Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

16.08.2016
12:56:49
0

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының   4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А.Айдарбаев

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «____» _________

№________қаулысымен

бекітілген

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1. Осы «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының  4-тармағына сәйкес әзірленген және «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - Куәлік) мемлекеттік саяси, әкімшілік қызметшілерге «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – аппарат), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарында атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

3. Куәлік белгіленген тәртіппен:

1) облыс әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, аппарат басшысының орынбасарларына, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың басшыларына, облыс әкімі тағайындайтын аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – облыс әкімінің;

2) аппарат басшысы тағайындайтын аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне –аппарат басшысының;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган басшысының қолы қойылып беріледі.

4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті актінің (бұйрықтың, өкімнің) шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген куәлік қайтарылып алынады.

7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, жауапты құрылымдық бөлімше жүргізеді.

8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда тиісті кадр қызметіне немесе жауапты құрылымдық бөлімшеге хабарлайды.

9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні тиісті кадр қызметі белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

10. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік қызметкердің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

11. Көк түсті жасанды былғарыдан жасалған куәліктің сыртқы бетінде ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және төменде мемлекеттік тілде «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» деген, ал облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарда облыстық атқарушы органның мемлекеттік тілде атауы көрсетілген типографиялық шрифттегі жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x190 миллиметр, ішбеті (форматы 62x88 миллиметр) бар. Ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Жоғары бөлігінде екі жағынан да «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ», «АКИМАТ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ», ал облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарда облыстық атқарушы органның ресми атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады. Одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған. Сол жағында фотосуретке арналған орын бар (3х4 см өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі мен «Куәлік» деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Елтаңбаның төменгі жағында сары түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі тиісті мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

12. Куәліктер тиісті басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық  атқарушы органдарының қызметтік

куәлігін беру қағидалары және

оның сипаттамасына

1-қосымша

  Нысан 

Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы


Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына


2-қосымша

Нысан

Ұйымның атауы

АКТІ

  __________________   __________________  № ________________
   жасалу орны   күні


Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 5-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:

Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:

Лауазымның атауы            Қолы

Лауазымның атауы            Қолы

Лауазымның атауы            Қолы



Соңғы жаңарту : 2016-08-16 12:56:49

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz