.ж. 12 маусым күні жоспарлануда), «Көзбе көз», «Қоғам және әйел» бағдарламаларының жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды;

-  31 тармақ. 2016 жылы «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттауды ұйымдастыру жоспарлануда;

-  Өңірлік коммуникациялар қызметі тарапынан а.ж. 30 мамыр күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы М. Нәлібаевтың қатысуымен 2016 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы туралы брифинг ұйымдастырылды.


Соңғы жаңарту : 2016-06-07 19:28:32

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz