Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар

08.07.2016
15:13:49
0

16 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен бекітілген Конституциялық реформа бағдарламасын Маңғыстау облысында талқылау-ұйымдастыру шаралары туралы желілік кестесі бойынша «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония әртістері мен «Өнер» колледжінің студенттерінен құралған  «Менің елім – Мәлгілік ел!» тақырыбында домбырашылар флешмобы өтті.

1-2 наурыз күндері  Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері, сахна сайыпқыраны Бекжан Тұрыстың  "Ұлым саған айтам..." моноспектаклі өткізілді.  3 наурыз күні театр әртістерімен басты рөлде Бекжан Тұрыстың сомдауымен "Сыған серенадасы" қойылымы ұсынылды.

22 ақпан күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында күйші, сазгер Сүгір Әлиұлының 135 жылдығына арналған "Қосбасар" атты күй кеші өткізілді. Кеште Абыл тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Ақмарал Ерімбетова сынды жеке солисттер өнер көрсетті және  домбырада, жетігенде Сүгір Әлиұлының шығармалары орындалды.

23 ақпан күні М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында "Жырым қалсын жанымның ұшқынындай" атты Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеші өткізілді.Кешті жүргізу Есенбай Құлиевқа бұйырды. Кеште Фариза Оңғарсынова туралы жақсы естеліктер айтылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Кеште "Ақжарма"фольклорлық ансамблі мен жеке солистер өнер көрсетті.  Облыстық кітапхана ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

  1 наурыз күні М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің «Сыр сүлейі Әлшекей» атты концерті өткізілді. Концертте Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-спаптар оркестрінің сүйемелдеуімен  ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ерімбетова, Республикалық байқаулардың жүлдегерлері Сәбит Шектібаев, Данияр Сағынғалиұлы, Набияр Алтаев өнер көрсетті. Кешке арнайы Батыс Қазақстан облысының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Еркін Нұрымбетов келді.

02-03 наурызаралығында "ЭКСПО-2017" қарсаңында Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы мәдениет қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ерлер арасында шағын футбол бойынша және әйелдер арасында волейбол бойынша жарыстар өткізді.

12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б. облыстарынан қонақтар келді. Аудандық, облыстық өнер коллективтерінің қатысуымен келушілерге гала концерт ұйымдастырылды, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Қазақ күресінен, көкпардан, аударыспақтан, гір тасын, қой көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Жүлдегерлер Тәзіке ата ұрпақтары белгілеген ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлы мерекеге 3200 адам қатысып, 140 экскурсия жасалды.

   «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет қазақ қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облысымыздың Ақтау, Жаңа өзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарынан және Алматы қаласынан 16 шебер қатысып, өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Көрмеге 150 адам келіп, тамашалады.




























Облыс әкімі Е.Тоғжановтың 2017 жылғы 18 наурыздағы Өкімімен облыс көлемінде 20 наурыз – 20сәуір аралығындағы «Наурыз мерейі» атты облыстық қайырымдылық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес 6 сәуір күні Ақтау қалалық отбасылық үлгісіндегі «Балалар үйі» тәрбиеленушілеріне арнап, 12 сәуір күні Ақтау қалалық «Қарттар үйі» үлкендеріне арнап М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясы қайырымдылық концертін өткізсе, 10 сәуір күні  Маңғыстау  облыстық  қуыршақ  театрында «Оңалту орталығы» мен «Көру  қабілеті  нашар  балабақша балаларына»  арналған «Қазақстан-ортақ  үйіміз» спектаклі  көрсетілді. «Балалар ауылы»  бүлдіршіндеріне  «Қош  келдің, Наурыз!»  интермедиясы ұсынылып, ол жерде қазақтың  ұлттық  ойындары мен ұлттық  билерінің  куәсі  болды.




























Соңғы жаңарту : 2017-04-19 16:53:18

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz