Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

17.08.2016
10:56:35
0

№ исх: 05-09/1302  от: 16.08.2016

ҚАУЛЫ


Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

2014 жылғы 9 маусымдағы № 142 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2477 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 шілдеде жарияланған);

2015 жылғы 18 ақпандағы № 26 «Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2015 жылы 4 сәуірде жарияланған).

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Б. Ерсайынұлы

«23»  маусым   2016 ж.


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы « 23 » _маусым___

187 қаулысымен

бекітілген


«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12933 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы –  30 минут;

3) көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының құжаттарды қабылдауы және жиынтық тізілімін қалыптастыруы - 2 (екі) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жиынтық тізілімді қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөліміне жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің ақы төлеуге төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын қалыптастыруы және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынуы - 2 (екі) жұмыс күні.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) өтінімді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтінімнің көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жиынтық тізілімді бекітуге жолдау;

4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жиынтық тізілімге қол қоюы;

5) ақы төлеуге төлем шоттарының тізілімі және төлем шоттары.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімі.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алу үшін ай сайынғы өтінімдерді қабылдаудың кезеңі туралы хабарландыру орналастырады;

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасында қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі өтінімнің көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі растайды және өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды - 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және оларды жиынтық тізілімді жасақтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырғаннан кейін, жиынтық тізілімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жиынтық тізілімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөліміне береді – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімі ақы төлеуге төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі (заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаға – нотариалды сенімхат бойынша) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көзделген қажетті құжаттарды ұсынады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне қабылдау және беру күні кірмейді.

11. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

12. Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қаматамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

13. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібі осы «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


«Ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша




Соңғы жаңарту : 2016-08-17 10:56:35

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz