Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 396 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

04.07.2016
12:20:17
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №396 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2457 болып тіркелген, 2016 жылы 16 ақпанда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

барлық мәтін бойынша және 3-қосымшада «ХҚО», «ХҚКО», «ХҚКО-мен» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациямен», «Мемлекеттік корпорациядан» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

барлық мәтін бойынша және 3-қосымшада «ХҚКО», «ХҚКО-ның», «ХҚКО-мен» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

барлық мәтін бойынша және 2-қосымшада «ХҚКО», «ХҚКО-ның», «ХҚКО-мен» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

барлық мәтін бойынша және қосымшада «ХҚКО» деген сөз тиісінше «Мемлекеттік корпорация» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

барлық мәтін бойынша «ХҚКО» деген сөздер тиісінше «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

барлық мәтін бойынша «ХҚКО» деген сөздер тиісінше «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Е.Д. Дүзмағамбетов

«____»___________ 2016 ж.


Соңғы жаңарту : 2016-07-04 12:20:17

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz