Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

17.08.2016
17:43:16
0

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының  2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13961 болып тіркеген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы  31 шілдедегі № 230 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2803 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сараптамалық жұмыстарды мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тараудың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады  және қызметтік тізіммен бірге анықтама дайындайды және одан әрі аттестаттау комиссиясына қарау үшін жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;»;

3-тараудың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) аттестаттау комиссиясы материалдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 бұйрығымен  бекітіліген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына» (бұдан әрі – қағидалар) біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің  қағидалардың талаптарына сәйкестігіне аттестаттау комиссиясы қарауының қорытындысы бойынша хаттаманы бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні;»;

2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (Б.К.Әбілов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т.Алдашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы  ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс  әкімі  А.Айдарбаев




«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының  мемлекеттік 

сәулет-құрылыс бақылауы  басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________Б.Әбілов

«___»___________2016 ж.



Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы  «___»_____________  №___ қаулысына

1-қосымша

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында

сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін

қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша





Соңғы жаңарту : 2016-08-17 17:43:16

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz