Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2016 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы жөнінде АҚПАРАТ

29.08.2016
11:32:23
0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы  № 986 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді.

Стратегия Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты және мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;

қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;

елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

Стратегияның міндеттері:

  мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

  қоғамдық бақылау институтын енгізу;

  квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-  қимыл;

  соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру;

  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша   халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

  Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясының   мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

  Стратегияны басшылыққа ала отырып және оны іске асыру мақсатында Республика деңгейінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  14 сәуіріндегі № 234 қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілсе, Маңғыстау облысында облыс әкімдігінің 2015 жылдың 29 қыркүйегіндегі № 297қаулысымен «Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Жоспары аясында қалалар мен аудандар әкімдіктеріне және өзге де мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Осы ретте жыл басынан бері  Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментімен,  Маңғыстау облысы әкімі аппаратымен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның аталған органдардың қызметтерінде, сондай-ақ, қоғамда орын алуына жол бермеу бағытында жыл сайын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын орындау мақсатында, бірқатар шаралар өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Маңғыстау облысындағы Жоспарды орындау мақсатында қалалар мен аудандар әкімдіктерінен, облыстық жергілікті атқарушы органдар мен өзге де Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі органдардан Жоспардың орындалысы жөнінде тиісті ақпарат жинақталып құзырлы мемлекеттік органдарға ұсынылуда.

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 1.(5) тармағына сәйкес қалалар мен аудандар әкімдіктерінің және облыстың жергілікті атқарушы органдарыныңинтернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Көрсетілген тармақты орындау мақсатында қазіргі таңда  26 мемлекеттік органның ресми сайттарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Жоспардың орындалысы бойынша есептері орналастырылған.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша әр түрлі іс-шаралар (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.) өткізілуде. Атап айтар болсақ 2016 жылдың бірінші жартыжылдық жағдайы бойынша Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаментімен :

3983 тыңдаушы (оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судялар, квазимемлекеттік субъектілер, бизнес құрылымдар, діни және этномәдени бірлестіктер, студент жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері де бар) қатысқан 133 лекция;

1765 қатысушы қамтылған 36 конференция мен дөңгелек үстелдер;

7-пресс-конферения мен брифингтер және білім беру ұйымдарында сныптан тыс 2 іс-шара өткізілді.

Сонымен бірге 4-авторлық мақала, 7-радиобағдарлама, 66-телесюжет ұйымдастырылды.

Интернетте 48, баспа басылымдарында-100 публикациялар жарияланды.

Бұдан басқа облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 36 баннерлер және 106-ақпараттық стендтер орнатылды.

Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр түрлі мәдени іс-шаралар да өткізілуде.

Соның көрінісі ретінде ағымдағы жылы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық драма театрында театрландырылған 2 қойылым көрсетілді.

Жоспардың 27-тармағына сәйкес «Өзіңнен баста» атты акциясының өткізілуі көзделген.

Осыған баланысты Маңғыстау облысының мемлекеттік қызмет істері депаратментінің мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында БАҚ-да мемлекеттік қызметкерлердің жеке табысы мен мүлкін жариялау мақсатында  «Өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акицяға 200-ден астам мемлекеттік қызметшілер оның ішінде мемлекеттік мекеме басшылары да қатысты. Олардың жеке табыстары мен мүліктері туралы мәліметтер облыстық баспа басылымдарында жарияланды.  Акция ағымдағы жылдың шілде айының 1-не дейін созылды.

Бұдан басқа 2015 жылдың 18-ші желтоқсан күні «Алтын қалам» байқауының аясында сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске үлес қосқан БАҚ өкілдерін марапаттау ұйымдастырылды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде баспа басылымдарында арнайы айдарлар ашылды.

Мысалға: «Маңғыстау» газетінде «Адам.Қоғам.Заң» айдары, «Огни Мангистау газетінде» «Закон и право», «Ақкетік арайы» газетінде «Сыбайластыққа жол жоқ», «Рауан газетінде» Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Мұнайлы газетінде» «Ресми бөлім», «Жаңа өмір» газетінде  «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жаңаөзен газетінде» «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» айдарлары.

Нәтижесінде баспа басылымдарында 110 астам мақала, электронды БАҚ-да 130 астам сюжет, интернет сайттарда 120 материал жарияланды.

Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарна эфирінде «Корупция», «Адалдық пен сатылмаушылық әрбір азаматтың мінез-құлық нормасына айналуы тиіс» атты бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастрылды.

Аталған шаралар облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында атқарылды.

Сонымен бірге облыс әкімі жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның қызмет ететіндігін атап өткіміз келеді.

Аталған Комиссия атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы  28 ақпанындағы № 141 қаулысымен құрылып, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/75 шешімімен бекітілген.

Ағымдағы жылдың 13 мамырында облыс әкімі А. Айдарбаевтың төрағалығымен жоғарыда айтылған Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссиясының отырысы өткізілді.

 

Соңғы жаңарту : 2016-08-29 11:32:23

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz