Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

04.07.2016
11:05:33
0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында  ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Облыс әкімі  А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Е.Д. Дүзмағамбетов

«____»___________ 2016 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___»_______

№_____қаулысымен бекітілген

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қалалардың және аудандардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер учаскесіне құқықты беру туралы шешім (бұдан әрі – шешім) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 тіркелген) бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздемекөрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілінен) Стандарттың қосымшасына сәйкес өтініш болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау және оларды тіркеу – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні;

3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарау – 1 (бір) жұмыс күні;

4) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысымен (бұдан әрі – жауапты орындаушы) құжаттардың заңға сәйкестігін қарау – 10 (он) жұмыс күні;

5) комиссия қорытындысын беру – 1 (бір) жұмыс күні;

6) жауапты орындаушымен комиссия хаттамасын дайындау және жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау – 5 (бес) жұмыс күні;

7) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу –  6 (алты) жұмыс күні;

8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарау – 1 (бір) жұмыс күні;

9) көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 5 (бес) жұмыс күні.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп кеңседе тіркеу туралы белгілеу;

2) құжаттарды қарау және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысын анықтау;

3) жауапты орындаушыны анықтау;

4) құжаттарды комиссияның отырысына қарауға дайындау;

5) комиссия қорытындысын шығару;

6) комиссия хаттамасын дайындау

7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы журналдағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы;

жауапты орындаушы;

комиссия.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға орындауға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

4) жауапты орындаушы құжаттардың заңға сәйкестігін қарап,  комиссияның отырысына құжаттарды дайындайды – 10 (он) жұмыс күні немесе құжаттары толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап береді – 2 (екі) жұмыс күні;

5) комиссия қорытынды береді және жауапты орындаушыға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

6) жауапты орындаушы комиссияның қорытындысы негізінде комиссия хаттамасын дайындайды және жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;

көрсетілген мерзім жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңіне кірмейді;

7) жауапты орындаушы жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 6 (алты) жұмыс күні;

8) көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді – 1 (бір) жұмыс күні;

9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 5 (бес) жұмыс күні.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Соңғы жаңарту : 2016-07-04 11:05:33

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz