Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

07.07.2016
15:34:46
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13385 тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 2951 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.».

4-тарауда:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын тапсырады;

2) Мемлекеттік корпорациясының инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

3) Мемлекеттік корпорациясының инспекторы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне жібереді -30 (отыз) минут;

4) Мемлекеттік корпорациясының жинақтаушы бөлімі құжаттарды жинайды, тізбе жасайды және Мемлекеттік корпорациясының курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы берілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қағиданың 16 қосымшасына сәйкес өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді - 15 (он бес) минут;

6) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құжаттарды Қағидамен көзделген ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін көрсетілетін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қарайды және комиссия отырысын өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда – 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

7) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттаманы ресімдейді - 2 (екі) жұмыс күні.

8) Мемлекеттік корпорациясының курьері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы құжаттарды беру секторына жібереді - 30 (отыз) минут;

9) Мемлекеттік корпорациясы құжаттарды беру секторы осы күн ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді; Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті ұсыну бойынша жүзеге асырылады (немесе оның өкілінің нотариаттық куәландырылған сенімхаты бойынша).».

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.». 

2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.Ф. Бектубаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  облыс  әкімінің  орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі      А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_______________Р.Ф. Бектубаев

«______»_____________2016 ж.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін

(сәйкес еместігін) анықтау» регламентін бекіту туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393

қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___» ______________ № ______

нормативтік құқықтық қаулысының жобасына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

С.Т. Алдашев   А.К. Рзаханов

Р.М. Әміржанов   С.Б. Нарешова

Ш.Л. Илмұханбетова  Ж.А. Оспанова

 

Б.Ғ. Нұрғазиева  А. Әбдешұлы

 

Ә.А. Шөжеғұлов

Т.Ж. Манкешева

«Маңғыстау облысының

денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

________________ Р.Ф. Бектубаев

«____» _____________2016 ж.


Соңғы жаңарту : 2016-07-07 15:34:46

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz