Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Маңғыстау облысында ұстаздар мерекесі тойланды

06.10.2016
17:07:15
0

Бүгін Маңғыстау облысында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысының орынбасары Бану Нұрғазиева мен облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов үздік ұстаздарды облыс әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

- Ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан барша мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын. Аймағымызда өз мамандығына деген қайтпас қайсарлығы мен еңбекқорлығы арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, биік беделге ие болып жүрген ұстаздар мол. Бұл еңбектердің жемісі – қоғамның ең маңызды жетістіктерінің бірі деп білемін. Біздің алдымыздағы басты міндет – жас ұрпақтың жан-жақты білім мен тәрбие алуына лайықты жағдай жасау. Мәселен, биылғы жылы облысымыздың білім саласына жергілікті бюджеттен 48 млн.-ға жуық теңге бөлінді, - деді облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

Биылғы дәстүрлі мұғалімдер күні мерекесін білім саласы қызметкерлері өзіндік жетістіктерімен қарсы алып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай алған Жаңаөзен мектеп гимназиясы «Орта білім беретін үздік ұйым» болып табылып, мектеп директоры Зина Ноғайқызына 18 287 200 теңгелік сертификат табыс етілді. Мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында жыл сайын өткізілетін «Үздік мемлекеттік тілдің мұғалімі» конкурсының жеңімпазы болып Түпқараған ауданының Горький атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі Айнұр Қайырмұханқызы танылды. Жеңімпазға 300 мың теңгелік облыс әкімі атындағы білім гранты табысталды.

Аса жауапты мамандық ұстаздар қауымының ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне ерекше тоқталып, бір топ мұғалімдерге Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері», «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін табыс етті. Сонымен бірге, «Үздік мұғалім» республикалық конкурсының үш жеңімпазы 2 миллион теңге көлеміндегі білім грантымен марапатталды.

Ұстаз – ұрпақ тәрбиесіндегі ең ұлық қызмет. Аймақта әулетімен ұстаздық қызметті таңдап, ұстаздар династиясын құрған отбасылар қатары да аз емес. Солардың бірі – Жұмахановтар отбасына 100 мың теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Маңғыстау ауданының тұрғыны, отағасы Жұмаханов Мырзабайдың жұмыс өтілі – 45 жыл. Шаңырағында бес мұғалімді тәрбиелеп шығарған ардақты әке. Екі ағасы мен келіндері де білім саласының қызметкерлері.

Педагогтар отбасын насихаттау және әлеуметтік қолдау мақсатында облыста жыл сайын «Үздік педагог отбасы» сайысы өткізіліп тұрады. Биылғы жылдың жеңімпазы болып – Мұнайлы ауданы № 12 орта мектептің директоры Қайрат Титанов атанды. Ал, еліміздің тәуелсіздік алған жылы бас қосып, отау құрған ұстаздар облыстық білім басқармасы тарапынан марапатталды. Сонымен бірге, мұғалімдер күні мерекесіне орай республикалық «Ұстаздар отбасы – тәуелсіздікпен құрдас» акциясы жарияланған болатын. Маңғыстау өңірінен аталмыш шараға Бейнеу ауданындағы Ережеповтер отбасысы қатысып келді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Соңғы жаңарту : 2016-10-06 17:07:15

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz