Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

07.07.2016
15:41:14
0

1.  Жалпы ережелер

1. «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Маңғыстау облысының бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13103 тіркелген) бекітілген «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі бойынша сәйкестендіру жүргізеді, көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 4 немесе 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады - 15 (он бес) минут;

2) дәрігер қайтыс болғаннан кейін оның тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді - 15 (он бес) минут;

3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыға медициналық тексеру жүргізеді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 1 немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы дайындайды - 2 (екі) жұмыс күні.

Қарсы көрсетілімдер (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез - құлықтық бұзылыстар, алкогольдік және (немесе) есірткілік тәуелділік, жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар) болған жағдайда стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтамаға қолын қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады – 3 (үш) сағат;

5) дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау;

2) дәрігермен қайтыс болғаннан кейін оның тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына тіркеу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтамаға қолын қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басуы;

4) дәрігермен көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы беру.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) дәрігер;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі бойынша сәйкестендіру жүргізеді, көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 4 немесе 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады - 15 (он бес) минут;

2) дәрігер қайтыс болғаннан кейін оның тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді - 15 (он бес) минут;

3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушының медициналық тексеру жүргізеді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 1 немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы дайындайды - 2 (екі) жұмыс күні.

Қарсы көрсетілімдер (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, алкогольдік және (немесе) есірткілік тәуелділік, жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтамаға қолын қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады – 3 (үш) сағат;

5) дәрігер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Соңғы жаңарту : 2016-07-07 15:41:14

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz